Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ата−анасын риза еткен адамның дұғасы қабыл болады



Pdf көрінісі
бет10/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Ата−анасын риза еткен адамның дұғасы қабыл болады 
Хаз.Ӛмердің баласы Абдуллаһтың (радиаллаһу анх) жеткізуі бойынша 
пайғамбарымыз бұрынғы ӛткен үмбеттерден үш адамның басынан ӛткен оқиғаны оларға 
айтып беріп, сол арқылы ӛнегелі сабақ берген: 
«Бұрынғы заманда үш адам жолға шығады. Кеш батқан соң олар түнеу үшін бір 
үңгірді паналайды. Бір кезде таудан түскен бір тас домалап келіп, үңгірдің аузын жауып 
қалады. Олар ӛз араларында: «Бізді бұл тастан істеген ізгі істеріміздіді айтып, Аллаһқа 
жасайтын дұғамыз ғана құтқаруы мүмкін» дейді. Сӛйтіп, біріншісі былай дейді: «Менің кәрі 
ата−анам бар болатын. Мен оларға жақсы қарап, олардан бұрын отбасыма да, малыма да 
тамақ жегізген жоқпын. Бір күні ағаш іздеу үшін алысқа баруым керек болды. Үйге келсем 
екеуі де жатып қалыпты. Малдарды саудым, олар тұрған жоқ. Олардан бұрын отбасым мен 
малдарыма беруді дұрыс кӛрмедім, бірақ оятуға олардың ұйқысын да қимадым. Мен 
кешіккендіктен балаларым аяғыма оратыла бастады. Мен болсам сүт толы ыдысымды ұстап 
олардың оянғанын күтіп тұрмын. Сол кезде таң да атты. «Аллаһым! Мұны Сенің ризалығың 
үшін жасағанымды білсең біздің жолымызды жапқан мына тастан бізді құтқар! деді. Тас 
кішкене ашылады, бірақ шығатындай мӛлшерде емес еді.
Екінші адам былай дейді: «Аллаһым! Менің кӛкемнің бір қызы бар еді. Оны қатты 
жақсы кӛретінмін. Оған кӛңілім ауды. Бірақ, оның кӛңілі менде болмады. Бір күні ол 
жоқшылыққа ұшырап, маған жүгінуге мәжбүр болды. Оған менімен кӛңіл жарастыруы 
шартымен жүз жиырма динар бердім, ол қабылдады. Қалауымды орындар кезде «Аллаһтың 
мӛрін заңсыз түрде бұзу саған харам» деді. Содан мен онымен байланыс жасаудан бас 
тартып, оны жақсы кӛре тұра, оны тастап кеттім, берген алтындарымды қайтарып алмадым. 
Аллаһым! Егер осыларды Сенің разылығың үшін жасаған болсам бізді осы қиындықтан 
құтқар» дейді. Тас тағы да біраз ашылады. Бірақ, олар ӛтетіндей емес еді.
18
Қ
ара
ң
ыз: Несаи, Жихад 6 


16 
Үшінші адам «Аллаһым! Мен қызметшілерге жұмыс істеттім. Еңбекақыларын да 
уақытылы беріп тұрдым. Алайда, біреуі ақысын алмай кетіп қалды. Мен оның ақшасын іске 
қосып, пайда таптым. Малы кӛбейді. Ол бірнеше жылдан кейін келіп, «Ей, Аллаһтың құлы! 
Маған қарызыңды тӛле» деді. Мен «Мына кӛріп тұрған сиыр, түйе, күңдердің барлығы 
сенікі. Осылардың бәрін ал!» дедім. Әлгі адам «Мені мазақ етпе!» деді. Мен тағы да «Мен 
сенімен ойнап отырған жоқпын. Барлығын ал» деп қайталадым. Ол бәрін алып, кетті. 
Аллаһым! Егер осыны Сенің разылығың үшін жасаған болсам, бізді мына жағдайдан 
құтқар» дейді. Сол кезде тас ашылып, олар ӛз жӛндерімен кетеді.
Иә, хадистен байқап отырғанымыздай шарасыз қалған үш адам ӛздерінің жасаған 
шынайы істерін айтып, Аллаһқа жалбарынған, Аллаһ та оларды құтқарған. Әрқайсысының 
да жасаған әрекеттері ӛте игі, ізгі әрекеттер. Әсіресе, тақырыбымызға қатысты мысалдан 
алатын ӛнегеміз мынада, ата−анаға қызмет ету, оларды риза ету адам қиын жағдайда қалған 
кезде бір кӛмек ретінде қайтарылатындығын кӛреміз. Ата−анасына қызмет еткен, оларды ӛз 
балаларынан артық кӛрген адамның жасаған дұғасын Аллаһ қабыл етіп, оның үңгірден 
шығуына себеп болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет