Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет102/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

құрылымдарға
(структура) бiрiгедi. Бұл 
құрылымдардың аса кең тарағандары: 
iзбе-iздi, шоғырлы, 
оралымды
және 
аралас.
Iзбе-iздi
(линейная) құрылымда оқу материалының жеке 
бөлiктерi үздiксiз бiрiздi өзара тығыз байланысқан күйде мек-
тептiк оқу мерзiмiнде бiр-ақ рет ұсынылады. 
Шоғырлы
(концентрлi) құрылымда уақыт өтумен бұрынғы материал 


139
қайталана, игерiледi. Бiр сұрақ бiрнеше рет қойылуы мүмкін, 
бiрақ оның мазмұны әр жаңа қойылымда жаңа ақпараттар, бай-
ланыстар және тәуелдiлiк заңдылықтарына орай бiрте-бiрте 
байытылған сипатта берiледi. Оқудың алғашқы кезеңдерiнде 
қарапайым ұғымдар төңірегiнде жұмыс алып барылса
кейiн оқушылардың бiлiм қорының арта түсуi мен танымдық 
мүмкіндiктердің өсуiнен ол оқу iстерi ғылыми-теориялық және 
тәжірибелік тұрғыдан тереңдеп, кеңейтiле барады. 
Оралымды 
(спиральды) құрылымға тән ерекшелiк – оқушылар бастапқы 
мәселенi назардан тыс қалдырмай, онымен байланысты бiлiм-
дер ауқымын бiрте-бiрте кеңейтумен болады. Бұл құрылымда 
концентрлiкке тән үзiлiстер болмайды, ал оның iзбе-iздi оқудан 
айырмашылығы – оқу материалы бiр мәрте ғана өтiлiп шек-
телместен, үстемеленiп толыққан дәрежеде қайталанып 
отырады. Оқу кiтаптарын құрастырушылар бүгiнде 
аралас
құрылымды пайдаланғанды жөн көрiп отыр. Себебi ол мазмұн 
қалыптастыруда әрқилы жолдарды қолданып, әр бөлiмдi өз 
алдына қолайлы болған тәсiлдермен баяндауға жол ашады. 
Құрылым таңдауда ескеретiн жәйттер: оқу мақсаттары, сау-
аттану деңгейiне қойылатын талаптар, игерiлетiн пәндердің си-
паты мен ерекшелiктерi, мазмұн бағыттары; оқу топтарының, 
оқушылардың әлеуметтiк, табиғи орта өзгешелiктерi. 
Бiлiм сипаты қандай болуы қажет және ол оқушыға не 
жеткiзуi тиiс? бұл сұрақтар төңірегiнде әртүрлі көзқарастар 
өрбiген. Әсiресе кең жайылым алған бағыттар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет