24
жүремін. Қалайша әлі ӛтей алмаймын?» деп таңданысын білдіргенде Хаз.Ӛмер «Бұл айтқан
нәрселеріңді анаң сен үшін де жасады. Бірақ, ол бұлардың барлығын жасаған кезде сенің
аман−есен ӛсіп, жетілуің үшін жасады. Ал, сен болсаң сен анаңа қызмет еткен кезде оның
қашан ӛлетінін ойлап тұрсың!» дейді.
***
Хаз.Ӛмер (радиаллаһу анх) анасын арқалап жүріп Қағбаны тауап еткізіп жүрген бір
адамды кӛреді. Әлгі адам «Мен анамды арқалап жүрмін. Бірақ, шындығында жүк тасыған
нағыз сол. Ӛйткені, маған ақ сүтін беріп асырады» деп бір нәрселерді айтып жүреді. Мұны
кӛрген Хаз.Ӛмер (радиаллаһу анх) «Мына адамның жасаған игі әрекетін кӛргенде анамның
менің мойнымдағы ақысын жақсырақ түсіндім. Мына адамның жасаған жақсылығын ӛз
анама жасау маған дүние−мүлікті (қызыл түйелі) болудан артық болар еді» деген.
Хаз.Ӛмер бұл оқиғада ӛзінің анасына деген сағынышын білдіреді. Егер анасы тірі
болса түйе секілді анасын арқалап жүргісі келетінін білдіреді. Бұл әрекетінің орнына қазіргі
ең жақсы автомобильдер ұсынылса ол бәрібір анасын ӛзі арқалауды қалайтынын меңзейді.
***
Әбу Нәуфел жеткізеді:
«Бір күні бір адам Хаз.Ӛмердің (радиаллаһу анх) жанына келіп, адам ӛлтіріп, қылмыс
жасағанын айтады.
Хаз.Ӛмер «Әттеген−ай! Оны әдейі жасадың ба, әлде қателікпен бе?» деп сұрайды.
Әлгі адам қателікпен жасағанын айтқанда Хаз.Ӛмер (радиаллаһу анх) оның ата−анасы
туралы сұрайды. Әкесінің тірі екенін білген соң Хаз.Ӛмер оған былай дейді: «Тез бар да,
әкеңе қызмет ет. Оны разы ету үшін қолыңнан келгеннің бәрін жаса».
Сосын Хаз.Ӛмер (радиаллаһу анх) сӛзін былай жалғастырады: «Аллаһқа ант етіп
айтамын, егер анасы тірі болып, соған қызмет етсе, бұл адамды
мәңгілікке тозақ отының
жұтпайтындығынан үміттенер едім».
***
Ата−анаға жақсылық жасау да адамды жұмаққа апаратын пырақ қызметін атқарады.
Жұмаққа қол жеткізу және оған жету үшін мүмін болу және ата−анамыздың кӛңілінен
шығуымыз керек. Егер олар бізге разы болмаса жұмаққа алғаш кіретіндердің арасынан
табылмау сияқты қауіп бар деген сӛз. Ӛйткені, олардың ризалығын алу Аллаһтың
ризалығын алу деген сӛз. Олардың кӛңілдерін қалдыру Хақ Тағаланы ренжітумен тең.
Мүміндердің анасы Хаз.Айшаның (радиаллаһу анха) жеткізген бір риуаятында
пайғамбарымыз түсінде жұмаққа кіргенін кӛреді және сол жерден Құранның даусын естиді.
25
Пайғамбарымыз жұмақтағылардан «Бұл кім?» деп сұрағанда «Харисе Бин Нуман» деген
жауап алады.
Бұл сахаба −
әнсарлардың бірі ретінде Бәдір, Ухуд, Хендек соғыстарынан бастап
барлық соғыстарға қатысқан сахаба. Сахабалардың алдыңғы қатарлы парасатты
тұлғаларының бірі. Барлық осындай жақсы сипаттарына қарамастан пайғамбарымыз осы
кӛрген түсінен кейін оның жұмаққа кіру себебін былай түсіндірген:
«Міне, ата−анаға жақсылық жасауды қайтарымы осы».
Пайғамбарымыз осы сӛйлемді үш
рет қайталап, «Ӛйткені, Харисе анасын қатты
құрметтейтін, ол дегенде жанын беретін»
33
деген.
Міне, пайғамбарымыздан алынған жұмақтың кілттерінің бірінің қайда екендігіне
ишара. Жұмаққа барғымыз келсе үйіміздегі ата−анамызға жақсы қарайық,
олар бізді
жұмаққа қарай алып барсын.
Сұрақтар
1.
Ата−анамызға «уф» деп те айтпау керектігі туралы Құранда қай сүреде айтылады?
2.
Аятта балалардың ата−анасына жақсы сӛздер айту керектігі бұйырылады. Сондай−ақ,
ата−анасы үшін .................................... .................................... деп дұға етуі талап етіледі.
3.
Ата−анада Аллаһтың ең кӛп қай есімінің кӛрінісі байқалады?
А) Желил ә) Мүтекеббир б) Рахман және рахим в) Жемил
4. Пайғамбарымыз ата−анасына құрмет етуін қалаған сахаба кім?
А) Хаз.Әбу Бәкір ә) Хаз.Харисе
б) Хаз.Есма
в) Хаз.Жабир
5. Ата−анасына жақсылық жасағанына байланысты пайғамбарымыз жұмақта Құран оқып
отырғанын кӛрген сахаба кім?
А) Харисе Бин Нуман
ә) Али Бин Әбу Талиб
б) Әбу Хурайра
в) Зейд Бин Харисе
6. Ата−ана борышының ӛтелмейтінін айтқан пайғамбарымыз әке борышын қалай ӛтеуге
болатынын қалай білдірген?
7. «Аллаһқа жақындап оның сүйген құлдарының қатарына кіру үшін анаға жақсылық жасау
және оның ризалығын алудан асқан ешнәрсе білмеймін» деп ата−ананың ақысының
маңызын кӛрсеткен сахаба кім?
А) Абдуллах Бин Ӛмер ә)
Абдуллах Бин Амр
б) Абдуллах Бин Месуд в) Абдуллах Бин Аббас
33
Ебу Яла, Ел М
ү
снед 7\399; Ен Несаи, Ес С
ү
ненул Кубра, 5\65