Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында оқуды меңгерудің үш деңгейі
қарастырылады:
А) ең тӛменгі деңгей (базалық), В) бағдарламалық, С) күрделенген деңгей.
Қазіргі дамыған заман ағымында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден ӛздігінен
білімді игеру қабілетін талап етеді.Сондықтан жаңаша кезеңдерден ӛтуіне
қарай ӛз-ӛзіне сенімді жеке тұлға ең нәтижелі болады.Саралап оқыту
технологиясы тиімді және нәтижелі болу үшін субьектінің жеке
ерекшеліктеріне, технологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді
меңгеру деңгейіне кӛңіл бӛліп отыру қажет. Саралап оқыту тәжірибесі
кӛрсеткендей, бастапқы кезеңде мұғалімдер жасырын саралау, кейін айқын
саралау жүргізеді.Оның барысында оқушылар оқу үдерісіне саналы әрі
белсенді түрде қатысады.
Мұғалімдер сабақ процесінде оқушыларды жоғары деңгейлі тапсырмаларды
таңдауға ынталандырады.Бұл үдерісте әр оқушы оқу материалының
күрделілігіне қарай ӛзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты шешім қабылдап,
саралау тапсырмаларын орындайды.Алайда бұл барлығына міндетті деңгейден
тӛмен болмауы тиіс. Нәтижесінде оқыту үрдісінде саралау стратегияларының
тиімділігі::
-оқушының сабаққа қызығушылығы артады;
-уақытты тиімді пайдалануға ұмтылыс болады;
-ӛзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыра алады;
-нәтижелері бойынша ӛзара және ӛзін-ӛзі бағалауды жүзеге асырады;
-ресурстарды саралау;
-диалог/сұрақтар қолдану;
- түрлі қажеттіліктері мен деңгейі бар оқушыларға қолдау кӛрсетіледі;
-оқушылардың жұмыстары әділ бағаланады;
-дарынды оқушыларды анықтап, олармен жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің
орнауы;
-оқушы мен мұғалімнің шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы;
-заттық-кеңістік ортаны ұйымдастыру;
-білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
Қорыта келгенде, саралау тапсырмаларының түрлерін тиімді қолдану әр
тұлғаның жеке қажеттілігін жетілдіру мен қолдау кӛрсетуге, оқыту процесін
меңгеруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат-міндеттеріне жетуге және
ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді.Мұғалімдерге сабақты
жоспарлауда дағдыларды дамытуға негізделген саралау тапсырмаларын
анықтау, саралау түрлерін алдын-ала жоспарлау мен қолдауды қажет ететін
оқушыларға бағыттау үшін әдістерді қолдану қиындық тудырады.Сондықтан
мұғалімдер ӛзінің сабақ беру емес, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеріп,
оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Жоғарыда кӛрсетілген саралау
түрлері осы кездескен қиындықтарды шешуге кӛмек бола алады. Қалыптасқан
тиімді дағдылар оқушылардың кез келген жағдаятта қалай бейімдеу керек
екенін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген шешімі күрделі
тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: