Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет104/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Мазмұн элементтерi
Бастауыш бiлiм мазмұны бөлектенген элементтерден 
құралады. Ең маңызды элемент – 
бiлiм
(знание). Бiлiм – бұл 
оқушы санасында қалыптасқан ұғымдар, деректер, пiкiрлер, 
түсiнiктер. Бiлiмдер қарапайым-тұрмыстық және ғылыми-
теориялық сипатымен бөлiнедi. Тұрмыстық бiлiмдердi бала 
өмiр барысында, жеке бақылаулары мен ой толғаныстары 
нәтижесiнде жинақтайды. Ал теориялық бiлiмдер мақсат-
бағдарлы оқу және өзiндiк iзденiс негiзiнде қалыптасады. Бала 
бiлiмi оның тiлiмен байланысты. Ол сөзбен өрнектейтiн, өз 
сөзімен түсiндiрiп бере алатындарын ғана бiледi. 
Бiлiммен бiрге жүретін құбылыс 
ептiлiктер.
Ептiлiк – бұл 
әрекеттегi бiлiм. Ол белгiлi амалдардың, iс-әрекеттердi орын-
дау тәсiлдерiнің игерiлуiнен пайда болады. Ептiлiктер саналық 
және тәжірибелік болып бөлiнедi. Оқу үдерiсiнде оқушы көп 
санды ептiлiктерге – жалпы оқулық, арнайы (есептеу, сөйлеу), 
ойын, еңбек, спорттық, эстетикалық, моральдық және т.б. - 
үйренедi. Жалпы ептiлiктер нақты ептiлiктерден құралады. 
Жалпы оқу ептiлiктерi қатарына, мысалы, оқу әрекеттерiн жос-
парлау, кiтаппен жұмыс iстеу, басты деректердi ажырату, тал-
дау, салыстыру, өтiлгендi есте қалдыру, өзiндiк бақылау алып 
бару және т.б. кiредi. 
Көп қайталаулардың нәтижесiнде ептiлiк 
дағдыға
айнала-
ды. Дағды – бұл автоматтық деңгейге жеткiзiлген ептiлiк. Кейбiр 
ептiлiктер тұрақты дағдыға айналады: мысалы, бiрiншi сынып-
та дұрыс әрi жүгіріп оқу дағдысы қалыптасуы керек, ал кейбiр 
ептiлiктер ешқашанда дағдылыққа өтпейдi (мысалы, қалыптан 
тыс мәселелердi шешу). Дағды қалыптасу үшiн әрекеттер 
қайталануы жылдам әрi дәл болуы керек. Оқушы әрекеттердi 
көп санды қайталап, өз күшiн босқа сарп етпеуi үшiн, мұғалiм 
дағды қалыптастыруға ынталы болады. Мысалы, мәнерлi оқуға 
аса күш салудың тiптi қажетi жоқ, егер ол оқушының болашақ 
өмiр жоспарларымен байланысты болмаса. Әр ұстаздың ар-


142
маны – балаларды әдемi жазуға үйрету, бiрақ мұндай дағдыны 
қалыптастыру өте көп уақытты және шыдамдылықты керек 
етедi. Егер бала оқығанын жақсы түсiне алса, мәнерлеп оқу 
дағдысы қажеттiк туындаған шақта оңай қалыптасады. Бiрақ 
бұл дағды, осы сияқты әдемi жазу дағдысы да көп адамдарға 
өмiр барысында қажетi де болмай қалады. 
Оқу мазмұнының келесi бiр маңызды бiрлiктер тобы – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет