Білім алушылардың пәндік және түйінді құзыреттерін дамыту
Зертханалық және практикалық жұмыстың көлемін орындау үшін ақпарат-
тық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) пайдалану, білім
алушылардың эксперименттік деректермен жұмыс істеу және қорытынды жа-
сау қабілетіне назар аудару ұсынылады.
Зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, өңірлік және жергілікті аспектілер-
де қолданбалы маңызы бар жобаларды жазу, Қазақстанның жаратылыстану са-
ласындағы ғылыми жетістіктерін зерделеу ұсынылады.
Жергілікті сипаттағы материалдарды, мысалы, техника, медицина, ауыл шару-
ашылығы, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы жетістіктерді пайдалана
отырып, білім алушылардың оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру ұсынылады.
Педагогтер бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытудың өзіндік
ерекшеліктері бар екенін ескерулері керек:
•
пән мазмұнындағы базалық білім жүйесі білім алушылардың қоршаған орта
туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы бастапқы
білімдерін қалыптастырады;
•
пән білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағыт-
талған: сұрақтар қою және осы сұрақтарға жауап табу, зерттеу жоспарын
әзірлеу және болжау, сұрақтарға жауап іздеу үшін зерттеулер жүргізу; зерт-
теу нәтижесінде алынған деректерді жалпылау, өңдеу және түсіндіру;
•
зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізу арқылы тапсырманы өз
бетінше іздеу және қорытындыларды дұрыс тұжырымдау дағдыларын қа-
лыптастырады, білім алушының ойлау қабілеті мен ғылыммен айналысуға
деген ұмтылысын дамытады;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
36
•
білім алушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін меңгереді, шынайы жағдай-
ларда шешім шығаруды, сұрақтар қоюды, ғылыми-зерттеу жұмысының тәсіл-
дерін түсінуді және бақылауды үйренеді.
1-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша «1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін
ажырату» оқыту мақсаты білім алушылардың өсімдіктердің негізгі бөліктерін,
олардың атқаратын қызметтері мен өзара байланыстарын түсінуін дамытуға
бағытталған. Білім алушылардың өсімдіктердің бөліктерін анықтауына, олардың
атқаратын қызметін түсіндіруге және егер бөліктердің бірі өз жұмысын орын-
дамаса, нәтиже қандай болатынын болжауға баса назар аударылады. Өсімдік-
тердің жеуге жарамды бөліктерін білу де мақсат болып табылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласының пәндері бойынша білім алушыларының
пәндік және түйінді құзыреттері мынадай дағдыларды дамытуға бағытталған:
1. табиғи құбылыстарды бақылау және эксперимент жүргізу, сипаттау және
жалпылау; олардың нәтижелерін талдау;
2. табиғи құбылыстардың өзара байланысын орнату;
3. қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда, тір-
шіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды пайда-
лануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін жаратылыстану
бағытындағы білімдерді қолдану;
4. деректерді жинау және талдау негізінде жаратылыстану білімінің маңыз-
дылығын түсіндіру; жаратылыстану мәселелерін зерттеу кезінде гипотеза-
лар, дәлелдер мен түсініктемелер ұсыну; эксперимент пен зерттеу жоспарын
құру және жүзеге асыру.
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша пәндік және түйінді құзыреттіліктерді
дамытуда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану ұсынылады. Мысалы:
1. Мәтінмен жұмыс: ғылыми мәтіндерді оқу және талдау, түйіндемелер мен ан-
нотациялар жасау білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын
дамытуға, ақпарат алуға және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмекте-
седі.
2. Топтық жұмыс: бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар жүргізу
және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білім алушыларға коммуникативті
дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және мәселелерді шешуге
көмектеседі.
3. Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау, экспе-
рименттер жүргізу, көлемді жұмыстарды істеу және білім алушылардың ма-
териалдарды пайдалануы, бақылау, деректерді талдау дағдыларын дамыту
және ғылыми білімді практикада қолдану.
4. Заманауи технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін компьютерлік
бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС,
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
37
5. Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау, басым-
дықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу,
өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмекте-
седі.
Биология және химия бойынша пәндік, түйінді құзыреттіліктерді дамыту бойын-
ша оқыту мақсаттары мен тапсырмаларының мысалдары кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |