Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дәрілік құралдарды және басқа да дәрілік құралдарды автокөліктен



Pdf көрінісі
бет34/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

2. Дәрілік құралдарды және басқа да дәрілік құралдарды автокөліктен 
түсіру 
2.1. Дәрілік құралдар мен басқа да тауарлар дәріханаға түскен кезде 
тасымалдау комиссиясының төрағасы немесе қабылдау комиссиясының 
мүшесі тасымалдау шарттарының өндіруші белгілеген талаптарға сәйкестігін 
тексереді. 
2.2. Дәрілік құралдар және басқа да тауарларды автотранспорттан түсіріп, 
орамдарды топтастырып паллеттерге орналастыру керек. 
2.3. Бірінші кезекте, есірткі дәрілік құралдарда, психотропты құралдарды
«А» тізіміндегі дәрілік құралдарды, этил спиртін, иммунобиологиялық және 
термолабильді құралдарды арнайы оқшауланған аймақтарда орналастыру 
керек. 
2.4.
Құжаттарда көрсетілген орындардың санын тексеру 
2.5. Қабылдау комиссиясының төрағасының ілеспелі және тасымалдау 
құжаттарын толтыруы: 
-
Ілеспелі қағаз (АП-95 формада);


69 
-
Тауар-тарнспорттық жүкқұжат. Тауар-транспорттық жүкқұжатқа 
дәріхананың мөрі, қабылдау күні, тауарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., 
қолы, лауазымы жазлуы керек.
2.6. Ілеспелі құжаттарды экспедиторға (жүргізушіге) беру. 
2.7. Көпайналымды контейнерлерді жүктеу. 
2.8. Жеткізушіге қайтарылуы тиіс дәрілік құралдар мен басқа да тауарларды 
жүктеу.
3. Дәрілік құралдарды және басқа да тауарларды саны мен сапасына 
қарай қабылдау 
3.1.Барлық дәрілік құралдар мен басқа да тауарларды топтық орамнан 
босатып және (немесе) атауы бойынша орналастыру
3.2.Комиссия төрағасы (мүшесі) қабылдау бойынша дәрілік және басқа да 
құралдардың ілеспелі құжатта көрсетілген санын айтады. Комиссия мүшелері 
орамдардың нақты санын есептеп, сериясымен (партия) дауыстап айтады. 
3.3.Комиссия төрағасы (мүшесі) тауар-транспорттық жүкқұжаттың дұрыс 
безендірілгенін, дәрілік құралдар мен басқа да тауарлардың атауларының 
сәйкестігін, олардың ілеспелі құжатта көрсетілген санымен сәйкестігін 
тексеріп, көтерме бағасын (сандық код) айтуы керек. Комиссия мүшелері 
орамға айтылған баға (сандық код) мен жеткізу күнін белгілейді. 
(Автоматтандырылған есептеу жүргізілетін дәріханаларда жеткізу күнін 
белгілеу шарт емес). Бағаны қою дәрілік құралдардың негізгі ақпараттық 
бөлігі (атауы, сериясы, жарамдылық мерзімі, қолдану көрсеткіші)
жабылмауы үшін орамның бірдей аймағына қойылады. 
3.4.
Қабылдау комиссиясының мүшелері аталған бақылауды «Сипаттама», 
«Орамдау», «Безендіру» көрсеткіштері бойынша жүзеге асырады, қолдану 
бойынша нұсқаулықтың болуын және олардың орам санымен сәйкестігін 
тексереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет