Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Ата−ана алдындағы борыш ӛтелмейді



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Ата−ана алдындағы борыш ӛтелмейді 
Жоғарыда да айтқанымыздай бала ата−анасының алдында борышты. Ол борыш 
ешқашан ӛтелмейді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) «Ешқандай бала әкесінің 
алдындағы борышын әкесін құл кезінде тауып сатып алуы және оны азат етуінен басқа 
жағдайда ӛтей алмайды»
10
деп кӛрсетеді.
Пайғамбарымыз ананың баласына деген жанқиярлық еңбегін кӛптеген хадистерінде 
айтып ӛтеді. Хаз.Әбу Хурайраның айтуы бойынша бір күні пайғамбарымызға бір адам 
келіп, «Ең кӛп кімнің қасында болып, уақыт ӛткізуім керек?» деп сұрағанда Ол «Анаңның» 
8
Али Демирел, Заман аилем журналы, 111−саны 14-15-б 
9
Б
ұ
хари, Хибе 28, Едеб 8; М
ү
слим, Зекат 50 (1003); 
Ә
бу Д
ә
уіт, Зекет 34, (1668) 
10
М
ү
слим, Ытк 25; 
Ә
бу Д
ә
уіт, Едеп, 129; Тирмизи, Бирр, 8; Ибн Маже, Едеп, 1 


12 
дейді. Сахаба сосын бұл сұрақты пайғамбарымызға үш рет қайталап қояды. Ол бәріне де сол 
жауапты береді. Тек тӛртінші рет сұрағанда «Әкеңнің»деп жауап береді
11
. Аллаһ расулы 
бұл сӛзі арқылы ананың ақысының әкеден әрдайым алда тұратынын кӛрсеткен.
М.Фетхуллах Гүлен Хожаефенди «Ана» деп аталатын мақаласында оның шексіз 
мейірімін былай суреттейді: ... Ойлап қараңдар: біз үшін олар қаншалықты ұзын дайындық 
кезеңінен ӛтті. Қаншама асулардан ӛтті. Қаншама оқиғаларға душар болып, небір 
үмітсіздіктерге салынып, кӛңілдерін кірбің басты. Небір қиындышылықтар кӛріп, ұаншама 
азаптар шекті. Қаншама рет қынжыла жылап, қаншама адамды жұбатты. Қаншама рет 
мейірімін тӛгіп, қаншама рет мейірімге мұқтаж болды. Біз үшін қаншама құнды нәрселер 
жұмсап, қаншама тер тӛкті. Қаншама нәрсесін сарп етсе де, одан ӛзі ештеңе күтпеді.
Иә, бізді ӛміріміздің барлық кезеңінде құшағына басып, мейірлене иіскеген, 
қайғы−мұңымызға ортақтасқан, ӛзі жемесе де бізге жегізіп, ӛзі кимесе де бізге кигізген, 
біздің бақытымыз үшін небір қиындықтарға шыдап баққан, бізге ӛсіп−жетілуіміз, тұлға 
ретінде қалыптасуымыз, ой−ӛрісіміздің жетілуінің жолдарын кӛрсеткен, бұл жолда ӛзі үшін 
ештеңе де күтпеген бір болмыс бар болса, ол −ана»
12

Ата−ана − балаларының дүниеге келуіндегі бір себепші. Хақ Тағала ол балаларды 
«Адам неден жаратылғанына қарасын! (Ол су) арқа мен кеуде қуысы арасынан шығады»
13
деген аятта айтылғанындай оларды бір құрал етіп жаратқан. Сондықтан да олардың дүниеге 
келуінің себебі болғандығына байланысты олардың балалары алдында міндеті бар. Яғни, 
ата−ана материалдық әлемде ӛлі кезінде пайда етеді, белгілі сатылардан кейін жандану 
жолына бағыттап, тұтқын сипатындағы балаларын азаттыққа қауыштырады.
Иә, ата−ананың борышы ешқашан ӛтелмейді. Ӛйткені, «Адам ӛте кішкентай бір 
жанды нәрсе кезінен бастап әрдайым ата−ананың иығында, солардың жүгі болады. Бұл 
жерде ата−ананың балаларына деген мейірімін де, олардың шеккен қиындықтарын да санап 
білу мүмкін емес. Сондықтан да оларға құрмет кӛрсету −адамдық борыш және міндет»
14
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет