Нұргүл Тлебалдина бағалаудың Өлшемдік технологиялары


Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы



Pdf көрінісі
бет34/113
Дата24.06.2024
өлшемі1,52 Mb.
#203467
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113
Байланысты:
Тлебалдина-Н.Қ.-Бағалаудың-өлшемдік-технологиялары.

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы; 
«Оқу түбі тоқу» 
дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай ақ түрлендіру, 
дамыту, толықтыру керек. Әртүрлі қалып пен мән мәтінде қарастыра білу 
керек. Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын 
қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі; 
Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау 
критерийлерін құру керек.
Оқушылардың өз жұмыстарын талдауға мүмкіндіктері мен 
біліктері


44 
М 
П 
И 
-кемшіліктер 
+ жақсы 
S қызықты жауап 
Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз 
өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау және бірін бірі бағалау 
парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады. 
Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту. 
Бағалау 
оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Формативті 
бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі 
бағалау оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына 
елеулі әсер етеді. 
Тәжірибелік бөлім:
• Дембо және Рубинштейннің «ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау; 
• Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесіндегі» бағалау (Қараев пен 
Кобдикованың оқыту технологиясы бойынша бағалау;
• Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау; 
• Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау; 
• Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау. 
• Пікірнама жазу арқылы бағалау; 
• Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау; 
• Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау; 
• Портфолио көмегі арқылы бағалау; 
• М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау. 
Мысалы: 
Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, 
оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = 
түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін 
бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне 
жазуына болады. 
•Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды 
және т.б. бағалайды. Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі 
мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары 
немесе қызыл тұсті көтеріп жатады. Бағалаудың өзіндік қиындықтары да 
байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол 
жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын 
баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн. 
Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалау жүйесінің артықшылығына 
сын көзбен қарайтын болсақ: 
Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды; 
Білімге деген ынтасын арттырады; 
Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді; Оқушының 
өзін өзі бағалауы дамып, оны тек сабақ барысында ғана емес,кез келген 


45 
өмірдегі болып жатқан қайшылықтарға өзіндік бағалау жүргізе алатын тұлға 
қалыптасады. 
«5» 
деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық 
білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз 
бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік 
нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар 
қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады. 
«4» 
бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей 
алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін 
оқушыға қойылады. 
«3» 
бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді 
үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім 
көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады. 
«2» 
бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні 
ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі 
жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады. 
Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары: 
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін 
анықтау керек. Үлгермеудің негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет