Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №3(71), 2020
141
Оқу курсына енген техникалық мағлұматтар болашақ физика мұғалімдерінің меңгеруіне
қолжетімді болуы керек. Осыған байланысты әдістемелік ғылымда қолданбалы техникалық
материалды меңгеру деңгейлері туралы мәселе талқылануда.
Сонымен, физикадан қолданбалы сипаттағы материалды іріктеп алу критерийі ретінде
зерттеушілер: 1) қолданбалы сипатты материал мен физика курсының
оқу бағдарламасының
мазмұнымен табиғи үйлесуі (курс мазмұнын тереңдету мен нақтылауға бағдарлау, физикалық
құбылыстар мен заңдардың практикалық қолданылуын көрнекілеу); 2) ҒТП негізгі бағыттары; 3)
заманауи өндірістің құрылымын демонстрациялау; 4) әрбір техникалық объект бойынша материалды
оны оқып үйренудің жалпыланған жоспарымен сәйкес іріктеп алу; 5) оқытудың өмірмен байланысы –
білімгерлер күнделікті кездестіретін техникалық объектілерді енгізу; 6)
техникалық материалды
меңгерудің қолжетімділігін атап көрсетеді.
Біздің зерттеуімізде физиканы оқытуда қолданбалы сипаттағы оқу материалын іріктеп алудың
келесі критерилері пайдаланылды:
-
кең тараған және келешекті технологиялардың, техниканың, өндірістің, ҒТП-ның маңызды
бағыттарының физикалық негіздерін
оқу материалына кіріктіру;
-
жалпы физика курсының теориялық материалын қолданбалы сұрақтарымен үйлестіру;
-
білімгерлердің техникалық түйсінуін дамыту.
Осы айтылған критерийлерге сәйкес қолданбалы сипаттағы материалдың мазмұнын құрайтын
сызба былай болады: физика курсының бөлімі (физикалық құбылыстар мен заңдардың өтетін саласы)
ғылыми-техникалық прогрестің бағыты
өндірістің саласы мен түрлері
қолданбалы физика
мен техника сұрақтары (нақты техникалық объектілер мен технологиялық процестер), соның ішінде:
-
механика – өндірісті механизациялау – гидроэнергетика, құрылыс механизмдері мен
машиналары және т.б. – техникалық объектілер (гидравликалық пресс, шлюз және т.б.);
-
молекулалық физика және термодинамика негіздері – жылу энергетикасы, берілген қасиеті бар
жаңа материалдарды жасау, металлдарды өңдеу және т.б. – техникалық обьектілер (бу және газ
турбинасы,
жылу қозғалтқыштары, термос және т.б.) және технологиялық процесстер (металдарды
термиялық, термомеханикалық өңдеу, металдарды илемдеу, легирлеу, кристалдарды өсіру және т.б.);
-
электродинамика – электроэнергетика және электрлендіру – электр энергиясын өндіру,
тасымалдау және қолдану, жартылай
өткізгішті құралдарды жасау, ЭТЖ және т.б. – техникалық
объектілер (электр өлшеуіш құралдар, гальваникалық элемент, трансформатор, диод және т.б.) және
технологиялық процесстер (металлды электролитті өңдеу әдістері, имектеп дәнекерлеу және т.б.);
-
электромагнитті толқындар мен тербелістер – радиоэлектроника, ЭЕМ және оптикалық техника
– радиотехника мен ЭЕМ өндіру – техникалық обьектілер (айнымалы ток генераторы,
радиоқабылдағыш, радиолокатор, фотоаппарат және т.б.) және
технологиялық процесстер
(бөлшектердің рентгендік диагностикасы, спектрлі анализ және т.б.);
-
кванттық физика – ядролық энергетика, фотоэлектронды және лазерлі техника –
фотоэлектронды техниканы өндіру, ядролық энергетика және т.б. – техникалық обьектілер (ядролық
реактор, элементар бөлшектерді үдеткіш, фотоэлемент, лазер, МРТ және т.б.) және технологиялық
процесстер (өнеркәсіптегі лазерлік технологиялар, телевизионды сигналдарды жіберу мен қабылдау
және т.б.);
-
физика курсының барлық бөлімдері – өндірісті автоматтандыру – автоматтандыру
технологиясы (датчиктер, автоматтар, терморегуляторлар және т.б.).
Қолданбалы физика сұрақтарын барынша толық және жүйелі түрде қарастыруда әдетте техника
обьектілерін (ТО) сипаттау үшін жалпыланған жоспарлар пайдаланылады. Егер, ҒТП бағыттары мен
өндіріс салалары техникалық обьектілердің құрамын іріктеп алудың негізі болса, онда жалпыланған
жоспардың құрылымы нақты ТО бойынша оқу материалын іріктеп алудың негізі болып табылады.
Қолданбалы сипаттағы материалды іріктеп алудың критерийлерін
пайдаланудың нәтижесі
жалпыланған жоспардың мазмұнына байланысты. Әр түрлі авторлар ТО оқып үйренудің алуан түрлі
жалпыланған жоспарларын ұсынған.
Қазіргі таңда ЖОО-да болашақ физика мұғалімдерін дайындауда физиканы оқытудың
қолданбалы бағдарлылығын арттыру мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Шетелдерде қолданбалы (техникалық) мазмұнды оқу материалын пайдаланып білімгерлерді
даярлау технологиялық пәндер аясында жүзеге асырылады.
Ұлыбританияда физика курсында қолданбалы сипаттағы материалды физикалық құбылыстар мен
заңдардың қолданылуы ретінде қарастырады. Әр бөлімнің соңында толық сипаттамасы бар