145
1) белгiлi пәндi оқытудың мақсаттары, оқушылар бiлiмi мен
ептiлiктер деңгейiне
қойылатын негiзгi талаптар, оқу фор-
малары мен әдістерi жөнiндегi түсiнiктеме хат; 2) оқылатын
материалдың
тақырыптық мазмұны; 3) кейбiр тақырыптарды
игеруге жұмсалатын оқу уақытының салыстырмалы көлемi;
4) мазмұнның
негiзгi элементтер тiзiмi; 5) пәнаралық байла-
ныстарды iске асыру бойынша көрсетпелер; 6) оқу жабдықтары
мен көрнекi құралдар тiзiмi; 7) қосымша оқуға қажет әдебиеттер
тiзiмi. Оқу, бiлiмдену жүйесiнің бұдан былайғы жiктелуiн (диф-
ференциациясын) тереңдету мақсатында оқу жоспарларының
көптеген баламалары ұсынылуда. Оқу орындарының қай-
қайсысында да бұл күнде тек бiр пәннің өзi бiр уақытта бiрнеше
бағдарламалар бойынша оқылуы мүмкін.
Бұл оқушылардың
қызығулары мен мүмкіндiктерiне байланысты. Жiктел-
ген бағдарламалар және тереңдетiле немесе жеңiлдетiле
оқылатын пәндердің енгiзiлуi жөнiнде мектеп кеңестерi шешiм
қабылдайды әрi бекiтедi.
Достарыңызбен бөлісу: