Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


ИФТ-ның сиыр бруцеллезiн балауға қолданылу әдiстемесi



Pdf көрінісі
бет22/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 
ИФТ-ның сиыр бруцеллезiн балауға қолданылу әдiстемесi.
Р е а к ц и я к о м п о н е н т т е р i: 
1.
Бруцеллез антигені (АР, КБР реакцияларына арналған). 
2.
Құрғақ иммунды переоксидазды коньюгат (сиыр глобулиндеріне 
қарсы), ТУ-42, 14 №246-82. 
3.
Стандартталған бруцеллезге позитивті сарысу немесе ауру малдың 
қан сарысуы.
4.
Негативтi сиырдың қан сарысуы (жаңадан алынған немесе консер-
вацияланған). 
5.
Зерттелетiн сиырдың қан сарысуы. 
6.
Карбонатты натрий буферi, рН 9,6. 
7.
Фосфатты тұзды буфер (ФТБ) 0,01 М, рН 7,4. 
8.
0,1%-ды твин-20 қосылған фосфатты тұзды буфер (ФТБ-Т). 
9.
Физиологиялық ерітінді рН 7,2-7,4.
10.
Лимон қышқылы (С
6
Н
8
О
7

2
О). 
11.
Ортофенилендиамин (ОФД). 
12.
30 %-ды Н
2
О
2
13.
Твин-20 (немесе твин-40, твин-60, твин-80). 
14.
2 н. күкiрт қышқылы. 
Жұмыс ерiтiндiлерiн даярлау: 
1.
Карбонатты натрий буферi (рН 9,6) 1,59 г Na
2
CO
3
және 2,93 г 
NaHCO
3
-тi 1 л дистильденген суға ерiтедi. Ерiтiндiнi бөлме температура-
сында 2 аптаға дейiн сақтауға болады. 
2. Фосфатты тұзды буфер (ФТБ) 0,01 М, рН 7,4: алдымен 1М KH
2
PO
4
ерiтiндiсiн даярлайды. Ол үшiн 133 г тұз, 1 л дистильденген суда (ерiтiндi 
№1) және 1М KH
2
PO
4
.
 

2
О 228 г тұз бен 1 л суда ерiтiледi (ерiтiндi №2). 10 
см
3
ерiтiндi №1, 40 см
3
ерiтiндi №2 және 29 г натрий хлоридi алынып, арнайы 
ыдыста дистильденген сумен көлемiн 5 литрге жеткiзедi.
 
3. 0,1%-ды твин-20 қосылған фосфатты тұзды буфер (ФТБ-Т): ФТБ-ға 
(2-пункттi қараңыз) твин-20 0,1%-да қосылады (1 л ФТБ және 1 см
3
твин-20).
4. 1%-ды лимон қышқылының (С
6
Н
8
О
7

2
О) ерiтiндiсi (рН 4): 51 г 
құрғақ лимон қышқылының ұнтағын 99 см
3
дистильденген суда ерiтедi.


34 
5. Ортофенилендиамин (ОФД) ерiтiндiсi (субстрат): 10 мл ОФД 1%-ды 
10 см
3
лимон қышқылында (рН 4,5) ерiтiлiп, 30%-ды 0,005 см
3

Н
2
О
2
қосылады. Ерiтiндi қара ыдыста қолданылар алдында дайын-
далады.
Жабдықтар:
1) түбi тегiс полистиролды планшеттер; 2) түрлi көлем-
дердегi (0,002-0,2 см
3
) көп каналды автомат пипеткалар ауыстырылатын 
стерильденген пластик ұштарымен; 3) термостат; 4) тұрмыстық тоңазытқыш; 
5) полистиролды планшеттердi жууға ыңғайластырылған қондырғы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет