29
жерiнде алады. Алдымен күре тамырды резина түтiкшемен
қысып байлап,
резина түтiк арқылы пробиркамен байланысқан иненi күре тамырға енгiзедi.
Қан алуға арнайы мықты орнатылған бағаналарды пайдалануға болады.
Техникалық қауiпсiздiктi сақтау үшiн қан алу кезiнде бас бармақпен
сиырдың мүйiзi басылып ұсталып тұруы керек.
Алынған қан қыс кездерiнде бөлме температурасында 1-2 сағат
мөлшерiнде қаннан сарысуы бөлiнiп шығу үшiн ұсталуы керек. Пробиркада
ұйыған қанды арнайы стерильдi түтiкше арқылы оның қабырғасынан
ажыратып, қан сарысуының бөлiнiп шығуын қадағалау қажет. Қан сарысуы
лабораториялық зерттеуге жiберiлгенше салқын бөлмеде сақталады.
Қ о й д а н қ а н а л у. Қойдың күре тамырын резинамен қыспай,
саусақ арқылы басып тұрып қан алуға болады. Көбiнесе ыңғайлы болу үшiн
арнайы үстелге жатқызып алады.
Д о ң ы з д а н қ а н а л у. Құлақ тамырынан немесе құйрығынан
алады.
Қ ұ с т а н қ а н а л у. Құстан қан жаппай арнайы шаралар жүргiзген
кезде алынады. Ол жайында арнайы құс
аурулары бөлiмiнде толық
көрсетiледi.
Ж ы л қ ы д а н қ а н а л у. Жылқыдан қан алу сиырдыкiндей. Тек
қана жылқыны үркiтпей көзiн жауып тұрып, мұрындық салып еппен алу
қажет.
Қ а н с а р ы с у ы н к он с е р в а ц и я л а у. Қанды алғаннан кейiн
лабораторияға жiберу мүмкiндiктерi болмаған жағдайда, ұйыған қаннан
бөлiнген сарысуды стерильдi
пробиркаға құйып алып, 5%-ды фенолмен (1
см
3
консервант 9 см
3
қан сарысуына қосылады) немесе құрғақ бор
қышқылымен консервацияланады (скальпель ұшымен бор қышқылы сарысу-
ға қосылады).
Алынған қанға жолдама құжат толтырылып, лабораториялық зерттеуге
жiберiледi. Қанға жолдама құжат толтыру үлгiсi төмендегідей.
Үржар аудандық ветеринария лабораториясының
бактериология бөлi-
мiне. Үржар ауылы, Архатбаев көшесi №36 үй.
ЖОЛДАМА ҚҰЖАТ
Реттiк
№
Шаруа-
шылық,
ферма,
мал
иесiнiң
аты-жөнi
Жасы,
жынысы
Инвен-
тарлық
нөмiрi
Зерттеу нәтижелерi
АР
КБР
оң,
терiс,
күдiктi
ИФТ
Оң,
терiс,
күдiктi
Титр
лерi
Оң,
терiс,
күдiктi
Тит
рле-
рi
Қан сынамаларын жiберген Зерттеу жүргiзген серологтың
мал дәрiгерi (аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы)
30
Е с к е р т у: жолдама құжатта қанның алынған уақыты, қандай
ауруларға зерттелу қажеттiлiгi, вакцинамен егiлiп, егiлмегендiгi,
бұл жылы
осы табыннан не отардан нешiншi рет қан алынғаны және аурудың балауын
объективтi қоюға қажеттi басқа да қажеттi деректер көрсетiлуi тиiс.
5-зертханалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: