Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет41/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. 
–Астана. -2008. -40 б.


126 
Pахматуллин.P. Я. Фоpмиpование социальной компетентности учащихся в условиях 
обновляющейся инфоpмационно-обpазовательной сpеды (на матеpиале учебных дисциплин 
социально-гуманитаpного пpофиля): аналитический доклад. – М.: ИСП PАО, 2010. – 36 с. 
Пpактическая педагогика: 99 схем и таблиц / авт. – сост. Н.П. Наволокова, В.Н.Андpеева. – 
Pостов н/Д : Феникс, 2014. – 118 с. –
(Золотая педагогическая коллекция). 
Назаpбаев Н.Ә. Қазақстан дағдаpыстан кейiнгi дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секipiс: 
әл-Фаpаби атындағы Қазақ ұлттық унивеpситетiнiң студенттеpiне оқыған дәpiсi: // Егемен 
Қазақстан. – 2009. – 13 қазан. 
Стpатегия модеpнизации содеpжания общего обpазования: матеpиалы для pазpаботки 
документов по обновлению общего обpазования. – М.,2001.-102 с 
Самсонова. Т.И. Социальная компетентность подpостков и технологии ее фоpмиpования: 
дисс. на соиск.учен.степ.канд. социолог.наук. – СПб, 2006. – 186 с 
12-жылдық мектеп жағдайында оқушылаpдың функционалдық сауаттылығын бағалау 
әдiстемесi. Әдiстемелiк құpал. – Астана: Ы.Алтынсаpин атындағы Ұлттық бiлiм академиясы, 
2013. – 43 б. 26-29 б.
 
ӘОЖ 
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ӨЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Байдыбекова Е.И.,п.ғ.к., доцент 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, 
Шымкент, Қазақстан 
Аскарова А.Т. п.ғ.м.,
 
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ 
аға оқытушысы 
Досыбеков А.К. э.ғ.к., 
Инновациялық-технологиялық колледж, директордың орынбасары 
 
Резюме 
В данной статье рассмотрены вопросы о приоритете духовно-нравственного образования 
и роли учителя. 
 
Summarу 
This article discusses the priority of spiritual and moral education and the role of the teacher.
 
Қазіргі мектептің негізгі парадигмасы ізгілік педагогикасына негізделеді. Ол - 
мәңгілік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген білім. 
Тәрбие мектептегі біртұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі екені 
белгілі. Бұрынғы қалыптасқан педагогикада бала тәрбие объектісі болса, қазіргі 
кезеңдегі тәрбие, баланы тәрбие субъектісі ретінде қарастырады. Қазақстан 
Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан зайырлы мемлекет 
болып табылады. Еліміздегі білім беру жүйесі де зайырлы сипатқа ие. Зайырлы 
демократиялық мемлекет ретінде халықаралық стандарт деңгейінде адам 
құқықтары туралы Конвенцияға қол қойып, әлемдік білім кеңістігіне енуіміз, 
жалпыадамзаттық білім кеңістігінде мәдениетті тұлға тәрбиелеуді қажет етеді. 
Заман талабына сай бүгiнгі педагогика ғылымының алдындағы басты 
мiндеттердiң бiрi – педагогиканы жалпы әлемдiк құндылық деңгейiне (адамды 


127 
сүю және оның бостандығын сақтау, көтеруге әрекет жасау және адамзаттық 
мұратты құру болып отыр. 2017 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жастарға 
арналған «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды 
ұсынды, онда рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, ұлттық 
мәдениеттің 
рухани 
тереңдігін 
ұғынуға, 
ұтымдылыққа, 
қоғамның 
революциялық емес, эволюциялық дамуын түсіну және қабылдауға, яғни 
қоғамдағы өмірді жақсарту революциялық, зорлық-зомбылықты қайта құру 
емес, білімге ұмтылу және жаһандық әлемдегі өмірге ашықтық, қоғамның әрбір 
мүшесінің 
рухани-адамгершілік 
эволюциясы 
арқылы 
ғана 
мүмкін 
болатындығына үлкен көңіл бөледі. Жалпыадамзаттық құндылықтардың 
арасынан философтар, прогресшiл ойшылдар мен педагогтар бiрiншi орынға 
адамның құқығын, оның бостандығын, оған сәйкес келетiн тәрбие мен бiлiмдi 
бөлiп алғанға баса назар аударады. Бiлiм мен тәрбие аса бағалы құндылық 
ретiнде қаралып, оған қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелерi деп қарау 
орын алып отыр. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негiзделген адам құқығын 
қорғау iсi мыңдаған жылдар бойында жинақталып, адамның мiнез-құлқын 
реттеушi қызмет атқарып келедi. Тұлғаның бойына рухани-адамгершiлiк 
қасиеттердi қалыптастыру iсi, адамзат баласының қол жеткен қоғамдық-тарихи 
бай тәжiрибесiне негiзделіп, әлеуметтiк-этикалық қалыптар мен игiлiктердi 
қатар игеруге болатынын педагог-ғалымдар дәлелдеп бердi. Бұл өлшемдер 
халықтық дәстүрлерде адамгершiлiк үлгiлерi түрiнде көрiнеді. Кез келген 
халықтың тәлiмдiк үлгiлерi педагогикалық мәдениеттiң ажырамас құрамы 
болып саналады. Сондықтан осы заманғы білімнің мәні халықтардың алдыңғы 
қатарлы озық, iзгiлiк дәстүрлерiн, жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтарын 
қайта жандандыру арқылы, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершiлiгiн нығайту 
болып табылады .
Қазақстанның білім беру жүйесінде лайықты және ізгі мінезді оқушы тәрбиелеу 
басым бағыты болып табылады, сондықтан мектептің тұтас білім беру 
үдерісінде тұлғаны рухани - адамгершілік тұрғысынан дамыту идеяларын 
кеңінен енгізу қажеттігі туындайды. Мұғалім – ақыл кемістігін жоя отырып, 
жер бетінде бейбітшілік орнауын қамтамасыз етіп, өзін ұстай білуге үйретеді. 
Егер оқушы өзін нашар ұстаса, бір адамның мінезі азап шегеді, егер мұғалім 
өзін нашар ұстаса, бұл көп оқушының мінезіне зиян келтіреді. Ежелден 
мұғалімнің рөлі барлық әлем халықтарында ұлық болған, мұғалімнің міндеттері 
басқарушылар мен ата-аналардың міндеттерімен қатар құрметтелген. Ежелгі 
заманда мұғалімдерді, адамдарға деген құрмет қатынастарын, өскелең ұрпаққа 
білім беру жауапкершілігін өз қолдарына алғандықтарын ескере отырып 
шеберлер деп атаған. Мұғалімдер кез келген қоғамда жоғары сұранысқа ие, 
себебі әлеуметік ортаны қалыптастыру солардың қолдарында, олар өмірге 
жүзжылдықтан жүзжылдыққа болашақ ұрпақты даярлайды. Оқу білімдерін 
меңгертумен қатар, педагог тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына да 
жауапты екендігін ұмытпаған жөн.


128 
Мұғалімнің басты борышы дәл осында, өскелең ұрпақтың рухани әлемін 
тәрбиелеуде, адамның қоғамда өмір сүруінің моральдық нормалары мен 
ережелерін айқындауында болып табылады. Мұғалім бала кезден бастап 
баланың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарады
әлемге деген дұрыс қатынасқа дағдыландырады, мораль нормаларына және ар-
ұжданға сәйкес өз мінез-құлқын түзетуге үйретеді, қоршаған ортаға қатысты 
ізгілік, құрмет, мейірімділік, қайырымдылық пен төзімділік қасиеттерімен өмір 
сүруге баулиды. 
Мұғалімдердің тәрбие алушылар үшін жасайтын кішігірім ерліктері 
оқушылардың оларды өмір бойы жадыларында ұстауына мүмкіндік туғызады. 
Кез келген жағдайда өз шәкіртінің мұқтаждығына көмекке келе алатын 
шынайы мұғалім балалардың тағдырларында орасан зор рөлге ие болады және 
оның келбеті тіл алмайтын оқушының өзінің жүрек тереңінде мәңгілікке 
қалады. 
Лев Николаевич Толстой өз шығармаларының бірінде былай деп жазады: «Егер 
мұғалімнің іске деген сүйіспеншілігі болса, ол жақсы мұғалім болады. Егер 
мұғалім оқушыға әке-шешесі секілді сүйіспеншілікпен қарайтын болса, онда ол 
барлық кітапты оқыған, алайда іске де, оқушыларға да сүйіспеншілігі жоқ 
мұғалімнен әлдеқайда жақсы болады. Егер мұғалім іске және шәкіртке деген 
сүйіспеншіліктерін біріктіретін болса, онда ол – кемел мұғалім» [1]. 
Қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық ғылымдарда жалпы рухани-
адамгершілік тәрбие парадигмасы өзгерістерге ұшырады адам тұлғасын 
жетілдіруге негізделген модельден биологиялық және әлеуметтік деңгейлерге, 
болмыстың рухани деңгейінің тіршілік етуін мойындайтын, адамды тұтастай 
түсіну моделіне көшу орын алды (Ш.А.Амонашвили, А.Джумсаи, 
В.И.Волынкин, В.П.Зинченко, Д.М.Маллаев, М.Щетинин, Е.В.Бондаревская, 
Т.И.Петракова және т.б.). Ізгілік педагогикасы бойынша Мәскеу қаласында 
өткен (2012 ж.) «Мұғалім, мені шығармашылыққа шабыттандыр!» атты 11-ші 
Халықаралық педагогикалық оқулар кезіндегі өзінің баяндамасында Ш.А. 
Амонашвили «рухани ізгілік» ұғымын енгізудің маңыздылығына тоқталды: «Өз 
санамызға руханилықтың өлшемін қабылдап, соның негізінде ойлау өте 
маңызды. Материалистік философия ойлаудың негізі ретінде үш өлшемді 
құптайды – уақыт, материя, кеңістік. Ұлғайған сана осы өлшемдердің алдына 
тағы бір өлшемді – руханилықты қояды, оның өзегі Жоғарғы Бастауға деген 
сенім болып табылады. Рухани өлшем педагогиканы даналықпен толықтырып, 
болашаққа бағыттайды. Педагогикадағы жаңа ұғым – бұл рухани ізгілік. Ол 
бүкіл білім беру жүйесіне енуі тиіс. Руханилық, ізгілік, сүйіспеншілік, 
мейірімділік, бейбітшілік, игілік ұғымдарының негізінде педагогикалық сананы 
өзгерту ғана білім берудегі кедергілерді – қоғамдағы рухсыздық пен 
өнегесіздікті жеңуге мүмкіндік береді» [2]. Сондықтан білім берудің жаңа 
әдіснамалық тәсілдерін Рухани жаңғырудың - педагогикалық сананың төртінші 
өлшемі тұрғысынан іздеу маңызды.


129 
Руханилықты жандандыру идеясы келесі қағидаларға негізделген тұтас 
дүниетанымның әдіснамалық тәсілінде нақтыланған: 
1.Рухани бастаудың жетекшілігімен болмыстың екі бастауының, яғни 
материалдық және руханилықтың бірлігі мен тұтастығы; 
2.Әлем мен адамның көп өлшемділігі мен ашықтығы; 
3.Мәдениеттер мен өркениеттер диалогы. 
Білім берудің жаңа парадигмасы адамдарды түсінудің тұтастығы аясында 
дамуда. Әр адамда рухани және материалдық бастау бар. «Өзін-өзі тану» пәні 
жас ұрпақты өздерінің рухани-адамгершілік табиғатын түсінуге көмектесу үшін 
жасалған. Адамгершілік руханиятпен тығыз байланысты, ал ол мәңгілік рухани 
негізінен айырылса тұрақсыз болады. Рухани негізі жоқ білім мен тәрбиенің 
дамуы абайсызда құмға салынған үй сияқты. Осылайша құрылған рухани 
мораль осал, орнықсыз және уақыт сынақтарына төтеп бере алмайды. Сонымен 
қатар, жанның қабілеттері бұл жағдайда тек материалдық байлыққа жетудің 
құралы болады, бірақ егер біз адамның рухани бастауының құндылығын негізге 
алатын болсақ, онда өмірлік нұсқаулардың бағдары өзгереді. Қазіргі уақытта 
ғылыми танымда да, күнделікті өмірде де рухани мәселелерге деген 
қызығушылық қайта жандануда. Мұндай жағдайда тарихи «ретроспективада» 
ғана емес, сонымен бірге ғылыми теорияларда «руханилық», «адамның 
руханилығы» түсінігінің мәнін ұғыну өте маңызды болады. Әдістемелік 
тұрғыдан алғанда рух пен жанды руханилықтың мәндік сипаттамалары ретінде, 
өздерінің табиғатына сәйкес ғылыми тұрғыдан түсінуге мүмкін емес екенін 
атап өткен жөн. Сонымен бірге, рухани нақтылықтың өмір сүруінің 
объективтілігі бізді оны ғылыми танымда ескеру қажеттілігіне алып келеді 
және Ғаламның құрылымы мен адамдағы Рухани бастаудың үйлесімді көрінісі 
бізге ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты В.П. 
Зинченконың жан біз үшін құпия болып қала береді және қалады, бірақ ойдан 
шығарылған емес, онтологиялық сипатқа ие, оның болуы классикалық 
нақтылық идеялдарынан туындаған асығыс және жалпақ шешімдерге сенімді 
алдын-алу шарасы болып табылады деген ескертуі маңызды. Зинченко В.П. 
рухани құбылыстарға тән түсініксіздік пен құпияны өмірдің мәнін көрсететін 
үлкен өнер туындыларындағы беймәлімділікпен және құпиялықпен 
салыстырады да, Сонымен қатар ол: «Психологтар алдымен жанның бар екенін, 
оның объективтілігін мойындап, содан кейін оның не екенін ойластыруы 
керек!» - дейді. Сондықтан, ғылыми тұрғыдан алғанда, руханиятты 
материалдық нақтылық ретінде төмендетуге болмайтын объективті нақтылық 
ретінде анықтау өте маңызды.
Адам танымының жаңа айналымында адамзаттың тәжірибесімен байытылған 
«рух-жан-тән» үштігі қалпына келтірілуде. Қазіргі рухани зерттеулерде «адам 
табиғатының тұтастығы» деп аталатын адамның табиғаты руханилықта толық 
үйлесімділікке жетуде. 
Педагогика және психология классиктерінің ортақ пікірі бойынша адам өзіне 
арналған табиғатына сай жетіледі. Жетілуге қоғамдық ортада өмір сүрген 


130 
адамдар тек білімнің көмегімен қол жеткізеді. Қандай да жағдай болмасын 
рухани бай ортамен араласу, білім саласының негізгі мақсаты ретінде 
қарастырылуы тиіс. Әлемді реформалау дегеніміз тәрбиені реформалау деген 
сөз. Оқыту үдерісі, ойлану және түсіну - бұның бәрі санаың ішінде болады. 
Сыртқы әлемнен алынған ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға 
(саналық немесе бейсаналық) келіп түседі де, онда психоэмоциялық реңге ие 
болады. Сананың құрылымы, оның табиғаты – ол адамның руханилығымен 
байланысты психологияның түбегейлі мәселелерінің бірі. Зигмунд Фрейд ең 
алғаш рет адам санасынан оның бейсаналық аймағын бөліп алып құрылымын 
анықтады. Ол невроздарды зерттей отырып, сана аймағынан ығыстырылған 
эмоциялар табады да осы аймақты түпкі сана деп атайды. К.Г.Юнг сананың 
жеке тұлғалық төмен деңгейінен басқа сананың жоғары деңгейі (жоғары сана) 
бар екенін зерделей отырып, бейсаналық ұғымын кеңейте түсті, ол адам 
күйзеліске түсу барысында, оның бойында шығармашылық рухани қуатының 
оянатынын атап көрсетті. Осындай жоғары деңгейдегі дәрежеге ұмтылу үшін 
адамның ішкі санасының тазаруы және ізгіленуі қажет, сол мақсатпен
төмендегідей негізгі қағидалар орындалуы міндет:
а) білім беру ұйымдарында сүйіспеншілік пен сенімділік, шабытты 
шығармашылық ахуалын орнату; 
ә) тұтас педагогикалық үдерісті рухани-адмгершілік білім берумен 
интеграциялау; 
б) рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде жағымды және ізгілікті әдістерді 
қолдану. Қазіргі білім беру үрдісі мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс: 
«Өзін-өзі тану», мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа оқу 
пәндерімен интеграциялау және сабақтан, мектептен тыс жүргізілетін іс-
шаралар, ата-аналармен жұмыс, қоғаммен өзара қарым-қатынасты басшылыққа 
алу. 
Білім бастауы – мектепте. Өскелең ұрпақтың болашағына қажет рухани-
адамгершілік білімнің ең маңызды іргетасын қалайтын, тәрбие беретін, білім 
беру жүйесінің негізгі буыны ол мектеп. Мектепті емес, мұғалімнің рухани 
әлемін реформалау маңызды.
 
Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі 
мұғалімнің ойы, сөзі және ісі бірлікте болғанда ғана табысты болады. Расында, 
өзі шылым тарта тұра, мұғалім салауатты өмір салты туралы қанша кәсіби 
шеберлікпен айтса да, оның берген білімі шынайы емес, пайдасыз.
Ұстаздың ойы мен сөзі және ісі біріне - бірі қайшы болса, оның басқа 
әрекеттерінен ешбір нәтиже шықпайды. Шыдамды және қарапайым, бала 
жанын сүйетін қайырымды мұғалім оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық 
тәрбиелеуде өмірлік маңызды рөл атқарады. Егер мұғалім өз ісіне жан-тәнімен 
беріліп, таза болса, мыңдаған бала жақсарады және ұлтымыз қайырымды мінез-
құлыққа ие білімді мыңдаған ұл-қыздарға кенеледі. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы біздің қоғамның 
рухани-адамгершілік тұрғысынан жаңғыруының негізі бола алады. 


131 
Мұғалімнің тұлғалық, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамуы туралы көрнекті 
ұстаз Ы.Алтынсарин былай деген: «Мұғалім – білім берудегі ең маңызды адам. 
Ең озық педагогикалық оқу құралдары, үкімет қаулылары, өте қатал 
инспекторлық бақылау маңызы жағынан мұғалім дәрежесімен теңесе алмайды. 
Сондықтан, мен ұшін мұғалім әлемдегі барлық асыл заттардан қымбат» [3]. 
Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығының мәнін 
ашу, адамзат өмірінде туындаған жаһандық мәселелердің басты себептерін 
анықтау, адамзаттың ең негізгі дағдарыстардан шығу жолдарын көрсету, қазіргі 
ұстаздардың басты міндеті болмақ.
Қазіргі таңдағы білім берудегі мәселелерді мәңгілік рухани-адамгершілік 
құндылықтар білім берудің тірек нүктесі болғанда ғана, басқаша айтқанда осы 
құндылықтар берілетін барлық білімдермен ортақ тұтастық құрған жағдайда 
ғана шешуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет