ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Физико-математические науки», №3(71), 2020 г.
140
Кіріспе.
Бiлiм беру жүйесi еліміздің әлеуметтiк экономикалық дамуында
басты рөлдердің бірін
атқарады, сонымен қатар, оны әрiқарай айқындай түседi. Осыған байланысты қабылданған
«Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған
Білім мен ғылымды дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы» білім беру саласындағы барлық түйінді мәселелерді шешуге бағытталған.
Бағдарламада қарастырылған міндеттер педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету,
педагогикалық білімді модернизациялау; озат тәжірибелер
негізінде оқушылардың, педагогтардың,
білім беру ұйымдарының білім сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу; экономика мен
аймақтық
ерекшеліктерге сай оқытудың, кәсіптік даярлаудың жалғастығы мен үздіксіздігін
қамтамасыз етуді жүзеге асыруы тиіс. Сонымен бірге білімгерлердің интеллектуалдық, рухани-
адамгершілік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету және т.б. бағдарламаның
негізгі бағыттарына
жатады.
Заманауи физика ғылымы негізінде дамыған техникалық бағыттардың (электроника, автоматика,
томография, робот техникасы, есептеу машиналары, т.б.) басым көпшілігі электрлік құбылыстарды
кеңінен қолдану арқылы ғана бүгінгі деңгейге көтерілді. Физиканың адам өмірінің осындай әр түрлі
салаларында қолданылуы – ЖОО-да осы ғылымның қолданбалы аспектілерін оқытудың маңызды
екенін көрсетеді. Сол себепті бұл үрдіс болашақта да қарқынды дами түседі. Осындай күрделі де
қиын саланы теориялық тұрғыдан тереңдете отырып, саналы түрде меңгерту және алған білімдерін
практикада
қолдануға жаттықтыруға, яғни оқытудың қолданбалы бағдарлылығын арттыруды қолға
алынуға тиіс.
«Физика» мамандығы бойынша оқитын болашақ физика мұғалімдеріне болашақта зерттеушілік
іспен айналыспайтындықтан, оларға заманауи теориялық физиканың
математикалық аппаратын
терең меңгеру мақсаты қойылмайды. Оларға сол аппаратты қолданудың жалпы принциптерін біліп,
түсінуі жеткілікті. Алайда, заманауи теориялық физиканың әдістемелік мәселелері тереңірек
қарастырылуы қажет. Себебі, болашақ педагог әлемнің жалпы физикалық көрінісін жақсы түсінуі
керек. Осы жерде оқытудың кәсіби бағдарлылық ұстанымы өз көрінісін табады.
Достарыңызбен бөлісу: