134
басталды [Кондакова М.Л., 2013]. Сондай-ақ,
аралас оқытуды Ресей
мектептеріне енгізу мәселесімен Н.В Андреева басшылығымен МГППУ аралас
оқыту орталығы белсенді айналысады [Андреева Н.в., 2017]. Орталық өткізетін
іс-шаралар аясында аралас оқытуда тәжірибе алмасып, туындаған мәселелерді
шешуге қатысты бірлескен ізденістер жасайды.
Россетт [Rossett A., 2003] аралас оқыту саласындағы жоғары оқу орындарының
білім беру қызметін бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз ету көбінесе
университеттік
жүйенің
түріне,
оқу
процесін
ұйымдастыруға,
компьютерлендіру
деңгейіне,
сондай-ақ
оқытудың
ақпараттық-
коммуникациялық технологияларына байланысты екенін мәлімдейді.
Аралас оқытуда дайын цифрлық ресурстар да, мұғалімдердің өздері
құрастырғандары да пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте, өзіне толықтық
талаптарына сәйкес оқу контентін қамтитын және оқу қызметін ұйымдастыруға
арналған
құралдарды біріктіретін, кешенді электрондық ресурстарға
артықшылық берген дұрыс.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан, аралас оқыту технологиясын
тиімді қолдану және болашақ
мұғалімдердің мотивациясы, белсенділігі,
бастамашылдығы және өзін-өзі ұйымдастыруы сияқты құзыреттілікті
қалыптастыруға мүмкіндік беретін онлайн-курстарды әзірлеу проблемасы
өзекті болып табылады.
Қорыта айтқанда
, әрбір оқу пәні бойынша онлайн курсты әзірлеу – білім
алушы мен оқытушыға осы пәндік саладағы заңдылықтарды көрнекілендіру
құралын, осы заңдылықтарды өлшеу және зерттеу құралын ұсынуға мүмкіндік
берер еді. Сондай-ақ, онлайн курстарды пайдалануға
арналған виртуалды
жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы электронды оқытуды жолға қою
және де сол арқылы аралас оқыту технологиясын құру – қазіргі заманғы
оқытушының
ұстанымын,
студенттердің
репродуктивті
қызметін
ұйымдастырушы функциясынан және дайын білім беру рөлінен бас тарту
арқылы, өзгертуге және басты назарды білім алушылардың шығармашылық
қызметін ұйымдастыруға және басқаруға аударуға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыс ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қаржыландыруымен орындаып
жатқан АП05133461 “Аралас оқыту технологияларын
қолдана отырып болашақ
математика мұғалімдерін даярлау процесін жетілдіру" тақырыбындағы гранттық
жобаның аясында орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: