117
Бір философтан 90 жасқа толған туған күнінде бір журналист «Оқыған
осыншама
кітабыңыздың сізге қандай пайдасы тиді?» деп сұрайды.
Ол «Тауға ӛрмелеуіме кӛмектесуде» деп білімі мен мәдениетінің артқанын меңзейді.
Мұны түсінбеген журналист «Тауға ӛрмелеу ме? Оның не пайдасы бар?» деген кезде
философ «Ӛрмелеп шығатын басқа шыңдарды кӛре алуымыз үшін тауға ӛрмелеу керек»
дейді.
Оқу адамды тар кӛкжиектен, фанатизмнен, ұсақ ойлы болудан алыстатады. Оқыған
адам ӛзімен де, айналасымен де келісімге келе алады. Мұндай қоғамда әртүрлі проблемалар
мен түсінбеушіліктер туындаса да олар мәдени ӛлшемде шешіледі. Ал,
оқымаған надан
адамдар мәселелерін айқай, шумен, күштеумен, зұлымдықпен шешуге тырысады.
Мұндай
шешімнің ұзақ уақыт іске жарамайтындығы айқын.
Кітап бізді байытады
Кітап − кӛрінбейтін тәрбие құралы. Оның жолдарынан ӛзімізді
іздемесек білімнен
мақұрым болып ӛміріміздің соңына дейін ӛмір сүруге мәжбүр болуымыз мүмкін. Иә,
кітаптың қасында болу, оның парақтарының арасында ақиқатпен
қауышу және айналаға
жайған жарығының астында ӛсу ӛте маңызды. Оқыған нәрселеріміз бізді тұлға ретінде
қалыптастырады,
бізді байытады, ішімізді жасыл желекке бӛлеген бұлаққа тамшылар
түсіреді.
Оқу символдарымызды
дамытады және жаңартады, жаңа заманмен келген
ӛзгерістерді жақсырақ түсінуімізге мүмкіндік береді және
ең маңыздысы бізді бізбен
табыстырады. Кітаптардан бізге тән нәрселерді жинап, оларды жинаймыз, әр оқудан кейін
алға қарай бір қадам басып, жетілген және кӛбейген «біз» боламыз
234
.
Достарыңызбен бөлісу: