105
түсіндіреді: «Сендер ғылымның кӛздері,
тура жолдың шырақтары болыңдар, үйлеріңде
отырып, түнгі қараңғылықты нұрландырыңдар. Жүректерің тап−таза, киімдерің ескі
болсын. Кӛктегілерге танылыңдар, жердегілерден кім екендіктеріңді жасырыңдар!»
212
Міне,
сахабаларымыз әрдайым оқып, ғылым үйренетін. Асхабы суффе − ғылым
үйрену және Аллаһтың ризалығын алудан
басқа мақсаттары болмаған, ғылымға нағыз
берілген сахабалар тобы. Олар уақыттарының кӛбісін оқумен, ілім үйренумен ӛткізіп,
оқығандарын жүзеге асырып, ақиқатты түсіндірумен ӛткізетін.
Періштелердің ӛзі
қызғанып, қанаттарын жайған осы құтты адамдардан Укбе Бин
Амирдің айтуы бойынша бір күні пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) «Кім
таңертең ерте Батханға (Меккедегі бір орын) барып, ӛркешті екі түйе алғысы келеді?» деп
сұрайды. Олар «Бәріміз қалаймыз, иа расулуллаһ» деді.
Кім қаламайды? Ӛйткені, түйе олар үшін барлық нәрсе деген сӛз. Түсінікті болу үшін
айтайық, ол кездің бір түйесі қазіргі ең жақсы автомобильге тең болатын.
Пайғамбарымыз былай деп жалғастырды: «Сендердің таңертең ерте мешітке барып,
екі аят үйренгендерің екі түйе, үш аят үйренгендерің үш түйе, тӛрт аят үйренгендерің тӛрт
түйелі болудан қайырлы деген сӛз».
Бұдан ғибрат алмау мүмкін бе? Олай болса біз де пайғамбарымыздың «Сахабаларым
жұлдыздар секілді. Қайсысына бағынсаңдар да тура жолды табасыңдар» деп кӛрсеткен
сахабаларының жолымен жүріп, сахаба санасына ие болғымыз келсе оқуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: