Білім беру бағдарламасы курс атауы: «Тарихты оқыту әдістемесі» Тыңдаушылар санаты


Сабақты жоспарлауда  басшылыққа алатын қағидаттар



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата15.07.2024
өлшемі1 Mb.
#203576
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
Тарихты-оқыту-әдістемесі-1

 
Сабақты жоспарлауда 


басшылыққа алатын қағидаттар.
 
Сабақ құрылымы: уәж туындату, өткен 
тақырыпты бекіту, жаңа материалды игеру, бағалау, сабақты қорытындылау 
(дебрифинг, рефлексия).
 
Сәтті сабаққа қойылатын талаптар.
 
Сәтті сабақты 
қамтамасыз ететін қағидаттар. Ричард Дарант «Үздік сабақтың алты белгісі»
.
Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлері. Тарихи уақыт, тарихи 
кеңестік, тарихи қозғалыс ұғымдары. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер

12-16, 21,26. 
9 тақырып. Тарихты оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдістемесі 
Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні. Тарих 
сабақтарында оқу картинасымен жұмыс істеу тәсілдері. Тарих оқулықтарындағы 
иллюстрациямен жұмыс істеу тәсілдері. Тарихты окытудағы шартты көрнекілік. 
Пәндік көрнекілік және оның танымдық кұндылығы. Картамен жұмыс. «Картаны 
оқу» шеберлігі, картамен жұмыс істеу методикасы. Шартты белгілер, символдар 
және шартты тыныс белгілер. Оқушылардың тарихи білім алуындағы 
компьютердің ролі. Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар 
қарастыру. 
Кино-фото 
құжаттарын, 
кезендік 
баспа 
материалдарын 
пайдалану.
 
Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері. Баспа мәтіндері. 
Тарих сабағында оларды пайдалану әдістері. Қазақстан тарихы пәні бойынша 
көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, 
(бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік. 
Қолдан көрнекілік жасау. Қазақстан тарихын оқытудың аудиовизуалдық құралы. 
Қазақстан тарихы пәні сабағында оларды қолдану әдістері. Тарихи-өлкетану 
материалдарын оқытуда көрнекіліктің рөлі. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер

12-16, 21,26. 
10 тақырып. Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды қолдану әдістемесі
Тарихты көрнекілік құралдармен оқытудың функциясы мен мәні. Тарих 
пәндеріі бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік 
көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) 
көрнекілік. Қолдан көрнекілік жасау. Тарих сабақтарында оқу картинасымен 
жұмыс істеу тәсілдері. Тарих оқулықтарындағы иллюстрациямен жұмыс істеу 
тәсілдері. Тарихты окытудағы шартты көрнекілік. Пәндік көрнекілік және оның 
танымдық кұндылығы. Картамен жұмыс. "Картаны оқу" шеберлігі, картамен 
жұмыс істеу методикасы. Шартты белгілер, символдар және шартты тыныс 
белгілер. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің рөлі. Тарих пәні 
бойынша компьютерлік бағдарламалар қарастыру. Кино-фото құжаттарын, 
кезендік баспа материалдарын пайдалану. Баспадағы тарихи мәліметтермен 
жұмыс әдістері. Баспа мәтіндері. Тарих сабағында оларды пайдалану әдістері. 
Тарихты оқытудың аудиовизуалдық құралы, оларды қолдану әдістері. Тарихи-
өлкетану материалдарын оқытуда көрнекіліктің рөлі. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер:
3,12-16, 21,26. 


11 тақырып. Тарих сабағында ақпараттық және білім беру ортасын 
жобалаудың жалпы негіздері 
Мектептің ақпараттық-білім беру ортасын құрудың өзектілігі. Ақпараттық
және білім беру ортасы ақпараттық-білім беру кеңістігінің бөлігі ретінде. «Білім 
беру ортасы» ұғымы. Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудағы
ақпараттық-білім беру ресурстары мен құралдары жүйесінің маңызы. 
Ақпараттық орта аясындағы субъективті, ресурстық және технологиялық 
орталардың өзара әрекеттесуі. Субъективті орта - білім беру процесіне 
қатысушылардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу саласы. Ресурстық орта 
- ресурстық білім беру әлеуеті шоғырланған сала. Ресурстық орта оқу-
әдістемелік кешенді немесе кешенді (ОӘК), дидактикалық компьютерлік ортаны 
(КҚД) және әлеуметтік-мәдени білім беру ресурсын (СКОР) қамтиды. ББ 
технологиялық ортаның маңыздылығы. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер:
3,12-16, 21,26. 
12 тақырып. Заманауи педагогтің АКТ құзыреттілігін қалыптастыру, 
оқыту мен үйретуде АКТ технологияларды қолдану тиімділігі. 
«Ақпараттық технология» терминін академик В.М. Глушков енгізген. 
Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты 
болғандықтан, В. Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялалар» 
ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Білім беруде 
компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың 
ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болуы. А.Горячевтің тұжырымы / 
«Ақпараттық технология» - мәтіндік редактор, электрондық кесте, мәліметтер 
базасы, 
графиктік 
редактор, 
мультимедия 
және 
коммуникациялық 
технологиямен 
сипатталады/. 
Р. 
Әбдірәсілова 
болса, 
«Ақпараттық 
технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады. Сандық 
технологияларды 
қолдану 
негізінде 
мұғалімнің 
АКТ 
құзыреттілігін 
қалыптастыру мәселесі. Ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу 
үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу 
үшін жібере білу. Білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-
әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде 
магистранттың жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық 
технологияның қосымшасы. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер:
3,12-16, 21,26. 
13 тақырып. Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен кұжаттарды 
пайдалану
Тарихты оқытудағы құжаттардың рөлі мен мәні. Тарихта оқытуда 
қолданылатын құжаттық-материалдық негізгі түрлері. Окушылардың тарихи 
құжаттармен жұмыс істеу тәсілдері. Құжаттық материалдың жіктелуі. Актілік 
құжаттар, баяндауышы - сипаттаушы құжаттар, көркем сөз естеліктері. Тарихи 
құжаттар мен мәліметтерді зерттеу әдісі. Мәліметті конспектілеу. Тарихи 
мәліметтердің сипаты: авторы, уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары 
мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау. Тарихи мәліметтермен, кұжаттармен 


жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын қалыптастыру, ойлау 
қабілетін жетілдіру.
Жиынтық бағалаудағы тарихи дереккөздердің рөлі мен 
орны. Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы сабақтарында оқушылардың тарихи/ 
құқықтық мәліметтермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Пән бойынша ОӘК 
оқулық, жұмыс дәптері және мұғалімге арналған әдістемелік құралдан тұрады. 
Тарих сабақтарында ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқулық 
мәтінімен жұмыс. Деректермен, оқиғалармен, құбылыстармен және 
үдерістермен жұмыс. 
Тарихи оқиғаларды, үдерістерді, құқықтағы тәжірибелік жағдаяттарды 
сыни талдау және бағамдау дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер: 4,5,12-16, 21,26. 
14 тақырып. 
Т
арихты оқытудағы пәнаралық байланыстар. Өлкетану 
материалдарын пайдалану
Тарихты оқыту үдерісінде тарихи білімді, іскерлікті және дағдыларды 
қалыптастыру. Пәнаралық және курсішілік байланыстардың дидактикалық мәні. 
Олардың білім жүйесін қалыптастырудағы рөлі, дүниетанымдық идеяларды 
түсіну және игеру. Тарих курстарының пәнаралық байланыстары мазмұнының 
негізгі аспектілері. Пәнаралық байланыстарды орнатудың әдістемелік тәсілдері 
мен құралдары. Өлкетану және аймақ материалдарын пайдаланудың мақсаттары, 
міндеттері мен тәсілдері. Тарихты оқыту процесінде өлкетану материалдарын 
және аймақты пайдаланудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылық 
мүмкіндіктері. Өлкетану және аймақ материалдарын тиімді пайдаланудың 
әдістемелік жолдары. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер: 4,5,12-16, 21,26. 
16 тақырып. Тарихты оқытуда дарынды және алымы нашар оқушылармен 
жұмысты ұйымдастыру әдістемесі 
Қазақстанның білім кеңістігін дамытудағы оқушылардың таланты мен 
қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамытудың маңыздылығы. Жоғары 
жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, 
халықаралық сайыстар мен бағдарламалар. жүргізіледі. Талантты және дарынды 
балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсілдерді қолдану. 
Алымы нашар оқушылармен тарих пәнінен олқылықтарды жою бойынша 
жұмыстарда АКТ қолдану мәселесі. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер:
4,5,12-16, 20,21,26. 
15 тақырып. Тарихты оқытуда қалыптастырушы бағалау жұмыстарын 
ұйымдастыру әдістемесі 
Критериалды бағалау қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің 
мазмұны. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауға арналған тапсырма 
дайындау және өзін-өзі бағамдау. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін 
тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз 
байланысты. Тарих сабағында балалар өздерінің түсініктерін құра алатын 
белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де 


осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған 
қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда 
қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды 
қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. АКТ арқылы қалыптастырушы 
бағалау оқыту мен оқудың стратегияларын қарастырады. Оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуда АКТ қолданудың тиімді жолдары. 
Тақырыпты өз бетімен меңгеруге арналған әдебиеттер: 4,5,12-16, 20,21,26. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет