155
әдістерi,
құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың
туындауына
сәйкес бiр-бiрiмен ұштастырып, оқушылардың
белсендiлiгi мен дербестiгiне дем беру. Сабақ жағдайларында
оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға келесi әрекеттер тиiмдi:
–
өз пiкiрiн қорғап қалу;
– талқылаулар мен пiкiр сайыстарына қатысу;
– жолдастары мен
мұғалiмдерге сұрақ қойып бару;
– жолдастарының жауаптарына пiкiр бiлдiру;
– сыныптастарының жауаптары
мен жазба жұмыстарын
тексеру және бағалау;
– үлгерiмi
төмен жолдастарына көмектесу;
– оқуы төмен оқушыларға түсiнiк көмегiн беру;
– өз әлi жететiн
тапсырмаларды таңдастыра бiлу;
– қойылған мәселелердi шешудің әрқилы жолдарын iздестi-
ре бiлу;
– өз бiлiмдерi мен тәжірибелік әрекеттерiне өзiндiк талдау
және тексерiс ұйымдастыра бiлу;
– өзіне белгiлi тәсiлдердi бiрлiктi қолдану жолымен танымдық
мәселелердi шеше бiлу.
Сонымен, сеп-түрткілер – бұл оқушыны оқуға, әрекет етуге,
қандай да қылықтарды жасауға ықпал етушi ниеттер, себептер.
Оқу барысында көптеген сеп-түрткілер бiрдей тең араласады.
Қандай да сеп-түрткілердің
оқу барысында басымдылығын
мұғалiм оқушылардың оқуға болған қатынасынан байқайды.
Сеп-түрткілер заңдылықтарын бiлу – көптеген мектептiк
мәселелерді шешудің көзi.
Достарыңызбен бөлісу: