176
балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік
қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс. Орта мектеп көлеміндегі математиканы оқытуға қажетті қабілеттілік–
логикалық ойлауды дамыту, кеңістікті көз алдына елестету, кеңістік жөнінде түсінікті дамыту, өзінің жеке басының
математикаға деген қызығушылығы оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру үшін
мектеп бағдарламасынан тыс қиын есептерді, мәтінді есептерді шығаруға үйрету. Себебі қазіргі ғылым мен техника
дамыған заманда ұлттық мектепте шәкірттерді жоғары деңгейде маман болып қалыптасуына бағыт бағдар беруде
математиканың рөлі ерекше. Математикалық есептерді шығару оқушылардың шығармашылық белсенділігіне
байланысты,яғни оқушылардың ойлау қызметін жандандыру қажет. Мұғалім оларға әр алуан салуларды, түрлендіруді,
есептеулерді орындауды, математикалық тұжырымдамаларды үйретумен бірге талқылауға, математикалық фактілерді
салыстыруға, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету керек. Балалардың қабілеттіліктерін дамыту барысында
туындайтын мәселер өте күрделі, әрі жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Пәнді оқыту барысында оқушылармен жеке
жұмыс жасау, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды дамыту, оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу, іздену
мүмкіндіктерін туғызу,мектептен тыс оқушыларға арнап тест құрастыру, ғылыми жобаларға, дыбыстық, графикалық,
видео, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтықтан компьютерлік оқытуға қатысу арқылы жақсы нәтижеге
жетуге болады. Стереометрия курысын оқыту барысында көпжақтарды,айналу денелелерін оқыту, олардың схемалық
сызбаларын сызу,есепқұрастырып шығару, мультимедиялық кабинетті пайдалану, компьютердің көмегімен
қолданбалы есептер шешу арқылы тәжірбие жинақтау. Көпжақтарды модельдеу оқушылардың кеңістіктегі елестетуін
және конуструкторлық қабілетін дамытуға, геометриялық қолданбалы мүмкіндіктерді ашуға көмектеседі. Ақпараттың
көптігінен оқушылардың есте сақтау, зейінін тұрақтандыру, мәселені шешуде жаңа шешімдер ұсынуда, оқу іс-әрекетін
жоспарлауда қиындық тумау үшін Интеллект-картаны пайдалану керек.Интеллект-картаны құрғанда көп ақпараттың
ішінен түйінді идея, ой, негізгі анықтамалар ғана қолданамыз. Ақпаратты интеллект-карта логикалық ойлауға және
ассоцация әдісімен ақпаратты есте сақтауға негізделгендіктен көлемді ақпаратты меңгеруге мүмкіндік туады
оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттайды. Интеллект-картаны қолмен, яғни парақ қағазға немесе электронды
түрде компьютормен арнайы интеллект-карталарды салу бағдарламалары көмегімен пайдаланып салуға болады.
Карталарды құрастыру барысында көп ізденіп, ақпараттарды талдап, негізгі ойды анықтап, ұғымдарды бір-бірімен
байланыстырады. Математикалық қабілеттіліктерін анықтау үшін интеллект-карта тапсырмалары жақсы нәтиже береді.
Оқушылардың математикалық функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін математика сабағында сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану өте тиімді.
Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол
ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық
сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-
қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек
білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және
әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке
адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз
ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың,
заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық
мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ
оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті
болып саналады.
Қорыта келгенде, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық – ғаламдық
коммуникативтік желілерге шығу. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт- бағдар беруші
мұғалімдеріміз оқушыларды жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. «Қазіргі заманғы жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Елбасы атап
көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор, сондай-ақ, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында
«функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни
шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе.
Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады,
азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы
қарыздың өтелгені.
Достарыңызбен бөлісу: