Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет60/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Электролит ерітінділарі.
Еріген кезде еріткішпен әрекетесіп, иондарға 
диссоциацияланып, ерітіндіге ток өткізгіштік қабілет беретін заттарды электролиттер 
дейді. Кейде электролиттер ионогенді болып екіге бөлінеді. Ионогенді электролиттер таза 
күйінде диссоциацпияланбаған молекулалардан тұрады. Бұл тектес электролиттерге сіркс 
қышқылы, тұз қышқылы және тағы басқалар мысал болады. Ал, ионоферлі 


81 
электролиттерге ешбір еріткіште ерімесе де, таза қалпында ақ өз құрамында 
диссоциацияланған иондары бар қосылыстар жатады. Бұл топқа көптеегеп тұздар мысал 
болады. Егер электролит толық диссоциацияланса және осы кездегі әрбір молекула 

иондарға ыдыраса, онда ерітіндідегі иондар саны N

болады, мұндағы N — электролит 
молекуласының саны. Егер де барлық молекула диссоциациялан-бастан, оның 

бөлігі гана 
ыдыраса, онда ерітіндідегі бөлшектер саны N электролитіндегіден 
і
есе аз болады, 
мұндағы 
і
— изотоникалық коэффициент, кейде оны Вант-Гофф коэффициенті де дейді. 
і
= l +

(

- l )
(1) 
мұндағы 

— диссоциациялану дәрсжесі, кейде оны иондану дәрежесі десе, енді бірде 
диссоциациялану коэффициенті дейді. Диссоциациялану дәрежесі иондарға ыдыраған 
молекулалардың электролиттегі барлық молекулаларға қатынасымен анықталады. Бұдан 
электролиттердің аномальдік, коллигативтік қасисттерге бейім екендігі байқалады. Егер 
электролит емес ерітінділердің коллигативті қасиеттерін өрнектейтін теңдеуге 
изотоникалық коэффициентті енгізсе, онда тәжірибе кезінде және есептеу арқылы 
алынған шамаларды теңеуге болады. 
Электролиттер диссоциациялану қабілетіне орай шартты екі топқа белінеді: әлсіз 
және күшті электролиттер. 
Әлсіз электролиттер.
Көптеген қосылыстарды еріткенде олардың молекулалары 
түгелдей диссоциацияланбайды, яғни иондарға ыдырамайды. Оларға органикалық 
қышқылдардың басым көпшілігін, фенолды, аммиакты және аминдерді, көмір қышқылын, 
сынап тұзы сияқты кейбір тұздарды, тағы басқаларды жатқызуға болады.. Әдетте 
электролиттердің күшін диссоциациялану дәрежесі (

) арқылы сипаттайды. Берілген 
электролиттің диссоциациялану дәрежесі 

<0,3 болса, ол әлсіз, ал 

>0,3 болса күшті 
электролит делінеді. Диссоциациялану дәрежесі концентрация сияқты көптеген
өлшемдерге тәуелді болады. Демек, оны диссоциация константасы арқылы өрнектеу 
ыңғайлы. 
Әлсіз электролиттің диссоциация теңдігін қарастырайық. Ол ү ші н бинарлы, яғни 
диссоциация кезінде бір катион және бір анион беретін шартты таңбамен өрнектелген 
электролитті мысал ретінде алайық: 
КА = К
+


Егер берілген қышқылдың бір молі V литр еріткіште ерітілсе, оны V=1:С ерітіндіні 
сұйылту дейді және С 
К+
=С 
А- 
=

/V, ал С
АК
=( 1 -

) : V .
Онда диссоциация константасы 










1
1
2
2
C
V
K
(2) 
Бұл өрнекті 
Оствальдтың сұйылту заңы
(1888) дейді. 
Бұдан берілген концентрациядағы диссоциациялану дәрежесі жоғарылаған сайын, 
диссоциация константасының артатыны анық көрінеді. Демек, электролиттің күшін 
диссоциация константасы арқылы оңтайлы өлшеуге болады. Кез келген теңдік 
константасы сияқты диссоциация константасы да температураға тәуелді шама. Олай 
болса, электролит күші температураға сәйкес өзгереді. Осы жоғарыда алынған өрнек 
бойынша, берілген концентрациядағы электролиттің диссоциациялану дәрежесінің 
шамасын пайдаланып, диссоциация константасын анықтайды. Сол сияқты берілген 
концентрациядағы диссоциация константасын пайдаланып, кез келген концентрациядағы 
диссоциациялану дәрежесін есептеп шығарады. (2) өрнек тек бинарлы электролиттер үшін 
екенін ескеріп, басқа күрделі электролиттер үшін біршама түрлендіріп, өрнекті 
концентрация мен диссоциациялану дәрежесі сияқты айнымалы шамалар арқылы 
сипаттау керек екенін айтқан жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет