138
мектеп ұстанған қандай-да бiр мақсат әртүрлі материалдар
қолданумен орындалады, мысалы балаларға әрiп таныту бары-
сында мұғалiм нақты “Әлiппе” кiтабында берiлген мүмкін болған
көп баламалар iшiнен өз оқушылары үшiн бiрiн таңдайды.
Мұндайда пән өз атауын, арнайы мiндетiн өзгертпестен екiншi
бiр бағдарлама не оқулық негiзiнде оқу үдерiсiнде пайдаланы-
лады.
Бiлiм мазмұны мектеп типi, аймақтық не басқа да ерекшелiк-
терiне байланысты өзгерiске келуi мүмкін. Жалпы мектеп, гим-
назия, авторлық оқу орындары үшiн түзiлген әрқилы оқулықтар
болуы ықтимал. Оларды пайдалану балалардың мектепке
дайындық деңгейiне тәуелдi. Анығы, дарынды балалар мен оқу
қабiлетi кемдеу шәкiрттер үшiн әртүрлі оқу бағдарламалары
мен оқулықтар болғаны жөн, алайда қай оқулықта болмасын,
мемлекеттiк стандарт талабына сай инвариантты ( өзгермейтiн)
бiлiм сақталуы мiндеттi. Мазмұнның жiкке келуi ақпараттық
бөлiмнің тарылуы мен кеңеюiнен игеру қарқынының өзгеруiне,
материал ұсыну тәсiлдерiне де байланысты.
Сыртқы жiктелулермен қатар (пән мазмұны және оларды
игерудің әрқилы тәсiлдерiн ұйымдастыру деңгейiнде) iшкi диф-
ференциация да қолданылады. Ол оқу материалы мазмұнын
дайындығы әр деңгейде болған балалар үшiн тақырып не бөлiм
ауқымында жiктеп, үлгерiмi жоғары оқушыларға материалды
тезiрек игерiп, дами түсуiне, ал бiлiктiлiгi жетiмсiз балаларға
бағдарламаны жеңiлдетiлген күйде ұсынуға мүмкіндiк бе-
редi. Мазмұн мұғалiмдер үшiн өз оқу-тәрбие жұмыстарын
оқушылардың қызығулары мен қабiлеттерiне орай даралап
оқытуына да қолайлы болуы қажет, өз iшiне мүмкіндiгi болғанша
тәрбиелiк iстерге де жол-жобаларды молынан қамтығаны жөн.
Оқу үдерiсiнiң мазмұны қамтыған бiлiм түйдектерi мен
олардың элементтерi өзара әрқилы тәсiлдермен байланысқа
келген түрлі
Достарыңызбен бөлісу: