64
Адамның ішкі туралығын мына хадис керемет түсіндіреді: «Адамның иманы тура
болмайды, жүрегі тура болмайынша. Жүрегі тура болмайды, тілі туралықты айтпайынша.
Адам жұмаққа кіре алмайды, кӛршісі оған сенбейінше»
113
.
Осы тұрғыдан пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм) тіл мен жүректің үйлесімде болуын және екеуінің де тура
бағытта болуын ұсынған
114
.
Мұсылманның ӛзі мен сӛзі тура болған соң ісі де тура болуы тиіс. Мұсылманның
ісінде заңсыздық пен айлакерлік орын алмауы керек. Әбу Хурайрадан (радиаллаһу анх)
келген бір риуаят мынандай: «Пайғамбарымыз бір күні бір бидай үйіндісін кӛреді. Қолын
оның ішіне салған кезде бидайдың үстіңгі
жағының құрғақ, ал астыңғы жағының сулы
екенін байқап, бидайдың иесінен: «Бұл не?» деп сұраған. Астықтың иесі:
«Оған жаңбыр тиді» дегенде пайғамбарымыз: «Ол су бӛлігін адамдардың кӛруі үшін
үстіне қойсаң қайтеді. Бізді алдаған бізден емес» дейді.
Сӛзі мен ӛзі тура болған адам саудада да турашыл болуы керек. Мұндай адамдар
саудаларын туралықпен жасаса бұл олардың құтқарылуларына кепіл болатыны күмәнсіз.
Әбу Саид Әл Худридің риуаяты бойынша пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм)
былай деген:
«Сенімді және туралықтан таймайтын саудагерлер пайғамбарлар, сыддықтар,
шәйіттер және салихтармен бірге»
115
.
Адамдардың ең қайырлылары болған сахабалардың
негізгі ерекшеліктерінің ең
маңыздысы туралық пен шыншылдықтарында еді. Туралық пен шыншылдық бұл ұлы
адамдардың ішкі және сыртқы дүниелерінде жан тыныштығы мен сенім орнатқан. Әбул
Хавра айтады: Хаз.Алидің баласы Хаз. Хасаннан:
«Расулуллаһтан (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) нені жаттадың?» деп сұрадым. Ол
былай деді:
«Сені күмәндандырған нәрсені былай қой, күмән бермеген нәрсеге қара! Ӛйткені,
туралық − кӛңіл , ал ӛтірік болса − күмән»
116
.
Осыған ұқсайтын риуаятта былай делінеді:
«Ей, Аллаһтың расулы, маған Ислам туралы маған жетерліктей мәлімет бер,
сізден
басқа ешкімнен Ислам туралы сұрауға қажеттілік тумасын» дедім. Ол былай деді:
«Аллаһқа сендім де, сосын шыншыл бол»
117
.
113
Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 3\198
114
М
ү
слим, Иман 43
115
Тирмизи, Буйу 4, (1209); Ибн Маже, Тижарат (2139)
116
Тирмизи, Киямет 61, (2520); Несаи, Ешрибе 50,(8, 327, 328).
117
М
ү
слим, Иман 62, (38)
65
Үлкендердің балаларға, ал балалардың ӛз құрдастарына берген сӛздерінде тұруын
қамтамасыз ету де туралықтың адам бойына сіңірілуі тұрғысынан ӛте маңызды.
Бұл мәселеде Бәдиуззаманның мына сӛздерін басшылыққа алуымыз керек:
«Сұрақ: Бізге бәрінен де қажетті нәрсе не?
Жауап: Туралық, шыншылдық.
Сұрақ: Сосын?
Жауап: Ӛтірік айтпау.
Сұрақ: Сосын?
Жауап: Сыдқ, ықылас, шыншылдық ,
тұрақтылық, ынтымақтастық.
Сұрақ: Тек қана?
Жауап: Иә.
Сұрақ: Неге?
Жауап: Күпірліктің мәні ӛтірік. Иманның мәні шыншылдық. Осы дәлел жеткілікті
емес пе, ӛміріміздің жалғасы иманның, туралықтың және ынтымақтың жалғасы арқылы
болады». (Мүназарат, 103-бет)
Иә, мұсылман адам ішкі дүниесінде, сӛзінде, ісінде, қысқасы ӛмірінің
барлық
саласында шыншыл болуы керек. Ал, бұл тек күшті иман арқылы ғана жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: