Пленарлық баяндамалар


ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет96/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
79 
ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани тәжірибесі, ақыл
-
ойы мен сана
-
сезімі, салт
-
дәстүрі, тарихы мен дүниетанымының бір сөзбен айтқанда, бүкіл рухы 
– 
нақ осы тілінде 
жатыр. Өйткені, тілі әлсіз, әлжуаз халықтың рухы да әлсіз, әлжуаз, ал рухы осындай күйге 
ұшыраған ұлттың өркендеген тәуелсіз мемлекет, дамыған экономика құруы екіталай. 
Түбінде рухы биік елдер ғана өз тәуелсіздігіне ие болып қалмақ. Тілдің күшті болуы 
– 
ұлттың, сол ұлт құрған мемлекеттің қуатты болуы деген сөз 
[
5,4 б.].
Тіл 
– 
халық рухы, тарих куәгері. Қоғамның адамгершілік жағынан өзінің дүниеге 
алып келген анасының тіліне, оның аяулы үніне жаны ашымайтын қоғамнан рухани өрлеу, 
өркениет күтуге болмайды. Қоғамдағы шұғыл өзгеріс, өмірінің барлық саласына айрықша 
әсерін тигізіп жатқанда, ана тілінің қасиетті құнарын сақтап қалу 
– 
зор мүдде. Ұлттық
рухтың темірқазығы 
– 
тіл. Сондықтан мемлекетіміз мемлекеттік тілге айрықша көңіл бөліп, 
ерекше қолдау көрсетіп келеді. Бұл Елбасының таяудағы Жолдауында да айтылды. Ана 
тілінің топырағында көктеп, ауасынан тыныс алмаған өнер де, білім де өміршең болмайды. 
Қазақтан Абай секілді алып шықса, оның артында қолдаушы күш ретінде ана тіліміз тұр. 
Еліміз
-
егемендік, тіліміз мемлекеттік мәртебе алғалы қазақтың асыл арманы 
орындалғандай. Өзге дербес елдермен тереземіз теңесеп, керегеміз кеңейді. Тіліміздің 
мәртебесі көтерілсе, елдің де мәртебесі биік болатыны хақ. Тілсіз халықтың, елдің өмір 
сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Қай 
халық өз ана тілін құрметтемеген, айрықша бағаламаған. Бірақ қазақ халқы бұған ерекше 
зер салған. Қазақ 

тіл қадірін өз қадірім деп білген халық. Тілге кеңдігін де, елдігін де, 
кемеңгерлігі мен көсемдігін сыйғыза білген жұрт.
Оның тарихы, тағдыры да, тәлімі мен 
тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі сол тілде жатыр. Өйткені тілінен айырылған ұлт, 
елдігін де жоғалтады. Ең бастысы 
– 
осы кездерде қазақ тіліне қатысты ұлт тілінің қазақ 
қоғамының жемісті жолда дамуындағы аса маңызды рөліне жұртшылық көзін жеткізе білді. 
Тіл 
– 
ұлттық дамудың рухани көрсеткіші болғандықтан да қазақ халқының ұлттық сана
-
сезімінің өсе түсуіне тілдің маңызы зор. Ата 
– 
бабамыздың сан ғасырлық асыл мұрасы 
– 
салт 
– 
дәстүрі, сенім 
– 
нанымы, тарихы мен мәдениеті келешек ұрпаққа тек ана тілі арқылы 
сақталып, табыс етілді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы жеткен 
бабалар аманатына адал болайық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет