Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет89/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Жинақтардың 
жіктелуі. 
Жинақтар 
мөлшерленуі, 
құрамы, 
медициналық тағайындалуы мен қолдану тәсілі бойынша жіктеледі.


134 
Мөлшерлеу бойынша жинақтар мөлшерленбеген (species indivisi) және 
мөлшерленген (species divisi) болуы мүмкін. 
Құрамы бойынша жинақтар бір дәрілік өсімдік шикізатынан тұратын 
қарапайым, және бірнеше өсімдіктер мен басқа дәрілік заттардан тұратын 
күрделі болуы мүмкін.
Медициналық 
тағайындалуына 
байланысты 
булауға 
арналған 
жұмсартқыш жинақтар (species ad cataplasmata), тұнбаларды (шәйларды) 
және қайнатпаларды (species ad infusa et decocta) дайындауға арналған 
жинақтар, шегетін жинақтар (species fumales, cigarettae). 
Қолдану тәсіліне байланысты жинақтар ішуге (species as usum internum)
және сыртқа (species as usum externum) қолдануға арналған деп бөлінеді.
Біріншілерінен шәй немесе қайнатпа дайындалады. Жинақтың бұл түрі 
кеңінен тараған, және дәрілік препараттарды мерзімді түрде мысалы, іш 
айдауға, тәбет ашуға және т.б. қолдану қажет болған жағдайда қолданылады.
Бұл топқа келесі жинақтар жатады: (кестені қара) өт айдайтын (species 
chologonae), көкірек - № 1,2,3, (species pectoralis), іш айдайтын - № 1,2,3 
(species laxans), терлететін - №1,2,3 (species diaphoreticae), зәр айдайтын - № 
1,2,3 (species diureticae), дәруменді - №1,2 (species vitaminicae), 
тыныштандыратын (species nervinae), іш өтуге қарсы - № 1,2,3 және жел 
айдайтын (species carminativa).
Сыртқа қолданылатын жинақтар аз таралған және тамақты шаю үшін 
қолданылады (species ad gargarismata). Ылғалды булау және әсіресе құрғақ 
булау түрінде жинақтар, және де ваннаға арналған жинақтар одан да сирек
қолданылады, өйткені олар заманауи иіс су бұйымдарымен алмастырылған.
Шегілетін (ингаляциялық) жинақтар құрамында ұшатын әсер етуші заттары 
бар түтінді тікелей өкпеге енгізуге арналған. Бұл құрамында дәрілік өсімдік 
материалы бар қарапайым темекіні шегу арқылы жүзеге асырылады.
Көбінесе демікпеге қарсы темекі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет