102
уәссәлләм) де танылғанын қалайды. Адамның жаратылуындағы мақсат осы. Қарайды,
кӛреді, ойлайды, күн сайын миына жаңа нәрселер енгізеді, ӛйткені оның жетуі керек
кӛкжиек осы болып табылады.
Осыған орай, әрбір мүмін әрі діни, әрі нақты ғылымдарды оқып зерттеуі керек және
ғылыммен, іліммен қарулануы керек. Барлық жерде, жұмысында да, үйінде де, дүкенде де,
кӛлікте де, аялдамада да, жолда да оқу керек, ойлану керек, уақытын ешқашан да ысырап
етпеуі керек. Ӛйткені, іші бос адам басқа адамдарға ештеңе бере алмайды. Физика, химия,
астрономия, медицина және ботаника сияқты ғылымдардың ең болмағанда пәлсапасына,
логика және түсінік негіздеріне және энциклопедиялық түрде нәтижелерін білмесек те, ең
болмағанда діни ілімдерде де біліміміз жоқ болса онда басқаларға бір нәрсе түсіндіріп
оларды сендіру былай тұрсын, адасушылықтың желіне ӛзіміздің ілесіп кетуіміз мүмкін.
Олай болса, ұйымдасқан түрде бір ұлт ретінде ӛзімізге келіп, надандықтан арылуымыз
қажет»
209
.
Тарихтағы шындық мынада: оқымай надан болған халықтар әрдайым біреудің
отарында болған. Бұл жағдай қазіргі кезде де кездеседі. Қазіргі кезде де ғылымның
нығметтерін пайдала алмаған және ғылымды құрал ретінде қолдана алмаған ұлттар білімді
қоғамдардың отары болуын жалғастыруда.
Ӛйткені, надан ұлттар қолдарында, миларында бір ӛлшем болмағандықтан ӛздеріне
ұсынылған барлық пікірге оңай беріледі. Мұндай қоғамдарда мың түрлі бәлелер,
дұшпандық, бүлік, материалдық−рухани проблемалар жайлайды. Сондықтан да
надандықтың қараңғылығынан ғылымның жарығына жету үшін оқу керек, оқу керек және
оқу керек.
Достарыңызбен бөлісу: