Абай атындағы ҚазҰпу-нің хабаршысы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №3(71), 2020 139 мрнти



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата20.05.2024
өлшемі0,87 Mb.
#202533
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
74-Текст статьи-700-1-10-20210612

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №3(71), 2020 г. 
142
техникалық зерттеушілік тапсырмалар беріледі. Англиядағы физика оқулықтарында білімгерлерге 
көптеген (бірнеше жүзден астам) зертханалық жұмыстар, Экспериментті есептер мен жаттығулар 
ұсынылады.
Польшаның білім беру жүйесінде арнайы «Техника» атты пән бар. Оны оқытудың мақсаты 
білімгерлердің техникалық мәдениетін қалыптастыру. Пәнді оқытудағы ең маңызды мәселе - 
білімгерлердің техника түрлері туралы білімдерді, олардың маңызды бөліктері мен функцияларын
көп тараған техникалық объектілердің жұмыс істеу принциптерін және т.б. меңгеруі. 
АҚШ-та білімгерлер ірі конструкторлық жобаларға қатысады. Осы мәселенің өзектілігі АҚШ-та 
білімгерлердің Технологиялық ассоциациясын құруға алып келді. Бұдан басқа АҚШ-та қолданбалы 
бағдарланған факультативті пәндер өте көп: «Техника», «Қолданбалы физика», «Техникалық 
модельдеу» және т.б. Физика курсында техника мәселелерін оқып үйренуге көп көңіл бөледі. 
Физикадан оқулықтардың көбінде әр тақырыптың басында заманауи техникалық объектілермен 
таныстырады. Білімгерге оқытылатын материалдың практикалық қолданылуының маңызын және 
оларға белгілі тұрмыстық құрылғылар туралы айтылады. Сонан соң олардың жұмыс істеуінің 
физикалық негіздері түсіндіріледі. Осы жерде айта кететін бір жайт отандық оқулықтарда, әдетте 
бірінші құбылыстың физикалық маңызы қарастырылады да, соңынан оның техникада қолданылуы 
атап көрсетіледі. Физика оқулықтарында бөлек параграфтарда американдық білімгерлерге өз бетінше 
экспериментальды қондырғаларды құрастыру және сол қарапайым құрылғыларды пайдаланып 
тәжірибе жасау тапсырмалары беріледі. Сол тәжірибелерді құрудың нұсқаулықтары беріледі, алайда 
тәжірибеге қажетті приборларды білімгерлер өздері таңдап алуы қажет болады.
Қолданбалы техникалық материал да сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнында берілген 
(техникалық объектінің жұмыс істеуінің физикалық негіздерін түсіндіру, техникалық объектінің 
параметрлерін есептеу және т.б.). 
Шетелде физикалық білім берудің теориясы мен практикасына талдау жасай отырып, олардың 
физиканы оқыту үдерісінде қолданбалы бағдарлылық мәселелерін қолдану қолға алынған деген 
қорытындыға келдік. Физиканы оқытудың қолданбалы бағдарлылығы әр түрлі техника объектілерін 
оқып үйренуде, білімгерлердің өзіндік техникалық әрекетінде, қолданбалы сипаттағы есептерді 
шешуде және т.б. айқындалатынын анықтадық.
Ал, біздің елімізде ЖОО-да болашақ физика мұғалімдеріне физиканы оқытудың қолданбалы 
бағдарлылығын жүзеге асыруда қолданбалы физика сұрақтарын АКТ құралдарын пайдаланып 
оқытудың әлеуетін тұжырымдасақ: 
1.
2000 жылдан бастап физика бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда АКТ құралдарын 
пайдаланудың тек қана практикалық тәжірибесі жинақталған. ЖОО-да тек техника объектілерін АКТ 
құралдарын пайдалана отырып үйренуге арналған зерттеулер жеткіліксіз болды. 
2.
Электрондық оқулықтарда қолданбалы физика сұрақтары жайлы ақпараттар дәстүрлі оқу 
құралдарына ұқсас берілген. Электронды оқулықтардың көп бөлігі полиграфиялық оқу 
құралдарының ақпаратын қайталайды. 
3.
Оқытушылар мен әдіскерлердің АКТ құралдарын пайдалануға деген қызығушылығының 
артуына қарамастан, ЖОО-да физиканың қолданбалы сұрақтарын оқып үйренудің дәстүрлі әдістері 
мен құралдары қолданылып келеді.
4.
Бүгінгі күнде білім берудің виртуалдық ортасын қолданбалы физика бойынша ақпаратпен 
толықтыру өзекті мәселе болып отыр. Өкінішке орай, қазіргі электронды оқулықтардың басым 
бөлігін статикалық объектілер құрайды, ал анимациялық және интерактивті модельдер сирек 
кездеседі. Қолданбалы физика сұрақтарын қарастыруда электронды оқулықты қолданудың тиімділігі 
виртуалды ортаның барлық функцияларын (мультимедия, интерактивтілік, интеллектуалдық
өнімділік, коммуникативтілік) кеңінен пайдаланғанда ғана артуы мүмкін.
5.
Виртуалды ортада қолданбалы физиканың сұрақтары бойынша материалдар оқу үдерісінде тек 
жеке техникалық объектілердің жұмыс істеу негіздерін демонстрациялаумен ғана шектеліп қалмауы 
тиіс. Техника бойынша электрондық ресурстар білімгерлердің техникалық әрекеті мен мінез-
құлқының қағидалары туралы түсініктерді қалыптастыруға жағдай жасайды. 
Білімгерлерге арналған әдебиеттерде және физика мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдарда 
(Н.С. Пурышева, В.П. Орехов, В.Г. Разумовский, А.В. Усова және т.б.) ұсынылатын 
оқытудың 
әдістері мен түрлері
қызығушылық тудырады. Авторлар оқытудың қолданбалы бағдарлылығының 
әдістері мен түрлерін әдетте арнайы сараламайды және оқу, оқу-әдістемелік құралдарда ортақ 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №3(71), 2020 
143
тізіммен беріледі. Осы әдебиеттерде физиканы оқыту барысында оқытудың қолданбалы 
бағдарлылығын жүзеге асырудың келесі әдістері мен түрлері көрсетілген: 
-
оқытушының әңгімелеуі (таныстыру); 
-
оқытушының түсіндіруі: 
-
физикалық құбылыстар мен заңдардың техникада практикалық қолданылуы
-
техникалық объектілердің жұмыс істеу принциптері мен өндіру ерекшеліктері; 
-
оқытушының көрнекілеуі: 
-
әрекеттегі техникалық объектілер (немесе олардың макеті), 
-
физика-техникалық тәжірибелер, 
-
физика-техникалық мазмұнды видеофрагменттер. 
-
физика-техникалық және қолданбалы мазмұнды есептерді шығару; 
-
СӨЖ, техника сұрақтары бойынша мәлімдемелер жасау; 
-
мазмұны техникалық объектілерді оқып үйрену болып табылатын зертханалық және 
фронталды жұмыстарды ұйымдастыру; 
-
қолданбалы физика бойынша факультативті курстар оқу; 
-
өндіріске экскурсия жасау. 
Көріп тұрғанымыздай көбіне оқытудың түсіндіру, көрнекілік (әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік 
құралдарын пайдалану) және репродуктивті әдістері басым.
Оқытудың қолданбалы бағдарлылығын жүзеге асыруда зерттеушілер физика-техникалық және 
қолданбалы мазмұнды есептер шығаруға да көңіл бөледі. 
Р.А. Садвакасова оқытудың қолданбалы бағдарлылығын жүзеге асырудың келесі бағыттарын 
бөліп көрсеткен: 
1.
Сәйкес қолданбалы салалардан дербес мәселелер мен оларды шешу тәсілдерін іріктеп алу; 
2.
Болжам құруға және оның дұрыстығын тексеруге, мәліметтерді таңдап алуға, талдауға және 
оларды жалпылауға мүмкіндік беретін математикалық аппаратты кеңінен қолдану; 
3.
Есепті мәтінді, графиктік, кестелі түрде көрсете алу; 
4.
Есепті шешуді қарқындату үшін техникалық құралдарды пайдалану, соның ішінде 
компьютерлік техниканы; 
5.
Практикалық маңызды нәтиже алу мақсатында мәселенің берілуін өзгерту арқылы зерттеушілік 
дағдыларды дамыту. 
Аталған 
бағыттардың 
біріншісі 
қолданбалы 
бағдарлылықты 
жүзеге 
асырудың 
ұйымдастырушылық және әдістемелік жағын білдіріп, педагогтың іс-әрекетімен сәйкестендіріледі. 
Екінші бағыты қолданбалы мәселелерді шешудің жалпы әдісін сипаттайды. Басқа бағыттардың 
мазмұны қолданбалы есептерді шешумен сәйкес келеді [4, 19 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет