113
Сондай-ақ ақпаратты сақтау құралдарын магниттік өрістердің
ықпалына түсіруге
болмайды, себебі бұл тасымалдаушының
магниттелген құрылымының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін,
яғни, оларда сақталатын ақпараттың жоғалуы болмай қалмайды.
Одан өзге, ақпарат жинақтаушыларды тікелей күн сәуелелері
түсуден қорғалған орында сақтаған және жылу мен ылғал ықпалынан
қорғаған дұрыс. Тасымалдаушыларды
арнайы ораулар немесе
қаптарда сақтау қажет.
1,2. қосымшаларда берілген практикалық тапсырмалар мен
дербес жұмыс үшін тапсырмаларды орындаңыз.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Компьютермен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік
техникасын сақтау
қандай құжаттармен
регламенттеледі?
2.
Нұсқама деген не? Кәсіпорында немесе ұйымда қандай
нұсқамалардың түрлері өткізілуі тиіс?
3.
Монитормен жұмыс барысында қандай ережелерді
сақтау қажет?