Білім беру бағдарламасы курс атауы: «Тарихты оқыту әдістемесі» Тыңдаушылар санаты



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата15.07.2024
өлшемі1 Mb.
#203576
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Тарихты-оқыту-әдістемесі-1

Білім беру мазмұны
- жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны 
қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік
дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік 
қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі. 
Дағды - 
бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте 
машықтандыру. 
Дидактика - 

didaktikas
» - оқытушы, «
didasko»
- оқушы) грек тілінен 
аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді, білім беру мен оқыту 
мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы. 
Дидактикалық принциптер 
– оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру 
тәсілдерін, әдістерін мақсатына, заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар 
жүйесі. 
Емтихан
– оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың 
арнаулы формасы. 
Заңдылық – 
дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, 
маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап отыратын өзара 
байланыс. 
Кейс технологиясы

оқу-әдістемелік материалдарының қағаз
электронды және басқа тасымалдаушы және таратушы арқылы оларды білім 
алушыларға өз бетінше оқу құралдарының жиынтығына (кейстеріне) 
негізделген технология; 
Мемлекеттік білім беру стандарты 
– мемлекеттік нормалар деп танылған 
және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім 
деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі. 
Оқу жоспары 
– оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің 
мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ 
бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта 
сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат. 
Оқу бағдарламасы 
— оқу пәніне байланысты білім, іскерлік, 
дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу 
жоспары негізінде жасалады. 
Оқулық 
– оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде 
баяндайтын кітап. 


Оқыту 
оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына 
бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Оқыту — қазіргі заман 
талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды 
меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі. 
Оқыту үдерісі 
— бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске 
асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара 
байланысты іс-әрекет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет