«Биология»


 Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата26.12.2023
өлшемі6,95 Mb.
#199375
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
@FRESHGRADUATES ОШ ТС СОЧ Биология 11 ЕМН каз

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 11 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 
3. «Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер, 11 сынып
Білу:
-
бастапқы биологиялық ұғымдарды;
-
заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының мәнін;
-
негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;
-
атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан 
үлесін;
-
практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік 
техникасының ережелерін;
-
микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін
-
өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің 
компоненттерін;
-
өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын;
-
тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын;
-
эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын;
-
сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын;
-
тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін
-
адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі. 
Түсіну: 
-
микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі 
маңызын;
-
жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді;
-
өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің 
функцияларын, 
-
өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын;
-
метаболизм процестерін;
-
жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді. 
Қолдану: 
-
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін 
негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді;
-
тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;
-
қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық 
жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын;
-
нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
-
алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және 
процестерді түсіндіруге;
-
ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет