Іштің қабырғасы құрсақ ортасынан ,
ішкі кеуде артериясынан, мықынның үлкен күре
тамырлрынан өзіне қажет қанды, қоректік заттарды алады. Кейін қайтадан қан вена арқылы жүрек
құлақшасына құйылады.
Лимфа тамырлары құрсақтың жоғарғы жағынан қолтық астына, ал төменгі жағынан шаптағы
лимфа түйіндеріне келіп құйылады.
Құрсақтың массажы үшке бөлінеді: біріншісі – оның тек бұлшық еттеріне әсер ету; екіншісі –
құрсақ ішіндегі ағзаларға әсер ету; үшіншісі – нерв талшықтарына әсер ету;
Ішке (құрсақ бұлшық еті) массаж жасағанда адамды басын сәл биіктеу етіп, тізесін бүгіп,
шалқасынан жатқызады. Іш бұлшық еттерін толық босаңсыту үшін тізенің астына жастық не білік
салады. Массаж жасаушы оң қырынан отырып, алдымен үш
саусақпен, содан кейін төрт саусақпен
кіндіктің айналасын бірнеше рет үстіртін сипап шығады. Төрт саусақпен сипағанда бас бармақ тіреп
тұрады. Содан соң алақанмен бүкіл іштің етін сипайды. Қарында жиналған май көп болса, онда
массаждың басқа түрлерін қолданады (ысқылау, сүргілеу, егелеу, штрихтау т.б.).
Жұмсарту іштің бұлшық еттерін қысып ұстап тік және көлденең қарай жүргізу арқылы
орындалады. Осы бағытта созғылау, қысу, орнынан жылжыту, жұмарлау, дірілдету және шапалақтау
қолданылады.
Мұның бәрі құрсақ бұлшық еттерін қатайту үшін ғана емес, сол сияқты асқазанның
секреторлық және жиырушылық қасиетін қалпына келтіру, ішектің түйірілуін
болдырмау және
ауырғанын бәсеңдету үшін қолданылады.
Массаждың басы сипаумен басталып, аяғы да сипаумен бітеді. Алақанмен оңнан солға қарай
кіндіктің айналасында сипайды.
Созылмалы гастрит кезінде асқазан тұсына, сегментарлық – рефлексогендік аймаққа, аталған
бұлшық еттерге массаж жасайды. Онда сипауды, ысқылауды,
штрихтау, босаңсыту, қажет болса
дірілдету тәсілдерін қолданады.
Массаж 10-15 минут кунара жасалады. Аурудың жағдайына қарай 10-15 күн емдейді.
Қарынға май көп жиналғанда (семіріп кеткенде, құрсаққа массаж жасау үшін аяқты созып
жібереді). Алдымен ортаңғы сызықтан бастап қолтық астына және шапқа дейін сипайды. Одан соң
қолды батырып тоқ ішек бағытымен жүргізеді, қолдың қырымен ысқылайды,
сол кезде қарынның
майы екі қолдың арасында «езгілейді».
Мұнда қимыл жоғары – төмен, оңға – солға ... әр түрлі бағытта жасалады. Әсіресе, қарын
салбырап кеткенде оны екі қолмен қысып жұмсартудың, илеудің жұмырлаудың пайдасы өте зор.
Көбінде емдік массаж жаттығулармен бірге қолданады. Сонда бұлшық ет тартылып, майы азайып,
қарын қалпына келеді.
Құрсаққа массаж жасау тек асқазан емес , тоқ ішек қабынғанда, бауыр мен өт жолы ауырғанда
кеңінен қолданылады. Мәселен, тоқ ішек
қабынғанда іш бұрап ауырады, тәбет төмендеп, бойды
әлсіздік билеп кетеді. Кейде іш қатып қалады. Сол кезде массаж сегментарлық – рефлексогендік
аймаққа және тоқ ішектің бағытымен жасалады. Жеңіл ғана сипап басталып, біртіндеп терең
батырылып, сағат тілінің бағытымен лимфа түйіндеріне қарай жүргізіледі. Мұнан соң штрихта,
ысқылау,
қолды батырып итеру, сияқты тәсілдерді пайдаланады. Оған дірілдету, пунктирлеу,
шапақтау , қағу қосылады. Массаждың ұзақтығы 12-16 минут. Жағдай көтерсе күнде әйтпесе күнара
10-12 процедура өткізеді. Массаж адам тамақтанған соң 30 минуттан кейін, кейде 1,5 – 2 сағаттан соң
ғана қолданылады. Сол сияқты массаж жасарда қуықты босату керек.
Массаж методикасы, тәсілі науқастың жағдайына байланысты. Сондықтан массаж тек бұлшық
еттерге немесе ішкі ағзаларға не нерв жүйесіне жеке жеке берілуі мүмкін. Ал негізінде барлығы бірақ
қамтылуы жиі кездеседі.
Массаж жасаған кезде құрсақ бұлшық еті толық босаңсыту керек, науқас адам басын көтермеу
керек, өйткені бұлшық ет тартылып кетеді. Ал массаж жасаушының қолы жылы болуы керек , салқын
қол бұлшық етті жиырады, тітіркендіреді.
Бұлшық етті сол талшықтарының бойымен, ал ішкі ағзаларды массаждау олардың құрылысына,
анатомиялық орналасуына байланысты. Массаж қимылы бұлшық етке үстіртін, жылдам, ал ішкі
органдарға байыппен, асықпай тереңірек жүргізіледі.
Ішкі ағзаларға, қарынның майын азайту мақсатында жасалған массажда теріні еш нәрсемен
майламайды.
Осы асқазан ішек ауруларына қоса науқаста кейде жүрек тамыр аурулары да кездесіп қалады.
Онда жауырынның арасын, жүрек тұсын абайлап массаждайды.
Бауыр мен өт жолы зақымданғанда массажды
қан айналасын жақсарту, бұлшық еттерді
босаңсыту, ауырғанын басу, өттің жүрісін реттеу мақсатымен жасайды. Оны тек ауру асқынбаған
кезде, температурасы қалыпты болғанда қолданады. Мұнда да құрсақ етін толық сипап шығады, одан
соң оң жақ қабырға доғасының астын сипалайды,көкірек тұсын арт жағынан және алдыңғы жағынан
сипайды. Одан кейін бауыр тұсын ысқылайды, саусақтың ұшымен баурдың шетін ала қабырға
астынан дөңгелек жасап үздіксіз дірілдетеді. Массаж да әдеттегіндей құрсақ және кеудені сипаумен
аяқталады. Алғашында 8-10 минут, кейін 15-20 минутқа дейін созады.
Ішке массаж жасау басқа жерге қарағанда, өте күрделі, науқас үшін ол қиын, сонын салдарынан
тез шаршап қалады. Сондықтан массаждың аяғына дейін 2-3 минут бір-екі рет үзәләс жасайды.
Массаж біткен соң 20-30 минут тынығу керек.
Ішкі
ағзалардың жұмысын реттеуге, рұқсат бұлшық етін қатайтуға массаждың емдік
гимнастикамен, дене шынықтырумен, бірге тағайындалғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: