Бірінші бӛлім Кӛркем мінез туралы


Құран ахлақына ие Осман қоғамындағы шыншылдықтың үлгілері



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата26.12.2023
өлшемі0,96 Mb.
#199359
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Байланысты:
Көркем Мінез

Құран ахлақына ие Осман қоғамындағы шыншылдықтың үлгілері 
Түрлі себептермен Түркияға келген шетелдіктердің ортақ бір кӛзқарасы бар. 
Мұсылман түрікпен іс жасаған кезде онымен келісімшарт жасасудың қажет еместігін
олармен тек сӛз жүзінде келісудің жеткілікті екенін айтады. Әрине, бұл – түрік−Ислам 
моралінің табиғи нәтижесі. Құран кӛрсеткен мінезге ие болған мұсылмандар Бақара 
сүресінде «... келіскен кездерінде сӛздерінде тұратындар» деп сипатталады. Аяттың 
жалғасында «Міне, бұлар шыншылдар және тақуалар да осылар»
110
деп кӛрсетіледі. 
Франция генералы Бонневаль түріктердің турашылдығына таңданысын былай 
жеткізген: 
«Заңсыздық, монополизм, ұрлық секілді қылмыстар түріктер арасында кездеспейтін 
сияқты. Қысқасы, ар−ождандық сенімнен бе, жазадан қорыққандықтан ба әйтеуір 
шыншылдық танытатыны соншалық олардың турашылдығына қайран қаласың». 
Бір түрік саудагерінің турашылдығы туралы бір еңбекте былай деп жазылады: 
«Шетелдік бір мата саудагері Осман еліне келіп, бір мата зауытының тауарларын 
ұнатып, бәрін сатып алғысы келеді. Тауар иесі мата орамдарын салып жатып, бір орам 
матаны бӛліп алып қояды. Мұның себебін сұрағанда ол «Оны саған бере алмаймын, оның 
ақауы бар» деп жауап берген».
Шетелдік саудагердің «Ештеңе етпейді» дегеніне қарамастан османдық кісі ол ол 
мата орамын бермейді: «Мен тауарымның ақауы бар екенін сізге айттым. Бірақ, сіз оны ӛз 
еліңізде сатқан кезде алушыларыңыз менің бұларды сізге айтқанымды білмейді. Осылайша, 
мен тұтынушыларыңызға ақауы бар зат сатқан болып шығамын. Нәтижеде Осман елінің 
беделі, намысы қорланады, ал бізді айлакер деп ойлайды. Сондықтан бұл ақаулы орамды 
сізге еш бере алмаймын» деп матаны бермеу себебін айтады.
Түріктерді басқа халықтардан айыратын ерекшеліктерінің бірі – олардың ӛтірік пен 
айлакерлікті білмеуінде. Ислам діні түріктердің кӛркем мінездерді сіңіріп, жамандарын 
қабылдамауды қамтамасыз еткен. Бұл шындық 19−ғасырға тән бір еңбекте былай беріледі: 
«Ұлттық мінезді халықтың орта буынынан, яғни қол ӛнерімен ӛмір сүретін және 
кедейлер мен байлар арасындағы халықтың арасынан іздеуіміз керек. Міне, осындай 
110
Ба
қ
ара, 2\177 


63 
түріктер арасында қоғамдық және отбасылық ізгіліктер ӛз қажеттіліктеріне және түсіністік 
қағидаларына сай білім деңгейімен біріккен. Ар−намыс − түрік саудагерінің сипаты... 
Гректермен араласпаған түрік ауылдарында күнәсіз ӛмір мен салт−дәстүрлердің 
қарапайымдығы назар аударады. Айлакерлік пен алдампаздық ол жерлерде кездеспейді». 
(Ағылшын жазушысы Т.Thornton) 
Француз саяхатшысы Du Loir−дың 17-ғасырда жазған мына сӛзімен тақырыбымызды 
қорытындылайық: 
«Күмәнсіз, моралдық тұрғыдан түрік саясаты мен мәдени ӛмірі бүкіл әлемге үлгі 
боларлық деңгейде». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет