Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы



Pdf көрінісі
бет18/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

2.
 
Хадис шәріптерде дос және жолдас 
Хадистерге қараған кезімізде пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәссәлләм) 
достық пен жолдастыққа үлкен мән беретінін кӛреміз.
Мүміннің бір бауырымен достығы ризалықтың негізінде құрылуы керек. Яғни, ол 
Аллаһ үшін бауырын сүйеді, онымен достық, жолдастық құрады. Пайғамбарымыз бір 
хадисінде бұл ақиқатты былай білдіреді: «Иман тұтқасының ең күштісі Аллаһ үшін достық 
және Аллаһ үшін дұшпандық. Аллаһ үшін сүйіп, Аллаһ үшін жек кӛру»
43

Аллаһ үшін шынайы достық мәңгілік жасаса, негізінде жеке бастың пайдасы жатқан 
достықтар осы дүниеде кезде−ақ бітеді. Бір−бірін Аллаһ үшін сүйіп, дос болу ешқашан да 
бас пайдасына байланысты болмайды. «Тақуалардан басқа дүниедегі барлық достар ол күні 
бір−біріне дұшпан болады»
44
деген аят дүниеде Аллаһ үшін жасалған достықтан тыс 
жолдастықтардың ақыретте дұшпандыққа айналатынын айқын кӛрсетеді.
38
Ниса, 4\69 
39
Т
ә
убе, 9\119 
40
Шуара, 26\83 
41
Ниса, 4\38 
42
Фуссилат, 41\25 
43
Мишкатул Месабих, Хадис №5014; Суюти, Ел Жамиус Са
ғ
ир, 1\69 
44
Зухруф, 43\67 


28 
Сондай−ақ, «Аллаһтың кӛлеңкесінен басқа ешқандай кӛлеңке болмайтын махшар 
майданында қамқорлығына алатын адамдар − бір−бірін Аллаһ үшін сүйген адамдар»
45
деген 
хадис те Аллаһ үшін бір−бірін сүйгендердің алатын сыйын хабарлайды.
Иә, мүмін Аллаһ үшін достық құруы керек, досы оны Аллаһқа апаруы тиіс. Аллаһқа 
апаратын дос әрине қайырлы дос болады. Пайғамбарымыз қайырлы досты бір хадисінде 
былай сипаттайды: «Жақсы және жаман жолдастың жағдайы хош иіс сататын сатушы мен 
тері ұстасына ұқсайды. Сатушы саған хош иісінен береді немесе сен ақшаңа одан сатып 
аласың немесе хош иісінен иіскейсің. Ал, тері ұстасы болса киіміңді күйдіреді не болмаса 
сасық иісінен жиірке ескертеді»
46

«Адам жолдасының дініне қарай» деген пайғамбарымыз дос пен жолдас таңдауда да 
ӛте абай болуды ескертеді
47
. Ӛйткені, жақсы дос адамды жұмаққа, жаман дос болса 
шыңырауға түсіреді.
Достық екі денеге ортақ бір рух сияқты. Достарымыз біздің дүние мен ақыреттік 
қазынамыз. Олар бізді бұ дүниенің де, ақыреттің де бақытына жеткізетін маңызды 
құндылықтар болып табылады. Пайғамбарымыз бұл ақиқатты бір хадисінде былай 
кӛрсетеді: 
«Аллаһтың құлдарының арасында бір топ бар, олар пайғамбарлар да, шәйіттер де 
емес. Сондай−ақ, қиямет күні Аллаһ құзырындағы мақамдарының ұлылығына қарай 
пайғамбарлар мен шәйіттер оларға қызғана қарайды». Сол жердегілер сұрайды: «Ей, 
Аллаһтың расулы, олар кімдер, бізге айтасыз ба?». «Олар туыстық жақындығы болмаса да, 
дүниелік пайда үшін бір−бірімен достаспай, Аллаһтың нұры (Құран) үшін бір−бірін 
сүйгендер. Аллаһқа ант етемін, олардың жүздері нұрға толы. Халық қорыққанда олар 
қорықпайды, адамдар ренжігенде олар ренжімейді». Артынан мына аятты оқиды: 
«Жақсылап біліп алыңдар, Аллаһтың достары қорықпайды және ренжімейді»
48



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет