82
1.
Сәлем Аллаһ Тағаланың (жәллә жәләлуһ) кӛркем есімдерінің бірі болғандықтан таза емес
жерлерде айтуға болмайды.
2.
Бір харам іс істеп жатқан адамға сәлем берілмейді.
3.
Құран оқыған, хадис айтып отырған және ғылым талқылап отырған адамдарға (осындай
қайырлы істің бӛлінбеуі үшін) сәлем берілмейді. Ол іс біткен соң сәлем беріледі.
4.
Азан шақырып тұрған, намаз оқып тұрған және қамат айтып тұрған адамға сәлем берілмейді.
5.
Сәлемге жауап қайтара алмайтын жағдайдағы адамға сәлем беру − мәкрүһ.
6.
Сәлем беру, сәлем алу − достықтың белгісі. Алайда, сәлем берген кезде тӛмен иілу − мәкрүһ.
Сәлемнен кейін қол алысу да сүннет. Пайғамбарымыз қол алысудың сәлемді
толықтырушы нәрсе екенін айтқан
150
. Басқа бір хадисінде екі мұсылман адам кездескен
кезде бір−бірімен қол алысып, Аллаһ Тағаладан (жәллә жәләлуһ) бір−біріне кешірім тілесе,
олар ажырамай тұрғанда−ақ Аллаһтың екеуінің де күнәларын кешіретінін айтқан
151
.
Әдепті адам ғылымнан құр болмайды,
Әдепсіз ғылым алған ғалым болмайды.
«Әдеп бар болса ғылым да бар деген сӛз. Бірақ, әдепсіз адам кітапхананың бәрін
меңгерсе де ғалым саналмайды».
Достарыңызбен бөлісу: