Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет49/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
49 
Сондықтан, А.Р. Лурия басшылыққа алған мәдени-тарихи теорияға барлық жағдайда 
қосыла бермеу керек», - дейді М.М. Мұқанов [2, 105 б.]. 
Оқымаған адамдардың фармальды логикалық ойлауын, яғни ойдан қорытынды жасау 
қабілеттерінің қаншалықты дәрежеде екендігін анықтау мақсатында М.М. Мұқанов А.Р. 
Лурияның жүргізген эксперименттеріне ұқсас зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол зерттеуге 
қатысқан ересек адамдарға мынадай сөйлемдерден қорытынды жасауды сұрайды: 
Кавказ – таулы жер. 
Картоп тау етегінде жақсы өседі. 
Сонда тәжірибеге қатысушылардың бірі: «Біз онда болған жоқпыз, картоптың өсетін, 
өспейтінін білмейміз», - деп жауап беріпті. Сосын зерттеуші олардан берілген сөйлем 
төңірегінде ойланып, қорытынды шығаруын өтініпті. Олар: «Кавказда бір рет болмаған 
адам, онда картоп өсетінін немесе өспейтінін қайдан біледі», деп таңданыпты. Жүргізілген 
зерттеу нәтижелерін қорытындылай келіп М.М. Мұқанов тәжірибеге қатысушылардың 
сөйлемдерден тиісті қорытындылар шығаруда өздерінің күнделікті тәжірибесіне көбірек 
сүйенетіндігін айтады. «Дгенмен», - дейді автор: «силогизм тәсілінебайланысты 
қарастырылған соңғы мәселе ойдың символикалық жағына да қатысты» [2, 111 б.].
Мұның өзі қазақ халқының табиғатынан-ақ заттардың көрнекі-бейнелеріне сүйеніп 
ойша әрекет ететіндігін көрсетеді. Бірақ қазіргі кездегі оқыту технологиялары мен 
оқытудың әдіс-тәсілдері батыстық үлгіде құрылғандықтан, олардың бәрі адамның бейнелі 
ойын емес, фармальды-логикалық ойлау операцияларын дамытуға негізделген. Бұл жерде 
біздің көпшілігімізге ертеден таныс оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістерін атап 
көрсетуге болады. Дәстүрлі оқыту әдісіне баяндау мен қайталаудан тұратын оқытудың 
репродуктивтік әдісі жатса, оның дәстүрлі емес түріне продуктивтік оқыту әдістері жатады. 
Әдетте адамның күрделі міндеттерді шешу үстінде кездесетін танымдық іс-әрекеттерін 
репродуктивті (қайталау) және продуктивті (шығармашылық, жемісті) іс-әрекеттер деп екі 
типке бөлуге болады. Репродуктивті іс-әрекетте адам міндеттерді өзінің өткен тәжірибесіне 
не біреуден естігендеріне не болмаса бұрын оқыған білімдеріне сүйене отырып шешеді. Ал 
продуктивті іс-әрекет үстінде адам міндеттерді өзінің өткен тәжірибесіне не бұрын алған 
білімдеріне емес, оны шығармашылық жолмен шешеді. Осыған қарап көптеген педагог-
практиктер оқушының репродуктивті әдістеріне, ал оның шығармашылық әрекетін 
дамытатын әдістерді оқытудың продуктивті әдістерінің қатарына жатқызады. 
Сонымен, адамның дәстүрлі репродуктивті танымдық іс-әрекеті күрделі мәселелерді 
шешуде өзіне таныс тәсілдерді, өткен тәжірибені қолданумен сипатталады, ал продуктивті 
танымдық 
іс-әрекет 
күрделі 
мәселелерді 
шешуде 
өзінің 
жаңалығымен, 
қайталанбайтындығымен, шығармашылығымен сипатталады. Адамның танымдық іс-
әрекеттерін бұлайша бөлу, бір жағынан осы іс-әрекет типтерін бір-біріне қарама-қарсы 
қоюға алып келсе, екінші жағынан, адам іс-әрекеті нәтижесінің тиімділігін талдаудың 
«құнды» критериін анықтауға алып келді. Продуктивті іс-әрекет бар болғаны адамның 
шығармашылық іс-әрекетінің негізін құрайтындықтан репродуктивті іс-әрекетке қарағанда 
қоғамдық өмірде біршама маңызды, әрі құнды болып табылады деген түсінікке айналады. 
Сондықтан, психология ғылымында оны адамның танымдық іс-әрекетінің заңдылықтарын 
зерттеп білу үшін қарастырады. Әсіресе оқыту процесінің дидактикасында зерттеушілер 
оқушылардың продуктивті танымдық тәжірибелерін қалыптастыруға жағдай жасайтын 
оқыту процесін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын іздеу үшін 
продуктивті іс-әрекетті зерттеуге ерекше назар аударды.
И.С. Якиманская өз еңбегінде білімнің ақпараттық және дамытушылық қызметтерін 
бөліп шығара отырып, шынайы оқу процесінде олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста 
қызмет атқаратындығын атап көрсетеді [3]. Оның айтуынша бірін-бірі өзара толықтыратын 
және бір-бірімен тығыз байланыстағы репродуктивті және продуктивті құрамдас 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет