Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет34/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
1.Сиговцев Г.С., Чарута М.А. Қашықтықтан білім беру. Оқытушыларға арналған әдістемелік 
материал. Петрозаводск: Изд-во ПетрГУ. 2009. 294 с. 
2. Матвиюк В.М. Қоғам мен адам өмірінде ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың қолданылуын талдау //В сборнике: Социально-гуманитарные и 
психологические науки: теоретико-методологические и прикладные аспекты.Материалы
Всероссийской научно-практической конференции. 2015. С. 84-86. 
3.Муромцева А.В. Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі мультимедиялық құралдар // Вестник 
МГОУ. Серия «Лингвистика». №1, 2011. с.195 — 198 
ӘОЖ 
ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА СТУДЕНТПЕН ОҚЫТУШЫ 
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ 
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-ҰЖЫМ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ ЫҚПАЛЫ 
Мамбетова Алтынай Токмуратовна 
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент,Қазақстан 
Резюме 
В статье рассмотрены пути внедрения в учебный процесс критериального 
оценивания. 
 
Summary 
In the article are made out the ways of introductions critical evaluation in educationl 
process. 
Бүкіләлемдік жаһандану ғасырында ғылыми-техникалық прогресс қарқынды 
дамыған заманда өзгеріс бар саланы қамтуда. Өзгермелі өмірде: білім 
жүйнсінің жалпы құрылымын жаңарту, басқару жүйесін өзгерту, оқу тәрбие 
процесін демократияландыру, ізгілендіру, білім мазмұны мен оны оқытудың 
әдіс-тәсілдерін жаңарту арқылы білімдегі жетістікті жетілдіру, ұжымда 


109 
ізденіске, шығармашылыққа жағдай жасау, педогогикалық ынтымақтастықты 
нығайту қажеттігі анық. Міне, осы факторлардың барлығы қазақстандық білім 
беру үйымдарын өз даму жолын таңдауда озық педагогикалық идеялармен, іс-
тәжірибені негізге алуға бағыттайды. Өйткені көп қырлы өзгеріс кезінде 
білімнің дамуы- қиын іс. Білімді студенттің даму жолына түсу үшін беру, яғни 
«табысты оқыту мен құзырлы мұғалім»[2]. 
Білім беру мекемесі-әлеуметтік педагогикалық ашық жүйе ретінде қоғам 
арқылы дамиды. Ал қоғамдағы жүргізіліп жатқан өзгерістер мұғалім шеберлігін 
жетілдіруді талап етеді. Осы мәселе бойынша мекеме өміріне қажет 
өзгерістерді текшелей отыра,оқытушының өзгеруін бірінші кезекке қояр едім. 
Себебі, дайын мұғалім қай мекемеде болсын жиі кездеспейді, ол мұғалімнің 
қалыптасуы, шеберлігінің шыңдалуы-мекеме әкімшілігінің иығымен көтеріп, 
жағдай жасап шешетін мәселе. Инновациялық жаңалықтың енуі төменнен 
басталып, бақылау өзін-өзі бақылауға айналса ғана соңғы нәтиже жоғары 
болмақ. Өзгерісті мұғаліммен жұмыстан, яғни мұғалімдердің оқуы мен кәсіби 
даму үдерісіне көмектесуден, коучинг пен тәлімгерлік мектебінің жұмысынан 
басталып, тәлімгер ретінде үйрете алатындары ескерілді Коучинг жүйесі мен 
тәлімгерлік мектебін енгізу арқылы, оларда бүгін қандай қиындықтары барын 
анықтап, күнделікті іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі анықталды. Көп 
ойлануды, дұрыс бағыт, нақты шешім қабылдауды талап еткен маңызды 
сұрақтар легі күнделікті маза бермейді. Не істеу керек? Қалай істеу керек? 
Ұстаздар қауымы серпіліске дайын ба? Мұғалімнің кәсіби 
дамуын ішкі біліктілік арттыру жүйесі арқылы шешу. Келесі бір өзгерісті қажет 
еткен үлкен аспект-ол мұғаліммен оқушының өзара әрекет технологиясы, 
проблеманың ең негізгі механизмі-мазмұн мен технологияның бірлігі-
студенттің өзін-өзі дамытудағы қозғаушы күш. Ата- аналар мен колледж 
ұжымы арасындағы қарым-қатынас адалдыққа, ашықтыққа 
негізделді. Даму жоспарын жүзеге асыруда бөлінген көшбасшылық идеясын 
негізге ала отырып, колледждің негізгі миссиясы сын тұрғысынан ойлай алатын 
ұлттық зиялы қауым қалыптастыру үшін, білім жетістігіне жетуде 
критериалдық тұрғыдан бағалау табысқа апаратын жол екені анықталды. Бұл 
бағытта колледж мәдениетін қалыптастыру айрықша күш жігерді қажет етті.. 
Осыған сәйкес оқушыда талпыныстың жоғары көрсеткіші -өздігінен білім алу, 
«өзін-өзі реттеу» қасиетін қалыптастыру қажет. Бұл жерде мына анықтама 
жауаптың кілтін бергендей: «өзін-өзі реттеу мен метатанудың мұндай 
дағдыларын дамыту бұлбалалардың саналы студент болып шығуының кілті» 
[1]. Неден басталды? Студент үні тыңдалды ата-ана пікірі ескерілді, әріптес 
ұсынысы жүзеге асырылды. Ортақ ой тұжырымдалды. Ортақ проблема 
анықталды: оқу мен оқытуда студент- мұғалім ынтымақтастығын критериалды 
бағалау –ұжым әлеуметін арттыруға ықпал етуші фактор болып 
табылатындығы анықталды. Мұғалімдерге «оқыту үшін бағалау және оқуды 
бағалау»-тақырыбында жүйелікоучингтер өткізіледі. Сұраныс жасайтын 
әлеуметтік топ ретінде ата-ананың пікірі құнды. Студенттің білімді қызыға 


110 
оқуы, сабаққа қуанышпен келіп, ой еңбегінен рахат сезіміне бөленуі атқаратын 
міндет. 
Баға 
студенттің 
мүмкіндіктерінің 
өсуіне 
қарай 
қойылып, 
шығармашылықпен ойлау жетістігі бағаланғанда ғана объективті болатынына 
ата-ана көзін жеткізу қажет. Бұл - өзгерістің ең тиімді тұсы деп бағалаймын. 
Жалпы білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту 
үдерісін жоспарлап қолданысқа енгізгенде оқушыларды бағалауды басты 
назарда ұстану керек. Себебі, бағалау сыныптағы оқушылар деңгейі әр түрлі 
болып келетіндіктен, мұғалімнің сыныпта бір қалыпты атмосфераны құруына 
және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі 
әсер етеді. Бағалау-одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен 
оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу 
үшін қолданылатын термин болып табылады. [5]. 
Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар 
және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе 
ретінде қарастырды. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі деген ой біздің 
түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді. Оқыту үшін бағалаудың негізгі 
қағидаттары: Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық 
оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады. 
Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері 
байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады. 
Кез келген сабақтың сәтті өткенін бағалаудың нәтижесінен көруге болады, 
сондықтан оқушылар оқыту үшін бағалаудың мәнін түсініп, әр сабақта өзінің 
артықшылықтары мен кемшіліктерін мойындап, егер кемшілігі көп болса, оны 
жою үшін қандай да бір іс әрекет арқылы шешуін өздері ұсынатын болды. Ата-
ана мен оқушы үнінің бір жерден шыққанын, екеуі көрсеткен кемшілік бір 
проблема екенін ұқтым. Мұғалімде жанамалап осы проблеманы көрсетіп тұрған 
жоқ па? Дәл солай. Мұғалімнің кәсіби деңгейінің төмендігінен 
«бағалау мен ынталандыру», рефлексия жасау сынды үлкен екі мәселе шешімін 
таппаған. Бір нәрсе ашық: «мұғалімнің көмекшілері: бас, қол, жүрек» 
(Шульман) болған жағдайда шешілмес проблема жоқ. Ұстаздың білімі, 
мейірімді жүрегі, жігер-қайраты, оқушыны жетістіктен-жетістікке жетелейтіні 
айқын. Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес 
оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, 
білім процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критериялармен 
оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделгенде ғана қолданыс аясы 
дұрыс болатынына көзім жетті. Критериалды бағалаудың негізгі функциялары 
–ынталандыру, белсенділікті дамыту. Ата-ананы баласының тәрбиесі
мәдениеті, білімі бәрі толғандырса, оқушы: «ынталандыру аз» деп жауап 
жазған. Коллеж өмірін жақсартуға, оқушы үлгеріміне не ықпал етеді? Міне осы 
сұрақтарды талқылай отыра біз бөлінген көшбасшылық идеясын іс-жүзіне 
асырдық. Бөлінген көшбасшылық идеясын толық түсінген ұжым мүшесі алып 
мектептер арасында желілік қауымдастық құруда белсенділік танытты. Ұжым 
«өзгеріс бізге не берді?» деген сұрақ төңірегінде ойлану үшін, әр қайсысы «мен 


111 
өзгеріс болу үшін не істеуім керек?» деп ойланатын орта жасауы істің 
нәтижелігін арттырады. «Егерде өзгеріске жауапты көшбасшы өзгеріске қолдау 
көрсетуде 
формальды 
емес 
қөшбасшыларды 
тартатын 
болса, 
басқаұйымдастырушылық көшбасшылар да өзгерісті қабылдауы мүмкін» [5] 
Сондықтан, алдағы уақытта ұжым жұмысындағы басты стратегиялық бағыт 
– оқыту мен студенттерді бағалауды жақсарту үшін сын тұрғысынан бағалауды 
жалпы енгізу болып табылады. 
Біріншіден, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтерудің жаңа тәлімгерлік жүйесі 
қалыптасады. Екіншіден, бөлінген көшбасшылық пен басқару арқылы 
өзгерістерге қол жеткізуге болады. Үшіншіден, білімді студенттің даму жолына 
түсу үшін беру, яғни «табысты студентпен мен құзырлы мұғалім» 
қалыптастыру тиімділігі артады. Басқару құзыреттілігін мұғалімдер бойында 
көтеру-білім сапасын арттырары сөзсіз. Мұғалімдер топпен, жұппен жұмыстың 
тиімділігін арттыруға көңіл аудару арқылы нәтижеге қол жеткізеді. Тиімсіз 
әдістерді пайдалану, оқыту нәтижесін төмендеткен. Мұғалімдердің өздерінің 
пікірі бойынша бағалау және оқу процесін талдау құзыреттілігі қалыптасады. 
Критерий арқылы бағалау, студентке сын тұрғысынан ойлау мен әрекет жасауға 
түрткі болады. Қалыптасқан дәстүрлі бағалау тартымсыз, толық ақпарат 
бермейді, біржақты, әділ түрде бағалау критерийін жасау дағдысын 
қалыптастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі туралы толық 
ақпарат алуға болады. Ары қарай кемшілікті жоюға атқарылатын іс-қимыл 
жоспары нақтыланады. Іс әрекетті зерттеу белсенділікті арттырумен бірге жаңа 
білім, біліктілікке үйренуге жол ашады. Мұғалім еңбегіне күнделікті рефлексия 
жасау, өзін-өзі дамытуға, өзгені дамытуға, оқушыны жетістікке жетелеуге 
түрткі болары 
сөзсіз. Ең бастысы, көшбасшылық идеясын қабылдаған ұстаздар қауымы 
өздеріне сырттан сын көзбен қарауға, бағыт-бағдарды айқындауға, 
педагогикалық шеберлікті шыңдауға, ізденіс пен жаңалықты ұштастыруға 
үйренеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет