Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Сен жолдасыңды Аллаһ үшін қалай сүйсең Аллаһ та сені солай сүйеді



Pdf көрінісі
бет19/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Сен жолдасыңды Аллаһ үшін қалай сүйсең Аллаһ та сені солай сүйеді 
Акиф пен Али бір−бірін жақсы кӛретін екі адал дос болатын. Бәрі олардың осы 
жолдастығына қызғана қарайтын.
Олар ӛз араларында бір келісім жасасады. Әрине, бұл бір рухани келісімшарт 
болатын. Акиф бұл келісімшартты қайырхақ келісімшарты дейтін. Қайырхақ – адамды 
әрдайым қайырлы нәрсеге шақыратын, бауырынан кӛрген кемшіліктерді тек Аллаһ 
45
Қ
ара
ң
ыз: Б
ұ
хари, Езан 36 
46
Б
ұ
хари, Зебаих 31, Буйу 38; М
ү
слим, Бирр 146 
47
Ә
бу Дауыт, Едеб16 ; Тирмизи, З
ү
хд 45 
48
Юнус, 10\62; Ебу Дауыт, Буйу 78 


29 
ризалығы үшін бетіне айтатын және бұл кемшіліктерді түзетуі үшін оған кӛмектесетін дос 
дегенді білдіретін.
Олар мынаған сенетін: қайырхақтың болуы − кемшіліктерді түзету үшін ең ықпалды 
шаралардың бірі. Ӛйткені, адамға ақиқатты кӛрсететін, әрдайым жақсылыққа шақыратын 
бір қайырхақының болуы оның тура бағытын сақтауына кӛмекші болады. Осы мақсатта 
Акиф бір күні жолдасы Алиге былай дейді:

Сенімен бір келісімшарт жасасқым келеді. 

Қандай келісімшарт, тыныштық па? 

Менен байқаған бір қателік немесе кемшілік болса, бетіме айтуың керек.

Мұны тек бір шартпен ғана қабылдаймын. Сен де менің кемшіліктерімді айтасың.

Жарайды, келістік.
Осылайша екі жолдас ӛз араларында бір қайырхақ келісімшартын жасасады.
Арадан бірнеге жыл ӛтеді. Бұл жылдарда олардың шынайы достығы арта түседі. 
Алайда, екеуін ренжіткен бір жағдай болады. Акиф жұмыс барысымен басқа қалаға кӛшуге 
мәжбүр болады. Олар ӛз араларында бір−біріне барып тұруға уәделеседі. Бұл достық 
мәңгілік жасауы керек еді.
Сӛйтіп, олар екі бӛлек қалада ӛмір сүре бастайды. Арада бір ай ӛтеді. Али досы 
Акифті сағынып кӛргісі келеді. Сӛйтіп, ол жолға шығады.
Жолда бара жатқанда бір жұмбақ адамға кезігеді. Ол Алиге бір нәрселер айтқысы 
келгендей болып кӛрінеді. Али ол адамның қасына барып, сәлем береді. Танысады. 
Негізінде бұл адам адам кейпіне енген бір періште болатын. Бірақ, оны Али білмейтін. Адам 
сұрайды: 

Қайда барасың, балам? 

Жолдасымды кӛруге бара жатырмын. 

Жолдасың саған үлкен жақсылық жасаған болса керек. Соған рахмет айтуға бара жатқан 
боларсың? 

Жоқ, олай емес. Оны Аллаһ үшін жақсы кӛремін және Аллаһ ризалығы үшін оны кӛруге бара 
жатырмын. 

Қандай тамаша! Саған бір сыр айтайын. Мені жақсылап тыңда. Мен Аллаһтың саған жіберген 
бір елшісімін. Біліп ал, сен қалайша жолдасыңды Аллаһ үшін жақсы кӛрсең, Аллаһ та сені 
солай жақсы кӛреді
49

49
М
ү
слим, Бирр, 38; М
ү
снед, 2\292


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет