Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет35/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
1. Қ.Р. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 6-
бет. 
2. Басшыға арналған Нұсқаулық. Екінші басылым. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 
2013 
3. Оценование учебных достижений учащихся. Методическое руководство.Р.Х.Шакиров, 
А.А.Буркитова, О.И.Дудкина «Білім», 2012 
4. Денис.Р. Селф-АҚШ Джорджия форт Бенчин Трой университеті, кафедра доценті. 
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 46-бет 
ӘОЖ 373 (072) 
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚЫТУ 
ЖОЛДАРЫ 
Ақынова Л.А. б.ғ.к., аға оқытушы 


112 
Нурсейтова Л.О. аға оқытушы 
Исалиева Н.С. магистр – оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В статье рассматривается межпредметная связь на уроках познания мира. 
Межпредметная связь обогащает содержания материяла, активирует процесс обучения. 
Используя на уроках межпредметные связи помогает вспоминать прошедшое, сравнивать, 
решить позновательные цели используя другие предметы.
 
Summary 
In the article intersubject connection is examined on the lessons of cognition of the world. 
Intersubject connection enriches maintenances of material, activates the process of educating. 
Using on lessons intersubject connections helps to remember the past materials, to compare, decide 
cognitive aims using other objects. 
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне - өзі сенімді, 
интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны 
ерекше. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы 
болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті – жеке тұлғаны 
дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, 
ынтасын арттыру. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны 
білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. 
Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге 
қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр 
мұғалімнің шығармашылық ізденісін қажет етеді. 
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не 
нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. 
Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. 
Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға 
сапалы білім мен саналы тәрбие беру «Дүниетану» пәні оқушыларға қоршаған 
ортаны, түрлі қоғамдық және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара 
байланыста танып-білуге мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: 
Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? 
Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай? - деген сұрақтар аясында ойлануына 
мүмкіндік береді.
«Дүниетану» пәні тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша 
оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін 
ойлау дағдыларын дамытады. «Дүниетану» пәнінің құрылымы аталған 
ғылымдардың мазмұнын кіріктіру және оқу материалдары мен оқу мақсаттарын 
анықтауда «спираль» принципін ұстану негізінде құрастырылған. «Дүниетану» 
пәні мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді 
мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, 
денсаулық және т.б қоршаған ортаның негізгі аспектілерін қамтыйды. 


113 
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керек. Ол 
үшін дүниетану пәнін басқа пәндермен және онда қолданылатын 
көрнекіліктерді өмірмен байланыстыру ерекше маңызды. Мұғалім теория мен 
тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек. 
Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-
өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты. Сонымен қатар 
көрнекілікпен жұмыс істеу өз бетімен түсіну, ой жұмысын шапшаңдатады. 
Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу да маңызды. Басты 
міндет – баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға 
басқанына, дамығанына қуанту. Оқушыларды еркін ұстап өз күшіне сендіру. 
Көрнекіліктерді пайдаланғанда неше түрлі сызба, кестелерді пайдалана отырып, 
олардың есін, қиялын ойын дамытатындай жағдай жасау керек. 
Пәнаралық 
байланыс 
белгілі 
бір 
көзқарастардың 
біртұтастықтың, 
диалектикалық үдерісінің құрылымдық негізінде тұрғызылатынын анықтадық. 
Ол пәнаралық баланыстың негізінде көпдеңгейлік және көпсатылы білім беру 
бағдарламаларын жасауына әсерін тигізеді. Біздің елімізді әлемдік білім беру 
процесіне интеграциялауға бейімдеу үшін пәнішілік және пәнаралық 
интеграцияны қолдану мүмкіндігін көтеру қажет екендігіне көзімізді жеткіздік 
Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады: 
1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар
 
негізін 
меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты. 
2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды 
бөліктерінің байланысын талап етеді. 
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын 
комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды. 
4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді 
ұйымдастырылуына көмектеседі.
5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және 
демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді. 
Пән мазмұнының спиральді қағидатпен берілуі. Брунер адамның танымдық 
қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: 
белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы 
тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген 
спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері: оқушы мектепте 
оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір 
қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі; 
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған 
ақпарат 
тұрғысынан 
қарастырылады. 
Оқушылар
бастауыш
сыныпта
оқу
бағдарламасы 
аясында
игерілетін
негізгі
дағдыларға
мезгіл 
мезгіл 
қайта 
оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары 
оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды 
зерттеуін 
талап 
етеді. 
Оқушы 
сыныптан 
сыныпқа 
ауысуына 


114 
қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Жаттығуларды орындаған кезде 
оқушылардың алдыңғы сыныптарда және басқа пәндер бойынша алған 
білімдерін еске түсіруі және қолдана алуы маңызды болып табылады. Бұл 
оқушыларға өздерінің қол жеткен жетістіктерін бекітуге және бастауыш сы
нып пәндері арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бұған көмектесетін 
бірнеше тәсіл ұсынуға болады.
ЖБББ білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру 
мақсатында «ортақ тақырыптар» беріледі. Әр пәнді жеке оқыту маңызды болып 
табылатынына қарамастан, пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді 
анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді. Оқыту мен оқудың бұл тәсілі 
оқытудың сындарлы тәсілімен тығыз байланысты, себебі оқушылар бірлесіп 
жұмыс істей отырып, пәндердің араларындағы мәселелерді талқылап пікірталас 
жүргізеді. Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге 
пайдалана алады немесе бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алады.
1 және 4-сыныптардың оқу жоспарларындағы ортақ тақырыптар бұл 
пәндердің арасында пәнаралық байланыс орнатуға мүмкіндік береді: 
1-бөлім: Өзім туралы 
2-бөлім: Менің мектебім 
3-бөлім: Менің отбасым және достарым 
4-бөлім: Бізді қоршаған әлем 
5-бөлім: Саяхат 
6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті 
7-бөлім: Тағам және сусын 
8-бөлім: Дені саудың – жаны сау 
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімге арналған 
нұсқаулықта пән аралық байланыс қандай пәндермен жасалғаны тақырыпқа сай 
келтірілген 
Пәнаралық байланыс. Оқу бағдарламасын бірлесе жоспарлау мақсатында бұл 
сабаққа қатысы бар басқа да пәндерге жасалған сілтемелер тізбесі. 
Мысалы: «Барлығы өзім туралы» ортақ тақырыбында Пәнаралық байланыс 
Жаратылыстану. Оқулықтың 6-бетіндегі
«Салыстыр» тапсырмасы.
Өнер.Дәптердің 3-бетіндегі «Менің досым қандай?» тапсырмасы. 
Күн тәртібі тақырыбындағы пәнаралық байланыс және үй тапсырмасы – 
мұғалімге арналған нұсқаулық 1 сынып 
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану. «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» 
тарауымен байланысты.
Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар 
ұйқыға, серуендеуге және т.б. қанша сағат жұмсалатынын есептейді.
Қосымша тапсырмалар: Шығармашылық жұмыс жүргізуге тапсырма беріңіз. 
Бұл суретпен берілген фоторепортаж немесе күн тәртібі болуы мүмкін екенін 
айтыңыз. Жаза алатын оқушылар үшін тапсырманы жазбаша орындауға беруге 
болады.


115 
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда 
қолдандыратын 
тапсырмаларды 
оқулықтардан, 
басқа 
деректерден, 
оқушылардың өз тәжірибелерінен алуға болады. Оқушылар дидактикалық 
материалдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар арқылы меңгереді.
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын 
айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі.
Әлемнің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін 
қалыптастыру міндеттерінің шартынан пәнаралық байланыс қажеттігі 
туындайды. Оқу пәндерінде қарастырылатын табиғат, қоғам, адамдардың өзара 
әрекеті жөніндегі негіздер оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде 
біріктіреді. 
Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу қызметі оқушыларда диалектикалық-
материалистік дүниетанымды, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастыруды 
көздейді. Дүниетанымның маңызды элементтерінің бірін әлемнің тұтас бейнесі, 
ондағы адамның ролі мен орны құрайды. Пән аралық және пән ішілік байланыс 
материал мазмұнын байытып, оқыту үрдісін белсендіре түседі. Бұл талапты 
орындау еске түсіру, нұсқау, салыстыру, танымдық міндеттерді басқа оқу 
пәндерін қатыстырумен шешуді қажет етеді.
Қорыта айтқанда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін, дүниетану 
пәнін басқа пәндермен және онда қолданылатын көрнекіліктерді өмірмен 
байланыстыру маңызды. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы 
жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек. Оқытудың табыстылығы 
мектептегі 
мұғалімдердің 
рухани 
өміріне, 
ой-өрістерінің 
кеңдігіне, 
мәдениеттілігіне байланысты. Басты міндет – баланың оқуға деген ықыласын 
ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына, дамығанына қуанту. 
Оқушыларды еркін ұстап өз күшіне сендіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет