Екінші бӛлім
Ата-ананың алдындағы борыш
«Әке (басқа бір риуаятта ана) − жұмақтың орталық есігі. Қаласаң бұл есікті жоғалт,
қаласаң сақта»
4
.
Жарық дүниеге келуімізге себепші болған ата-аналарымыз біздің ӛміріміздің қайнар-
кӛздері болып табылады. Әлсіз болмыста жаратылған әрбір адам Раббымыздың
рақымдылығымен, ата-анасының сол кең шапағаты мен мейірімге толы кеудесінде ӛмірге
қадам басады. Белгілі бір жасқа дейін олар біз үшін әр түрлі жомарт әрекеттерге барады. Ӛзі
жемесе де баласына жегізеді, ӛзі кимесе де баласына кигізеді. Балалары үшін әр түрлі
қиындықтарға қарсы кеудесін тосады. Олар − біздің алғашқы жол кӛрсетушілеріміз.
Ата-ана − адамның ең алдымен құрметтеуі керек ең маңызды екі қасиетті болмысы.
Исламның ата-анаға беретін орны ӛте маңызды. Алайда, қазіргі кезде құлдырауға ұшыраған
кӛптеген құндылықтар секілді ата-анаға деген құрмет те құлдырап кетті. Ата-
аналарымыздың алдындағы борышымызды не істесек те ӛтей алмаймыз, ал қазір олар бір
жүк болып қабылдануда.
Алайда, Раббымыз ата-анаға үлкен мән берген. Хақ Тағала қатты бағалаған осы екі
маңызды болмысты баланың құрметтемеуі – бақытсыздықтың нағыз ӛзі. Тақырыбымызды
бір аятпен ашуға тырысып кӛрейік:
«Раббыларың тек ӛзіне құлшылық жасауларыңды, ата-аналарыңа жақсы
қарауларыңды нақты түрде бұйырды. Олардың бірі немесе екеуі сенің жаныңда қартайса,
оларға «үф» те деме, екеуіне де жақсы сӛз айт. Оларға мейірімділікпен кішіпейілділік
танытып, «Раббым! Кішкентай кезімде олар мені қалай ӛсірсе, қазір Сен де оларға солай
мейірімділік таныт!» деп дұға ет»
5
.
Аятта Аллаһ (жәллә жәләлуһ) құлдарына ата-аналарымен жақсы қарым-қатынас
жасауды бұйырады. Бұл жерде пайғамбарға сену туралы да айтылмаған, Аллаһқа құлшылық
жасау мәселесінен кейін ата-анаға жақсы қарау мәселесі айтылған. Яғни, ғибадат Аллаһқа,
ал жақсылық ата-анаға жасалады.
Аятта «Олардың бірі немесе екеуі де сенің қасыңда қартайса» делінеді. Бұл жерде
«Бұлай делінуінің себебі не?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа былай жауап
4
Тирмизи, Бирр 3; Ахмет Бин Ханбел,
Ә
л М
ү
снед 5\197
5
Исра, 17\23-24
9
беруге болады: Әуелі аяттың ең басында ата-анаға жақсы қарым-қатынас жасаудың
маңызды екендігі білдіріледі. Бұл жерде қартайған сайын ата-анаға жасалатын
жақсылықтың бағасының арта түсетіндігі айтылады.
Он, жиырма, отыз, қырық, тіпті елу жыл бірге ӛмір сүрген бұл жұптардың бірі
жалғыз қалғанда ӛмірлік жолдасынан айрылуы оның ішкі дүниесінде үлкен толқыныс
тудырады. Ӛмірлерін бақыт пен тыныштықта ӛткізген адамдардың кӛбінесе ӛмірлік
жолдастарының қабірінің басында жылап отырғанын кӛреміз. Енді бұл қайғының орнын
толтыру балаларының міндеті. Жолдастарының біртіндеп о дүниеге аттануы және әр кеткен
адамның оның есіне ӛлімді түсіруімен бірге ӛмірлік сыңарынан да айрылуы оған қатты әсер
етіп, рухында жалғызсырау сезімі пайда болады.
Мұндай қайғыны сейілтуге оның балалары кӛмектесе алады. Сол үшін де Құран осы
аятта олардың екеуіне де немесе екеуінің бірі жалғыз қалған кезде жақсы қарым−қатынас
жасауды бұйырады.
Құранның бұл жерде қолданған «жақсылық» сӛзі ӛте маңызды. Бұл ұғым сонымен
қатар «Хақты кӛріп тұрғандай құлшылық жасау» деген мағынаға да келеді. Сондықтан
балалары ата−аналарына жақсылық жасаған кезде Аллаһ кӛріп тұрғандай әрекет етулері
керек. Олардың тек біреуі ғана емес, екеуі де балаларының қамқорлығына мұқтаж жағдайға
тап болуы мүмкін. Олар бір кездері бір−біріне жұбаныш болуы мүмкін, бірақ жұмыс істей
алмайды. Бала екеуіне де қарауға мәжбүр. Олай болса бір жағынан екеуінің болуы бала
үшін қиындық және шығын, екінші жағынан бірінің ӛмірден озып, екіншісінің жалғыз
қалуы олар үшін қайғы, мұң болады.
Құран қатқылдау дауыспен аяттың жалғасында «Оларға «уф» та деме!» деп
бұйырады. Осы сӛз арқылы оларға қарсы кӛрсетілетін ең кішкентай әрекеттің мӛлшері
белгіленіп, ең үлкен әрекеттің жасалуына шектеу қойылады. Мысалы, ата−ананың бірінің
бір оң ұсынысына баласы ештеңе айтпаса, тек «Уф, бір» десе ол осы сӛзінің ӛзімен−ақ талай
нәрсені құртқан болып саналады. Ата−анаға қол кӛтеруге, оларды балағаттауға, қандай
себеппен болса да қайғыға салуға болмайды. Керісінше, оларға жақсылап қарап, мейірімге
мұқтаж болатын қартайған шақтарында сүйіспеншілік пен махаббатқа бӛлеп, кӛңілдерін
аулау керек.
Аяттың жалғасында «Оларға ұрыспа, олармен және олардың қасында сӛйлеген кезде
қатты сӛйлеме» деп бұйырылады.
Құран Кәрім осыдан кейін «Екеуіне де жақсы сӛздер айт, яғни «жақсылық пен
әсемдікке құштар жандар қалай әрекет жасайтын болса, солай әрекет жаса» деп баланың
ата−анасына қалай әрекет жасау керектігін кӛрсетеді.
10
Құран одан кейін «Оларға мейірім−шапағатпен, кішіпейілдікпен қара» дегеннен соң
«Және: «Раббым! Кішкентай кезімде олар мені қалай ӛсірсе, енді Сен де оларға сондай
рақымдылықпен қара» деп дұға ет» дейді. Хаз.Ибрахим (алейһисселам) «Ей, Раббымыз!
Әрекеттер есепке тартылатын күні мені, ата−анамды және мүміндерді кешір!»
6
деп дұға
еткен.
Аяттағы «Кішкентай кезімде олар мені қалай ӛсірсе» деген сӛз арқылы адамның
дүниеге алғаш келуі назарға ұсынылады және балаға кішкентай кезінде ата−анасының оны
тәрбиелегені, оны арқалап, кӛтергені, ол үшін алаңдап, ол үшін үй, кӛлік, мамандық және
бақытты болашақпен қамтамасыз ету деген сияқты істермен ӛмірлерін ӛткізгендіктері
ескертіліп, ал оның жасауы керек нәрсе тек бір алғыс айту екені кӛрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |