Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда (оқу, математикалық, жа-



Pdf көрінісі
бет22/83
Дата01.09.2024
өлшемі4,96 Mb.
#203775
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
KAZ ИМП 2024

Білім алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда (оқу, математикалық, жа-
ратылыстану сауаттылығы) білім, білік және дағдыларын қолдану қабілетін 
қалыптастыру.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы пәндерді оқытуда функционалдық 
сауаттылық мәселелерін шешу үшін алынған білімді бейімдеу қабілетін қамти-
тын аналитикалық ойлауға үлкен мән беріледі. Бұл оқу сауаттылығын, матема-
тикалық құралдарды және «Жаратылыстану» саласындағы пәндік білімді пай-
далануды талап ететін пәнаралық, тәжірибеге бағытталған және жағдаяттық 
есептер сияқты әртүрлі мазмұндағы сөздік есептерді шешуді қамтиды.
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұ-
мысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т. б. халықаралық салыстырмалы зертте-
улердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау» 
АҚ сайтынан танысуға болады https://taldau.edu.kz/storage/app/media/PISA/%20
%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf
Бастауыш білім беру деңгейіндегі «Жаратылыстану» пәні зерттеу, ойлау опера-
цияларының негіздерін, коммуникативтік дағдылар мен іскерліктерді қалып-
тастыруға, қоршаған орта құбылыстарын түсіндіру үшін алған білімдерін қол-
дана білуге, әртүрлі көздерден алынатын табиғи-ғылыми және өмірлік маңызы 
бар мазмұндағы ақпаратты қабылдауға бағытталған.
Бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» пәнін оқу процесінде білім 
алушылардың әртүрлі өмірлік жағдайларда алған білімдерін қолдана білу дағ-
дылары қалыптасады. Бұл процесс «3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін 
құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау» оқу 
мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген жоспарға сәйкес эксперимент 
жүргізу, нәтижелерді ыңғайлы түрде жазу және алынған деректер негізінде 
тұжырым жасау білігін талап етеді. Алынған дағдыларды одан әрі іс-әрекетте 
қолдану білім алушылардың эксперименттер жүргізіп, олардың негізінде бо-
лашақта оқуда және күнделікті өмірде пайдалы болатын қорытындылар жасай 
алатынын болжайды.
Бастауыш білім беру деңгейіндегі «Жаратылыстану» пәні зерттеу, ойлау опера-
цияларының негіздерін, коммуникативтік дағдылар мен іскерліктерді қалып-
тастыруға, қоршаған орта құбылыстарын түсіндіру үшін алған білімдерін қол-
дана білуге, әртүрлі көздерден алынатын табиғи-ғылыми және өмірлік маңызы 
бар мазмұндағы ақпаратты қабылдауға бағытталған. 


БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЖМБС, 
ҮОЖ, ҮОБ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет