Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет113/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

сыртқы
және 
iшкi 
болып бөлiнедi. 
Алғашқы түрі педагогтардан, ата-аналардан, сыныптан, жал-
пы қоғамнан бастау алып, сыбыр сөз, ым-ишара, талаптар, 
нұсқаулар, айдау не зорлау күйiнде көрiнедi. Олар, әдетте, 
адамға әсер етедi, бiрақ олардың әсерi көбiне тұлғаның iшкi 
қарсылықтарына тап болады. Сондықтан олар еш уақытта iз-
гiлiк сипатымен көрiнбейдi. Қажеттiсi – оқушының өз қалауымен 
iске араласуы және нәтижеге ұмтылуы. Сеп-түрткілердің 
ақиқат көзi – адамның өзiнде. Осыдан сыртқы зорлау кейпiн-
дегi оқу сеп-түрткілерiне аса мән арта бермей, тұлғаның өз 
жан қалауынан болған оқу себептерiн арқау еткен жөн. Кiшi оқу 
жасындағы балаларды оқыту жағдайларға байланысты әрқилы 
сеп-түрткілердi айқындап және бағдарлап барады. Бұлар: 
– борыш сезiмi;
– мұғалiм мақтауына сай болу ниетi;
– жазадан қорқу;
– ересектер талабын орындау әдетi;
– танымдық қызығу;
– атақ құмарлық;
– сыныптастардың арасында беделге жету;
– ата-аналарын қуанту ниетi;
– “бес” алу мақсаты;
– марапат, мадаққа ұмтылу.
Аталған сеп-түрткілердің бәрi бiрлесе әрекетке келедi. Бiрақ 
олардың арасында бiреуi жетекшi, ал қалғандары - қосалқы 
қызмет атқарады. Мұғалiм осы жетекшi сеп-түрткінi ажырату-
мен, оны тiрек құрал ретiнде пайдаланады. 
Оқу үдерiсiнде басым келген қандай да сеп-түрткінi айы-
ру үшiн оқушылардың оқуға деген 
қатынасын
бақылауға 
алу қажет. Жүргізілген зерттеулер нәтижесi балалардың оқу 
үдерісiне араласуындағы бiрнеше сатыларды ажыратуға 
мүмкіндiк бердi, олар – болымсыз, бейтарап және ұнамды 


153
қатынастар. Оқушылардың оқуға болған 
болымсыз
қатынасы 
мына сипаттарға ие: себептер жадаулығы мен өрiссiздiгi, оқу 
нәтижесiне мүдделi болмау, тек баға үшiн оқу, мақсат қоя 
бiлмеу, қиыншылықтардан тартыну, оқуға құлықсыздық, мек-
теп, мұғалiмдерге деген жек көрушiлiк. 
Бейтарап
қатынас 
та жоғарыда аталған сипаттағы сеп-түрткілерге жақын, бiрақ 
оқушылардың қабiлеттерi мен мүмкіндiктерi оқудың ұнамды 
жағдайларымен ұштасса, жақсы нәтижелерге жеткiзедi. Мұндай 
оқушылар типiн қабiлеттi, бiрақ ерiншек деп атауға болады. 
Оқушылардың оқуға бағытталған 
ұнамды
қатынастарының 
әрқилы деңгейлерiнде сеп-түрткілердің тұрақсыздық қалпынан 
жоғары саналылық деңгей дәрежесiне көтерiлуiн байқауға бо-
лады. Сеп-түрткілердің ең жоғары деңгейi өз тұрақтылығымен, 
болашақ мақсаттарды белгiлей алуымен, өз оқу әрекеттерi 
мен мiнез-құлқының салдарын күнi iлгерi көре бiлу, мақсатқа 
жету жолындағы кедергiлердi жеңе алу сипаттарымен ерек-
шеленедi. Жоғары деңгейлi сеп-түрткілердi қару еткен оқушы 
мәселелердi шешудің дәстүрлi емес жолдарын iздестiру-
ге шебер келедi, ол құбылмалы, икемдi ой толғастыруға, 
шығармашылық iстi атқаруға қабiлеттi, бiлiмiн арттыру жолын-
да өз iзденiстерiн көбiрек пайдаланады. 
Әр сыныпта бiрте-бiрте балалардың оқуға болған 
қатынастарының 
нақты типтерi
ажырала бастайды. Мұғалiм 
өз жұмысын осы типтерге сәйкес ұйымдастыруы тиiс. Әсiресе 
кең белгiлi болған алғашқы тип – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет