Пленарлық баяндамалар


ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет94/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

ҮЗДІКСІЗ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ 
НЕПРЕРЫВНОЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
 
77 
Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, 
Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК
-
нің 
қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан 
азаматтар қуғын
-
сүргінге ұшырады. КСРО
-
ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы 
қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Бүкіл бір ұлттың 
сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданған сәтте, халықтың жігерлі 
жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Көп жылдар бойы қалғып жатқан 
ұлттың намысын оятты. Енді осылай бас шұлғып тағы бір жарты ғасыр өмір сүргенімізде 
тілімізді ұмытып, дінімізді жоғалтып, жерімізді жаттың игілігіне беріп, бәрінен тұлдыр 
болып шыға келетін анық еді. Желтоқсандық өрендер ұмытылмайды, ерліктері мәңгілік 
сақталады! Сол қасиетті желтоқсанның ауыртпалығын арқалаған, он екіде бір гүлі 
ашылмаған, қыршынынан қиылған Рысқұлбеков Қайраттың есімі ешқашан ұмытылмайды,
оны ұмытуымызға хақымыз да жоқ. Тәуелсіздік туын жеңіп берген қайсар қазақстандық 
жастардың әр біреуі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады
[
4,7-
11бб.]
Ал бүгінгі таңда тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 33 жыл болып отыр. Осы 33 жыл 
ішінде жас мемлекетіміз талай қиыншылықтарды басынан кешіп, талай 
– 
талай асулардан 
өтті. Тәуелсіздікті аңсаған бабаларымыздың жердің бүтіндігі, елдің амандығы үшін небір 
тар жол, тайғақ кешуден өткені белгілі. Енді Қазақстан халқы тәуелсіздік жолында бірлік 
пен ынтымақты сақтап, ел экономикасын жақсартуда қызмет етуде әрқашан биіктей береді. 
Қазақ өз тағдырын өзі шешетін еркіндік, жасампаздық дәрежеге жетті. Әр халықтың 
халықтығының кепілі, құдіретті бойтұмары 
– 
еркіндік, егемендік, Тәуелсіздік! Дүниеде 
бұдан асқан ұғым, бұдан қымбат игілік жоқ. Арыстарымыздың қанымен, жанымен келген 
тәуелсіздігімізді алып, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай.
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. 
Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп,
ұйымдаса білуінің, сондай
-
ақ 
басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты
-
ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймады. Қазақтар талай рет 
тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары 
еңсесі түскен елді қайта түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып, өзінің 
мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Бүгінгі ұрпақ 
– 
ғасырлар бойы ата
-
бабамыздың 
арманына айналған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақпыз. Сол 
себепті де «дәл қазіргі ұрпақ 
– 
бақытты ұрпақ». Мемлекетіміздің тәуелсіздігі 

халқымыздың бақыты. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде өткенімізге үңіліп, тарихи 
ақтаңдақтарымызды анықтап, мәдени мұраларымызды қамқорлыққа алып жатырмыз.
Қазақтың ұлы тарихшысы, ойшылы Манаш Қозыбаев : «жаңа ХХІ ғасыр 
басталысымен еліміздің құдыреттілігін сезінетін боламыз. Адам баласының арманы тек 
ақшамен шектелмей, ақыл парасатты, адамгершілікті, ақыл

сананы, гуманизмді қаз 
қалпында ұстауымыз керек. Біз осындай қоғам жасайтын болсақ қана тәуелсіздік баянды 
болады. Дініне, тіліне берік, көзқарасы әбден қалыптасқан халық қана тәуелсіздігін мәңгі 
сақтап, болашаққа нық қадам бастайды 
– 
деп ой түйеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты 
белгісі

оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Қазақ өз тағдырын өзі шешетін еркіндік, 
жасампаздық дәрежеге жетті. Тәуелсіз ел болуымызға тарихи маңызы бар заңдық құжат
-
1991 жылы 16
-
желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік 
тәуелсіздігі туралы” конституциялық заңы
 
болып
табылады. Тәуелсіздік алғаннан кейін 
қазақ елінің территориялық тұтастығының заңды негізі қаланды. Қазақстан халқы дүние 
жүзіне өзінің тәуелсіз, демократиялық халық екендігін көрсете білді. Осыдан 30 жылдан 
астам уакытта еліміздің қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр
-
қасиеті артып, 
айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқанын 
көрсетеді.Тәуелсіздіктің арқасында біз тілімізді сақтай білдік. Тәуелсіздік алғалы қазақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет