Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


•  бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (1-4-сыныптар);  •



Pdf көрінісі
бет21/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

• 
бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (1-4-сыныптар); 
• 
негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (5-6-сыныптар), «Физи-
ка», «Химия», «Биология», «География» (7-9-сыныптар); 
• 
жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «Физика», «Химия», 
«Биология», «География» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады. 
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің мақсаты 
«Адам – Табиғат» жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін 
қамтамасыз ету. Білім беру саласының мазмұны білім алушылардың табиғат-
ты тануға деген қызығушылығын, зерттеу дағдыларын дамытуға, қоршаған ор-
таны ғылыми тұрғыдан түсініп, көре білуді қалыптастыруға бағытталған. Пән-
нің мазмұны «қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай» 
принципі бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылы-
стары мен процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну, 
қоршаған ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін түсіну білім алушылардың ой-
өрісін кеңейтеді. «Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерін-


БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, 
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
31
де дербес пән ретінде оқылатын «Биология», «Физика», «География», «Химия» 
оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің барлық сала-
ларында маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды. 
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы негізгі орта білім берудің мақсаты – 
функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру, 
жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалық-эксперименттік дағ-
дыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау және тұжырымдау дағдыларын 
қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан 
іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты 
ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерт-
теу негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді 
тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік ой-
лауды дамытуды; патриоттық сезімдерді, қоршаған ортаға деген жауапкер-
шілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды жаратылыстану 
ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы жалпы орта білім берудің мақсаты: 
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу 
орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін акаде-
миялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау бо-
лып табылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Ре-
спубликасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу 
жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының 
1–3, 11–15,103-қосымшаларында (1-4-сыныптар), 6–8, 16–20,104-қосымшаларында 
(5-9-сыныптар), 21–30, 85–90,105-106 - қосымшаларында (10-11-сыныптар) көр-
сетілген. 
«Жаратылыстану» (28-қосымшаға сәйкес 1-4-сыныптар, 56-қосымшаға сәйкес 
5-6-сыныптар), «Физика» (57-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 10-11-сынып-
тар ЖМБ 112-қосымшаға сәйкес; ҚГБ 113-қосымшаға сәйкес ), «Химия» (58-қо-
сымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 10-11-сыныптар ЖМБ 110-қосымшаға сәйкес; 
ҚГБ 111-қосымшаға сәйкес), «Биология» (59-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; 
10-11-сыныптар ЖМБ 114-қосымшаға сәйкес ҚГБ 115-қосымшаға сәйкес;) және 
«География» (60-қосымшаға сәйкес 5-9-сыныптар; ЖМБ 10-11-сыныптар 116-қо-
сымшаға сәйкес; ҚГБ 117-қосымшаға сәйкес) оқу пәндерін оқыту «Жалпы білім 
беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негіз-
гі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу 
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту мини-
стрінің 2022 жылғы16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу 
бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. 
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, 
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курста-
рының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
32
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгері-
стер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 5 наурыздағы № 54 бұйрығы-
на сәйкес 3-сыныпта «Жаратылыстану» оқу пәні 1 сағат көлемінде оқытылады. 
Осыған байланысты оқу процесінде үлгілік оқу бағдарламасындағы оқыту мақ-
саттарын негізге ала отырып «Жаратылыстану» оқулығын қолдану ұсынылады. 
(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400034116#z4886).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет