132
жүргізілген зерттеулер оларды оқу процесінде қолдану өте күрделі
және көп
қырлы екенін көрсетуде. Осы орайда ғалымдардың ой-пікірлеріне тоқталайық.
Білім берудің, тәжірибесі мен сапасын өзгертетін білім технологияларын
дамыту және ауыстыру – ескі дидактикалық тәсілдерді жойып, бізге күтілетін
нәтижелерді алу мүмкіндігіне жол ашады. Интернет желісі, ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар (АКТ) және басқа да
техникалық құралдар
оқытудың дәстүрлі әдістемесін жетілдіретініне, жалпы және пәндік білім
мазмұнын игеруді жақсартатындығына күмән жоқ [Пардала А., 2015].
Қазіргі кездгі жоғары білім жүйесі тар кәсіби салада болашақ кәсіби
құзыреттілікті дамытумен бірге, болашақ мұғалімдерді өзгермелі цифрлық әлем
жағдайындағы жаңа зияткерлік ортада икемді кәсіби қызметке даярлауға
бағытталған. Болашақ мұғалімдер қазіргі ұрпақтың дәстүрлі сынып ортасымен
бірге, виртуалды ортада да бағалайтынын және жұмыс істейтінін түсінуі керек
[Noskova T. және т.б., 2014].
Осыған
байланысты, болашақ мұғалімінің пәндік білімі қазіргі уақытта
сапалы өзгерістерді талап етеді. Олар білім берудегі қазіргі заманғы үрдістерді
– білім беру қызметтерін ұсыну әдістері мен тәсілдерінің өзгеруін және жоғары
оқу орындарында оқытуды ұйымдастыруды, әсіресе интернет-технологияларды
және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін ескеруі тиіс. Бұл – білім саласы
алдына жаңа ұрпақты қауіпсіз және тиімді оқыту, жаһандық ақпараттық
ортадағы кәсіби және әлеуметтік өзара іс-қимылға даярлау проблемасын қояды.
Аталған мәселенің
өзектілігіне байланысты, оны шешуге әлемдегі көптеген
жұмыстар арналған.
Жоғары мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
арқылы түрлі мәселелер шешімін тапқан, көптеген зерттеулер бар: студенттер
мен оқушыларды оқыту үдерісінде программалық-педагогикалық
құралдарын
құру және пайдалану (И.В. Роберт, С.Г. Григорьев, Е.Ы. Бидайбеков, В.В.
Гриншпун және т. б.); АКТ-ны инновациялық білім беру технологияларын
әзірлеу құралы ретінде қолдану (Е.З. Власова, В.И. Снегурова және т.б.);
қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру (А.А. Андреев, А.А. Кузнецов, Е.С.
Полат,
В.П.
Тихомиров
және
т.б.).
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды игеруге байланысты математикадан болашақ пән мұғалімінің
құзыреттілігін
қалыптастыруға
арналған
жұмыстар
арасында
И.Я.
Злотникованың, М.Б. Лебедеваның, Е.К. Хеннердің, А.Ю. Скорнякованың, И.В.
Кузнецованың,
сондай-ақ
отандық
педагог
Ж.А.
Караевтың,
Б.Б.
Баймұқановтың, Б.Т. Барсаяның және т. б. зерттеулерін атап өтуге болады.
М. Веб (United Kingdom) зерттеулерінде Интернеттің кең таралуына
байланысты білім беру парадигмасының өзгерістеріне талдау жасалынған.
Интернет
және мобильді технологиялар, атап айтқанда, жастардың қарым-
қатынас жасауы мен оқуына, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру мәселелерінде нені ескеру қажет екендігіне, түбегейлі өзгерістер
алып келді [Mary Webb, 2014].
133
Электрондық оқытудың стратегиялық мәселелері
бойынша мамандардың
жүргізген жаһандық онлайн-сауалнамасын талдай отырып, олардың ішіндегі ең
маңыздысы -педагогтарды даярлау технологиясына және білім беру үдерісінде
АКТ-ны
пайдалануға
бағытталған
инновациялық
әдістерді
енгізуге
байланыстылары деген қорытынды жасалды [Noskova T. және т.б., 2014].
Көптеген зерттеушілер аралас оқыту технологиясының негізі болып табылатын
ақпараттандыру арқылы білім беруді жаңғырту мәселесін шешудің мүмкін
жолдарының бірі ретінде дәстүрлі білім беру технологияларын заманауи
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялармен
ұтымды
ұштастыруды
қарастырады.
Bonk [Bonk C. J., 2006] аралас оқыту белгілі бір пропорцияда күндізгі және
қашықтықтан оқыту технологиясын кіріктіреді, бұл олардың барлық
кемшіліктерін жоя отырып,.бір мезгілде екі оқу режимін пайдалануға мүмкіндік
береді деп есептейді,
Жалпы, аралас оқытуды қашықтықтан оқытудың бір түрі немесе жалғасы деп
қарастыруға болады, бірақ олардың ерекшелігі бар –
бұл аралас оқытудағы
білім алушылардың бір-бірімен және оқытушымен міндетті "тірі" қарым-
қатынасы. Демек, аралас оқытуда күндізгі және қашықтықтан оқыту
технологиясының элементтері белгілі бір пропорцияда қатысады, бұл, әрине,
екі оқыту технологиясының кемшіліктерін жою арқылы олардың жетістіктерін
бір мезгілде пайдалануға мүмкіндік береді (кесте 1).
Кесте 1- Дәстүрлі және электрондық оқытудың салыстырмалы көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: