Оқу әрекеттерiн қозғаушы күштер Кiшi жастағы оқушылардың мүдделерi Сеп-түрткілер қалыптасуы Оқуға ынталандыру Ынталандыру ережелерi Тiрек конспект-сөздік Сеп-түрткі (мотив) – оқушыны қандай да қалыпқа, әрекетке,
оқып-үйренуге елiктiрушi күш, ықпал.
Елiктiрушi сеп-түрткілерi (мотивация) – оқушының бел-
сендi танымдық iс-әрекетке араласуына ықпал жасаушы
үдерiстер, әдістер, шаралардың жалпы атамасы.
Сеп-түрткілер тобы (группы мотивов):
–
кең әлеуметтiк сеп-түрткілер – борыш, жауапкерлiк,
оқудың әлеуметтiк маңызын түсiну, тұлғаның оқып-үйрену
арқылы қоғамда өз орнын иелеп, бекуi, өз әлеуметтiк беделiн
көтеруi.
–
Тар әлеуметтiк (бiр бағытты)
сеп-түрткілер болашақта
лауазымға жету, төңіректегiлердің көзіне түсу, еңбек табысына
қол жеткiзу, мадаққа ұмтылу.
–
Әлеуметтiк қатынас, қызметтестiкке (сотрудничес-
тво) араласу (арақатынастар түзуге ұмтылыс, сыныптағы өз
рөлi мен бағыт-беделiн бекiту мен көтерудi нысандау).
–
Кең танымдық сеп-түрткілер, яғни оқып-үйрену
үдерiсiнiң өзi мен оның нәтижесiнен қанағат, ләззат алу.
–
Оқу-танымдық сеп-түрткілер (бiлiм iздеу, жинақтау
жолдарын үйренуге ұмтылу, нақты пәндi бiлiп алуға ниет қою.
150
–
өзiндiк бiлiм көтеру, сауат ашу (самообразование)
сеп- түрткілерi (қосымша бiлiмдердi игеруге бағыт қою).
Сыртқы сеп-түрткілер – педагогтар, ата-аналар, сынып,
тұтастай қоғам ықпалдары, олар келесi формаларда әрекетке
келуi мүмкін: сыбыр, ым, талап, нұсқау, қамшылау, зорлау.