Пленарлық баяндамалар


ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет95/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
78 
тілінің өсіп өркендеуіне біраз жағдайлар жасалуда. Соның бірі
-
қазақ тілінің мемлекеттік 
мәртебе алуы. Тіл
-
ұлттың ұлт болып қалыптасуының ең бірінші шарты. Жетпіс жыл бойы 
басқа тілдің көлеңкесінде қалып келген тіліміз алғаш рет 1989 жылы мемлекеттік мәртебеге 
ие болды. Содан бергі уақыт ішінде тіліміздің қанатын кеңге жайғаны байқалады. Бірақ ата
-
бабамыздың мұрасы
-
қаймағы бұзылмаған қазақтың қара сөзін, оның тілін тек заң шығару 
арқылы ғана сақтап қалуға болмайды. Жүрегі «Ұлтым» деп лүпіл қаққан ұлтжанды әрбір 
адамның «Азаматтық парызы»
-
өз тілінің терезесін өзге тілмен тең ету, оны шын жан
-
тәнімен сүю, оны көзінің қарашығындай сақтау. Осы қасиеттердің барлығын болашақ 
ұрпағының бойына сіңіру 
[
2, 7 б.]
Егеменді ел болған Қазақстан Республикасы келешекте өркениетті елге айналу үшін 
қазақ тілінің мәртебесі әр уақытта биік болуы керек. Заманымыздың заңғар жазушысы 
Ғабит Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, бүгінінен де, 
болашағынан да қол үзеді. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана 
аяққа басады», 
-
деген. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт
-
сананың мызғымас тірегі 
– 
тәуелсіздік! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып, жапырағы 
жайқала бастады. Тәуелсіздікдің арқасында қазақтың тілі өз мәртебесін алып, өзге 
ұлттардың да қызығушылығын тудыруда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның 
болашағы 
– 
қазақ тілінде», «Ана тіліміз 
– 
бәріміздің анамыз, өйткені ол 
– 
ұлтымыздың 
анасы» деген уәждері тіліміздің қадыр 
– 
қасиетін танытып тұрғаны анық. Ұлттың 
тәуелсіздігі оның ана тілінің тәуелсіздігінен басталады. 
Елдің ертеңі 

жастар қолында. Ұлттық дәстүр мен салт
-
сананы берік сақтап, саналы 
да парасатты болашақ ұрпақты тәрбиелеп жеткізу де қазіргі біздің қолымызда. Оларға 
беріліп жатқан білім мен тәрбиенің негізі тіл арқылы болатынын ескерсек, білім беру 
мәселесі бойынша айтарлықтай табысқа жеткенімізді бүгін ауыз толтырып айта аламыз. 
Оның ең маңызды қызметі 

халықтың ұлттық бітім
-
болмысын, ой
-
санасын, мәдени
-
әдеби 
байлығын ұрпақтан
-
ұрпаққа жалғастырып, жинақтап жеткізуші рухани құндылық 
болуында жатыр. Тәуелсіздік пен тіл тағдыры өз қолымызда екендігін сезіну және сол 
тәуелсіздігімізді қорғай білу Қазақстанның әрбір азаматының борышы болмақ. Еліміз дами 
түсуіне қадір
-
халіміз жеткенше атсалысу 
– 
анамыздың, ата
-
тегіміздің алдындағы азаматтық 
саналы борышымыз. Осы қасиетті де, қастерлі ұғымдарды білімгерлердің бойына сіңіріп, 
«болашақ» атты тұғырға шәкірттерімізді қондыру 
– 
әр педагогтың мақсаты, білім беруде 
бұл біздің жеткен үлкен жетістігіміз болмақ.
Осы бір қасиетті ұғымдарды егіз қозыдай қатар 
атау олардың адам өміріндегі алатын орнын айшықтайды. Яғни, тілсіз тәуелсіздіктің, 
тәуелсіздіксіз тілдің ғұмырының баянды болуы мүмкін емес. Тәуелсіздік те, тіл де маңызды. 
Тіл

ұлт келбетінің көрсеткіші дегенді жиі айтамыз. Онда тілдің ахуалы да 
– 
сол 
халқымыздың рухани деңгейінің көрсеткіші. Түсіне білген адамға тіл үйрену 
– 
ұлтты 
сыйлау, халықты құрметтеу. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге сай қызмет атқарудағы 
ғылым тілі болуы аса маңызды роль атқаратындықтан да бұл салада көптеген теориялық
-
тәжірибелік мәселелерді шығармашылықпен шешу міндеті алда тұр. Тіл 
– 
ұлттың өзіндік 
бейнесін анықтап, рухани келбетін көрсететін төлқұжаты сынды. Ана тілінің бүгіні мен 
болашағына немқұрайлы, салғырт қарау, ол өз Отанының мүддесіне дәл солай қарау. 
Ұлттық тіл жоқ жерде ұлт та, ұлттық мемлекет де жоқ. Ұлттың барша қадір
-
қасиеті оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет