Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет197/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер
1 “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету
арқылы қолдау” туралы №343 Қазақстан Республикасының Заңы
2 Ананьев Б.Г. Анализ трудностей в процессе овладения слабослышащими
детьми чтением и письмом //- АПН РСФСР, 1989. 
3 Нейман Л.В.Слуховая функция и тугоухих и глухонемых детей-М,1961 
4 Боксис Р.Ф. Глухие и слабослышащие дети. – М.: Академия
педагогических наук, 1963. 
5 Багрова И.Г. Обучение слабослышащих учащихся восприятию речи на
слух. - М.: Педагогика, 2001. 
6 Запорожец А.В. Избранные психологические труды. Т.1. – М., 1986. – 63
ст. 
7 Розанова Т.В. Возрастные особенности соотношения ориентации на


543 
самооценку и на оценку другими люьдми// В кн.: Изучение мотивации
поведения детей и подростков.- М., 1978.- С. 81-111. 
8 Березовский Б.Л. К методике выявления музыкальных особенностей у
детей. // вопросы психологии.1992 .№5 
9 Боксис Р.М. Учителю о детях с нарушениями слуха. М.: 1998 
10 Боксис Л.М., Фингерман Л.Е. Развитие письменной речи в начальных
классах школы слабослышащих. М,2004. 
11 Егоров Т.Г. Психология овладения навыком чтения. М.,1993. 
 
УДК 159.923.2
МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІН
АЙҚЫНДАУ 
Ж.З.Торыбаева., п.ғ.д., профессор, М.У. Тусеев., докторант
А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университет і, Түркестан, 
Қазақстан
С.А.Кузжанова., оқытушы 
Мардан Сапарбаев инстит уты, Шымкент, Қазақстан
Резюме 
 В данной статье рассматрива ютс я вопросы обеспечен ия благоприя тной
морально-психологической среды в школе и в классе, поддержания и 
укрепления психического и физического здоровья детей, формирование 
ведущей формы деятельности, создающей безопасную образова тельную среду, 
сохраняющую его индивидуальность, как важнейшего фактора развития 
ребенка.
 
Summa ry
This article di scu s se s the i ssu es of providing a f avorab le mo ral an d
psyc hologi cal envi ron ment in s chool and in the clas sro om, pre se rvi ng,
maintaining and st re ngthen ing the ment al and physical he alth of children, the
f ormation of a leading f orm of activity that create s a saf e educational envi ronm ent
that pr es er ve s thei r indi vidualit y, as the mo st imp orta nt f actor in child
develo pment
Бүгінгі әлеуметтік-мәдени жағдайда жеке тұлғаның қалыптасуына сыртқы 
жағдайлардың теріс әсер етуінің көптеген жағдаяттарын байқауға болады. 
Басқа адамға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерінің көріністері қазіргі 
әлемде кеңінен таралған. Осыған байланысты егер физикалық зорлық-
зомбылық әрекеттерінің жағдайлары біржақты қабылданып сотқа дейін 
шаралармен жазаланатын болса және оған қарсы заң аясындағы қарқынды 
тергеу амалдары жүрсе, ал психологиялық зорлық-зомбылық тек қоғамдық 
санада, ғылыми зерттеулер шеңберінде талқыланып, қалып қоюда.
Мұндай жағдайда ғалымдардың пікірінше психологиялық қауіп-қатердің 
бірнеше себептері бар. Алайда мектептегі орта білім алушыларға 


544 
дамытушылық ықпал жасау үшін мектептегі тұтас педагогикалық үдерістің 
қатысушылары өзін-өзі басқаруды қамтитын мүмкіндіктер кешені болуы қажет. 
Сонымен, «бұл кешен үш құрылымдық компонентті қамтиды: 
- кеңістіктік -пәндік - сабақтар мен қосалқы қызметтерге арналған үй-жайлар, 
жалпы ғимарат, іргелес аумақ және т. б; 
- әлеуметтік - білім беру қызметінің барлық субъектілерінің (оқушылар, 
педагогтар, ата-аналар, әкімшілер және т. б.) өзара қарым-қатынасының 
сипаты; 
- психодидактикалық - білім беру үдерісін құрудың психологиялық 
мақсаттарымен негізделген оқытудың мазмұны мен әдістері», дейді В. А. 
Ясвин[1]. 
В. И. Слободчиковтың пайымдауында, мектептегі психологиялық қауіпсіздік 
ортасының базалық категориясы ретінде тұтас педагогикалық үдерістің 
қатысушыларының өзара бірлескен қызметі. Ғалым өз зерттеулерінде мектеп 
жағдайындағы психологиялық қауіпсіз ортаның салыстырмалы және жанама 
сипатын берді. 
И. А. Баеваның пікірінше мектептегі психологиялық қауіпсіз ортасы - бұл білім 
процесінің субъектілірінің еркін өзара әрекеттестіктегі жеке-сенімді қарым-
қатынас қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал ететін, ортаның референттік 
маңыздылығы бар және оған қосылған қатысушылардың психикалық 
салауаттылығын қамтамасыз ету[2]. 
Мектептегі психологиялық қауіпсіз ортасы «кемсіту, қорқыту, әдепсіз қарым-
қатынас, елемеу, мәжбүрлеу, мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-
аналарының ұсыныстары негізінде бөліп шығару сияқты құрылымдық 
компоненттер бойынша психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғалу ретінде 
қарастырылуы мүмкін», дейді Н.Г.Рассоха. 
Соңғы алынған нәтижелер бойынша мектептегі ортаның психологиялық
қауіпсіздігі тікелей оның эмоционалдық ахуалына байланысты болады. 
Өйткені, «әрбір білім беру ортасы эмоциялық кедей және эмоциялық бай болуы 
мүмкін (мұғалімдермен мысалдар, сабақ өткізу, қызықты және қызықты емес). 
Мысалы, бір оқытушыәр сабақты ойын түрінде өткізетін,сабақтарында 
қызықты мысалдар және басқа техникаларды қолдануы - эмоционалдық ортасы 
эмоцияға бай болып табылады дегеніміз. Ал тек қана "мұғалім-оқушы" деңгейін 
сақтанатын басқа бір оқытушының сабақтарында, әр сабақ сайын балалар тек 
дәптерлер ашады, мысалдар шешеді және үй тапсырмасын жазады, бұл - 
эмоциялық ортасы кедей деген сөз».
Сонымен қатар көп жағдайда мектептегі оқу-тәрбие процесінде балалардың жас 
ерекшеліктері, психофизиологиялық ерекшеліктері ескерілмей қабылданған 
бағдарламалар 
қолданылады. 
Кейбір 
жағдайда 
оқу 
жүктемелерінің 
оқушылардың шамаларынан тыс болуы, балалардың ойлау қабілетінің 
төмендеуіне, 
шаршап-шалдығуына, 
белсенділігінің 
төмендеуіне, 
денсаулығының нашарлауына, кейде типті депрессияға шалдығуына әкеледі. 
Оқу процесінің барысындағы көптеген жағдайлардың әсерінен жоғары жүйке 


545 
қызметінің қызметтерінің бұзылуы пайда болады, тұлғаның психикалық дамуы 
тежеліп және ішкі мүшелер қызметтерінің бұзылуына әкеліп соғады. 
Оқушылар денсулығының психофизиологиялық жағдайын жақсарту, әрмен 
қарай нығайту үшін мектептегі білім беру процесін балалар ағзасының 
қалыптасуының психологиялық, физиологиялық заңдылықтарын ескерген кезде 
ғана мүмкін болады. Әрбір білім беру мекемесі педагогикалық міндеттерді 
шешумен қатар оқу жүктемесі мен оқыту әдістерін балалардың жеке-дара 
ерекшеліктерінмен бірге қарастыруы керек.
Мектеп қоғамның маңызды әлеуметтік институты ретінде өзінің негізгі 
қызметін жүзеге асыруда тұтас педагогикалық үдерістің барлық субъектерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетті.
Сонымен бірге қазіргі ғылымдағы қалыптасқан қауіпсіздік теориясында тірек 
ұғымдардың бірі "қауіп" болып табылады. Осыған байланысты 
зерттеушілердің назарындағы басты мәселенің бірі «өзара іс - қимыл 
барысында білім беру ортасында қатысушыларға не қауіп төндіреді? 
Психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды неден қорғау керек?
Негізгі қауіп мұндай жағдайда- психологиялық зорлық-зомбылық, сонымен 
өзара әрекеттестікте психологиялық зорлық-зомбылық деңгейін анықтау - білім 
беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін құру бойынша негізгі бағыт 
болуы тиіс.
«Баланың мектепке барғысы келмеуі, сыныптан бас тартуы, көбінесе "мені 
мазалайды, елемейді, кемсітеді және т.б. шағымдармен байланысты және бұл 
сыныптастарға да, мұғалімдерге де қатысты болуы мүмкін» дейді 
И.В.Дубровина [3].
Барлық аталған шағымдар адамның адамгершілік, психикалық (яғни 
моральдық, коммуникативтік) және өмірлік мәртебесін (соның ішінде 
құқықтық, әлеуметтік) төмендететін психологиялық зорлық-зомбылық 
көріністеріне, сондай-ақ осындай әсер ету қатеріне қатысы бар. 
Кез келген қысым, адамның еркіне қарсы әрекеттер жасау оның бойында ішкі 
немесе сыртқы қарсылық тудыратыны белгілі. Сыртқы көрінісі: жалпы 
қабылданған нормалар бұзылғанда, тәртіптің бұзылуы деп аталғанда, "бағынбау 
актісі" ретінде. Ішкі: байланыстан кету, өзін-өзі жазалау, аутоагрессия болған 
кезде. Қысым жасау, мәжбүрлеу, билікті теріс пайдалану мектеп ортасында 
кейде белгісіз болады, бірақ бұл байқалмаған, ескерілмеген, күнделікті 
психологиялық әсер өте ауыр зардаптарға алып баратыны анық. Әлеуметтік 
дезадаптацияның, оның ішінде мектептің де өрескел нысандары кезінде 
психологиялық зорлық-зомбылық әрдайым анықталады(кесте 3).
Кесте 3. Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері 
Зорлық-
зомбылық 
түрі 
Сипаты 
Нәтижесі 
Психикалық 
Балаға назар аудармау, кері 
итеру, бақылау, қорқыныш, 
Адам психикасына зиян келтіру, 
жүйкесінің тозуы, жындануына 


546 
үрей сезімін бойында ұялату себеп болуы 
Физикалық 
Балаға қатысты басқа адам 
(бала немесе ересек) тән-дене 
зардабына, немесе жарақатқа 
әкелетін әрекеттер: соққы, 
ұру, 
итеру, 
тебу, 
тұншықтыру, шаштан тарту 
т.б. 
Физикалық 
зорлық-зомбылық 
көбінесе оқушыға залал немесе 
жарақатқа 
әкеледі, 
типті 
мүгедек болуы да мүмкін 
Эмоциялық 
Балағаттау, қорлау, сөгу т.б. 
Адамның көніл-күйін түсіру, 
психикалық жарақатын салу, 
психологиялық саулығына зиян 
келтіру 
Бопсалау 
Оқушыға 
қысым 
жасау 
немесе мәжбүрлеу арқылы 
заңсыз ақша мен мүлік талап 
ету 
және 
алу 
түрінде 
көрінетін қылмыс 
Баланың тұлғалық дамуына кері 
әсер ету, психикасына жарақат 
салу, 
суицидке, 
қылмыстық 
әрекеттерге итермелеу т.с.с. 
Буллинг 
Күштеу, мәжбүрлеу,қиянат 
жасау. Бір адамның немесе 
топтың өзінен физикалық 
және моральдық тұрғыдан
әлсіз адамға немесе топқа 
шабуыл 
жасау, 
қысым 
көрсету, күш қолдану 
Баланың 
мектепке 
барғысы 
келмеуі, сыныптан бас тартуы, 
көбінесе 
"мені 
мазалайды, 
елемейді, кемсітеді және т.б. 
шағымдары, 
өзі-өзіне 
қол 
жұмсауға итермелеу 
Кемсітушілік Оқушының 
жынысына, 
ұлтына, 
әлеуметтік-
экономикалық 
жағдайына, 
дініне, 
дене 
кемістігіне, 
мүгедектігіне 
негізделген 
әділетсіз қарым-қатынас 
тұлғаның өзін-өзі құрметтеу мен 
өзін-өзі бағалауын төмендету 
Әлеуметтік-
қатынастық 
балалардың 
дөрекілігі, 
намысқа тиетін қылықтары, 
қорлау 
әрекеттері, 
бұзықтығы, 
мұғалімдер 
олармен тек қатаң қарым-
қатынас жасауға мәжбүр 
болуы 
Әлеуметтік 
дезадаптацияға 
әкеледі, 
оқу-үлгерімі 
төмендейді, агрессияның пайда 
болуы т.с.с. 
Эмоциялық ұзақ кернеу оны әлсіретуге ниет туғызады, суррогаттық шығу 
жолдарын 
іздеуге, 
зорлық-зомбылыққа 
ұшырайтын 
ортадан 
кетуге 
итермелейді» деп тұжырымдайды ғалымдар. Өйткені, мектеп ортасындағы 
психологиялық зорлық – зомбылықты төмендету тәуелділіктің пайда болуымен 
қатар оқушы зорлық - зомбылықтан зардап шеккен ортадан қашуға, 


547 
деструктивті әсерден құтылуға ниет білдіреді және соның салдарынан қазіргі 
қоғамның маңызды әлеуметтік проблемаларының бірі - қадағалаусыздықтан 
туындайды. Немесе басқа қайғылы нәтиже - бұл ортаның жағдайларын өмірдің 
басқа салаларына аудару.[4].
Осыған байланысты психолог-мамандардың соңғы жылдарда жиі назарындағы 
мәселе - тұлғаның зорлық-зомбылықтан қорғалуы (яғни, бұл ұғым 
«защищенность» деп аударылыды). Сонымен бірге жиі қарастырылатын мәселе 
– ол тұлғаның деструктивті әсерден өзін-өзі қорғау. 
Жалпы білім беретін мектепте психологиялық қауіпсіздік ортасы түсінігін 
қарастыра отырып, сол орта жағдайында оқушылардың қалыпты дамуы үшін 
аталмыш ортаның баламалы жағдайларын айқындау керек. 
Қорыта келе еліміздің әр аймағында жүргізілген әлеуметтік сауалнама 
нәтижелері көрсеткендей, мектеп бітірушілердің дені сауларының саны төмен 
болуына қолайсыз жоғарыда көрсеткен жағдайлар ғана емес, мектеп 
басшыларының сауықтыру жұмыстарына немғұрайлы қарауы, оқу-тәрбие 
үрдісін тиімсіз ұйымдастыруы, қазіргі оқыту әдістері мен педагогикалық 
технологиялардың денсаулықты сақтауға негізделуінің әлсіздігіне байланысты 
екендігін де көрсетті.
Сондықтан да бастауыш мектептегі оқу үрдісі оқушының оқу жүктемесін 
болдырмау, яғни денсаулық сақтаушы болу керек. Ол үшін: баланың жеке 
ерекшеліктерін (интеллектуалдық, эмоциялық, мотивациялық темпераментін, 
естің түрлері, т.б.). ескеру оқу материалын игеру кезінде оқушылардың 
нормадан тыс интеллектуалдық, эмоциялық жүктемесін болдырмау; мектеп пен 
сыныптағы жағымды моралды-психологиялық ортаны қамтамасыз ету, 
балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау, қолдау және 
нығайту; бағалы стресстен қорғану тәсілдерін үйрету қажет. [5].
Бұны жүзеге асыруда мынадай психологиялық-педагогикалық жағдайларды 
ұстану қажет олар: ересектердің балаларға қарым-қатынасы тұлғалыққа 
бағытталуы; әр балаға әрекет түрлері мен құралдарын, т.б. өзі таңдау жасауын, 
бала жетістіктерін үнемі салыстырмалы түрде педагогикалық бағалап отыру 
(бүгінгі жетістіктерін кешегісімен салыстыру); оқушының эмоциялық-
құндылықты, әлеуметтік-тұлғалық, танымдық, эстетикалық дамуы мен оның 
жеке ерекшелігін сақтайтын білім беру ортасын жасау: бала дамуының ең 
маңызды факторы ретінде жетекші әрекет түрін қалыптастыру; оқу әрекетін 
қалыптастыратын ойындарға сүйену. Алайда мұндай жағдайда мектептегі 
ортаның психологиялық қауіпсіздігін қамту мәселесі зорлық-зомбылықтың 
салдарынан пайда болатын түрлі тәуелділіктердің алдын алу мақсатында 
кешенді іс-шараларды жоспарлап, жүзеге асыруы қажет деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет