18
Ханбели мезхебінің имамы Ахмет Ибн Ханбелдің
баласы Абдуррахман әкесінен
былай жеткізеді: Бір күні бір әйел Махлед Ибн Хусейннің жанына барып баласының
гректерге тұтқынға түскенін айтады. Баласын тұтқыннан босату үшін тӛлемақы беру керек.
Бірақ, әйел ӛте кедей болғандықтан оны тӛлейтін мүмкіндігі жоқ.
Әйел Махлед Ибн
Хусейннен осы ақшаны бере алатын бір адам табуды сұрайды. Әйел баласын уайымдап,
ішіп−жеуден де қалады. Махлед Ибн Хусейннің анаға да, балаға да кӛмектесуі керек
болады.
Махлед Ибн Хусейн біраз үнсіз күтеді.
Раббыға жалбарынып, дұға тілейді. Баласы
үшүн анасы да үздіксіз дұға етумен болады.
Бірнеше күннен кейін алдынан әлгі әйел баласы екеуі шыға келеді. Әйел Махлед Ибн
Хусейнге барып, оған рахметін жаудырады. Ӛйткені, баласы тұтқыннан босаған екен.
Баласының бастан кешіргендерін Махледке айтып беруін сұрайды. Баласы: «Бір топ
тұтқынмен бірге грек еліне тұтқынға түстік. Кешке күн батқаннан кейін тұтқындармен бірге
жұмыс істейтін жерімізден зынданға қайтып бара жатқанбыз.
Бірден аяғымдағы кісен
шешіліп жерге түсті». Жігіт болған оқиғаны айтып отырып, сол болған күн мен сағатты да
Махледке айтады. Оның бұл айтқан уақыты анасының Махледке келіп, екеуінің ол үшін
жасаған дұғаларының уақытына дәл келетін еді.
Жігіт ары қарай жалғастырады: «Басымыздағы қызметкер кісеннің шешілгенін кӛріп,
маған «Кісенді сындырдың ба?» деді. Мен «Жоқ, ӛзі шешілді» дедім. Ол
таң қалып,
жолдасын шақырып, оған да айтты. Сосын темір ұсталарын шақырып, кісенді жӛндетіп,
аяғыма қайта салды. Бірнеше адым басқаннан кейін кісен тағы да шешіліп жерге түсті. Олар
бұл
жағдайға қатты таңданып, бұл жағдай туралы сұрау үшін дінбасыларды шақырды.
Дінбасылар келіп маған «Анаң тірі ме?» деп сұрады. Мен «Иә, анам тірі» дедім. Сонда олар
«Анасының дұғалары қабыл болыпты, кісендер құлыптанбайды» деп, мені босатты.
Жолыма
азық салып беріп, жаңа киімдер берді. Сӛйтіп, мені мұсылмандар тұратын жерге
дейін жеткізіп тастады».
(Міне, болған оқиға. Осы сияқты дұғасы қабыл болған мыңдаған ата−ана бар.
Пайғамбарымыз ата−ананың дұғасының Аллаһқа еш
кедергісіз жететінін айтса, бұл
дұғаның жүзеге асатынын кӛп кӛреміз деген сӛз. Сондықтан да аналарымыздың,
әкелеріміздің батасын алуымыз керек. Барлық істі бастарда олардың дұғасын арқамызға жүк
етіп арқалайық, Аллаһ істерімізді оңғарсын).
Достарыңызбен бөлісу: