Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет108/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Оқулықтар мен оқу құралдары
Оқу мазмұны толығымен оқу әдебиеттерiнде берiледi. 
Бұлар: мектеп оқулықтары, оқу құралдары, анықтамалар
қосымша оқу кiтаптары, карталар, жаттығулар жинақтары, бас-
па негiзде жасалған дәптерлер және т.б. Оқудың нәтижелiлiгi 
– оқу әдебиеттерiнің сапасына байланысты. 
Оқулық
– пән бойынша бiлiмдердің негiзгi көзi. Бұл күнгi 
оқулықтарға өте үлкен талаптар қойылуда. Олар оқушылардың 
оқу үдерісiне саналы және белсендi қатынасын қамтамасыз 
етiп, оқу материалының толық игерiлуiне ықпал етуi қажет. 
Осы қызметтердi орындауға байланысты оқулық келесi 
дидактикалық мiндеттердің шешiмiмен айналысады: 
– ұсынылған пәндi игеруге ынталандыру, оқу жұмысына 
қызығу және ұнамды қатынас сеп-түрткілерін ояту;
– оқушылардың бiлiмiн мүмкін болған ақпараттық 
тәсiлдермен байыту және жетiлдiру;
– оқу барысы және оның нәтижесiн тексеру, өзiндiк бағалау 
және реттеу жұмыстарын ұйымдастыру, қажеттi ептiлiктер мен 


146
дағдыларды қалыптастыру үшiн берiлген жаттығуларды орын-
дау;
Iзгiлiктi (гуманистiк) тұлға қалыптастыруға бағытталған оқу 
жобасының негiзгi принциптерi төмендегiдей:
– бiрлiктi қызмет ұйымдастырудың формасы – диалог. 
Оқулық осыдан мұғалiм мен оқушы арасындағы сұхбат-әңгіменi 
жүргізу үшiн керектi тапсырмалар, жұптасып, топтасып, бүкiл 
сынып болып (фронталь) және жеке-дара тапсырыстар орын-
дайтын жұмыстарды қамтиды. 
– тапсырыстар таңдау еркiндiгi. Осыдан еркiн таңдастыру, 
мiндеттi және қосымша материалдар болу жағдайларын 
қарастыру шарт.
– оқушылардың мүмкіндiктерi мен дайындық деңгейiне сай 
келуi;
– мүмкін болғанша ұтымды (оптималь) көлем;
– құрылым анықтығы, түр-түс және шрифттiк ажыралулар, 
сондай-ақ сапалы полиграфия;
– жiктеулi оқу мүмкіндiктерi;
– ұнамды шарттар көздерi;
– қабылданған тұжырымдамаларға сәйкестiк;
– оқу әрекетiн ұйымдастыру үлгiсiн беру мақсатында 
мұғалiмге нақты педагогикалық технологияға сай түзiлiм 
ұсыну.
Сонымен бiрге, жақсы оқулық оқу мазмұнына қойылатын 
барша талаптарға сай, оқушылар үшiн қызықты, қысқа да 
нұсқа, түсiнiктi, әдемi өрнектелген, эстетикалық тартымды 
болуы керек. Ол сондай-ақ тұрақты әрi қолданымда қолайлы 
болғаны жөн. Тұрақтылық талабына орай оқулық мызғымас 
негiзде құрастырылуы қажет. Ал қолданымдағы қолайлылығы 
(мобильность) – қажет болған уақытта оған негiзгi құрылымды 
бұзбастан жаңа бiлiмдердi енгiзу мүмкіндiгiнің болуы. Осыны 
көздей отырып, оқулықты топтық (блоктық) құрылым жүйесiнде 
жасаған жөн, себебi қажет кезде қосымша ендiруге, керек болса 
– кеңейтуге болады. Оқу кiтаптарына қойылатын талаптар көп 
қырлы әрi қайшылықты, осыдан бүкiл дүниеде өркениет өрiсiмен 
бiрге жүрердей жақсы оқулықтар кемде-кем. Экономикалық 
дамудағы елдерде баламалы (параллель) оқулықтар көптеп 


147
жарық көруде, осының арқасында мұғалiмдер мен оқушылар 
оларды таңдау мүмкіндiгiне ие. 
Оқулық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет